2016 жылғы 23 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі!
2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 324-бабының 9-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің 2016 – 2020 жылдарға арналған ұлттық жоспарын бекіту және «Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 мамырдағы № 586 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1138 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 77-78-79, 585-құжат) 1-тармағының қолданылуы 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.
2. Осы қаулы 2016 жылғы 23 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов