Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 маусымдағы № 355 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «PSA» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өнімді бөлу туралы келісімдерде Қазақстан Республикасының мүддесінде әрекет ететін өкілетті орган ретінде айқындалсын.
      2. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 55-56, 544-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ережеде:
      16-тармақтың 37) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «37) өнімді бөлу туралы келісімдерде өкілетті орган ретінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған компанияның қатысу үлесін сенімгерлік басқаруды жүзеге асырады;».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов