18.05.2016

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика және Ауыл шаруашылығы министрліктерінің кейбір мәселелері туралы

      «Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық заңының 24-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті одан Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетін бөліп шығару жолымен қайта ұйымдастырылсын.
      2. Мыналар:
      1) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті болып;
      2) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің ведомстволық бағынысты республикалық мемлекеттік кәсіпорындары осы қаулыға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес қайта аталсын.
      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті осы қаулыға 1-қосымшада көрсетілген республикалық мемлекеттік кәсіпорындарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласын (аясын) басқару жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын.
      4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін (бұдан әрі – өзгерістер мен толықтырулар).
      5. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2016 жылғы 18 мамырдағы
№ 295 қаулысына   
1-қосымша      

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің қайта аталған ведомстволық бағынысты республикалық мемлекеттік кәсіпорындарының тізбесі

      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің «Ауыл шаруашылығы аэрофотогеодезиялық іздестіру мемлекеттік институты (АШАІМИ)» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің «Ауыл шаруашылығы аэрофотогеодезиялық іздестіру мемлекеттік институты (АШАІМИ)» республикалық мемлекеттік кәсіпорнына.
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің «Қазгеодезия» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің «Қазгеодезия» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.
      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің «Ұлттық картографиялық-геодезиялық қоры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің «Ұлттық картографиялық-геодезиялық қоры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2016 жылғы 18 мамырдағы
№ 295 қаулысына   
2-қосымша      

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің қайта аталған ведомстволық бағыныстағы республикалық мемлекеттік мекемелерінің тізбесі

      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің «Жобаларды мемлекеттiк ведомстводан тыс сараптау» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны («Мемсараптама РМК») Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің «Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорнына («Мемсараптама» РМК).
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің «Республикалық мемлекеттік қала құрылысын жоспарлау және кадастр орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің «Республикалық мемлекеттік қала құрылысын жоспарлау және кадастр орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2016 жылғы 18 мамырдағы
№ 295 қаулысымен  
бекітілген     

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысына:
      көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
      «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетіне» деген бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетіне».
      2. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 14, 168-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі – агроөнеркәсіптік кешен, су, балық, орман және аңшылық шаруашылығы, жер ресурстары, геодезия және картография саласында басшылық жасауды, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде өзінің құзыретіне жатқызылған қызмет саласында (бұдан әрі – реттелетін сала) мемлекеттік органдарды салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.»;
      2-тармақ мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      «5) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті» мемлекеттік мекемесі.»;
      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «14. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің миссиясы – мемлекеттік саясатты тиімді қалыптастыру, үйлестіру және іске асыру жолымен агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, су, балық, орман және аңшылық шаруашылығының, жер ресурстарының, геодезия және картографияның орнықты дамуы үшін жағдай жасау.»;
      15-тармақ мынадай мазмұндағы 11-1) және 11-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «11-1) жер ресурстарын ұтымды және тиімді басқаруды қамтамасыз ету саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру;
      11-2) геодезия және картография саласын дамыту саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру.»;
      16-тармақ мынадай мазмұндағы 434-4), 434-5), 434-6), 434-7), 434-8), 434-9),434-10), 434-11), 434-12), 434-13), 434-14), 434-15), 434-16), 434-17), 434-18), 434-19), 434-20), 434-21), 434-22), 434-23) тармақшалармен толықтырылсын:
      «434-4) жерді резервке қою қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      434-5) елді мекен шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру кезінде өтініштің, келісуші органдар қорытындысының, жер учаскесін таңдау актісінің, жер-кадастрлық жоспардың нысандарын бекітеді;
      434-6) жер учаскесіне меншік құқығына және жерді пайдалану құқығына берілетін сәйкестендіру құжаттарының нысандарын бекітеді;
      434-7) жер заңнамасын қолдану практикасын және оны жетілдіруді қорытындылайды;
      434-8) салалық көтермелеу жүйесін әзірлеп, бекітеді;
      434-9) жерді пайдалану мен қорғау мәселелерін қозғайтын республикалық маңызы бар жобалар мен схемаларға сараптама жүргізеді;
      434-10) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері паспортының нысанын бекітеді;
      434-11) жер-кадастрлық құжаттаманың құрылымын, құрамын, мазмұнын және нысандарын белгілейді;
      434-12) геодезия және картография саласындағы мемлекеттiк бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді;
      434-13) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтың жерін бөлудің жерін орналастыру жобасын келіседі;
      434-14) Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 24 баптын 1-тармағымен және 37 баптын 5-тармағымен көзделінген жағдайларда облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға және шетелдік заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін беру мәселелері жөніндегі ұсыныстарын келіседі;
      434-15) Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгi мүдделерiн ескере отырып, геодезиялық және картографиялық жұмыстардың, аэроғарыштық түсiрiлiм деректерi мен материалдарын дайындау, есепке алу, сақтау, көбейту және пайдалану тәртiбiн регламенттейтiн нұсқаулықтарды, нормалар мен қағидаларды бекiтеді;
      434-16) республикалық бюджет қаражаты есебінен орындалатын топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстар тізбесін бекітеді;
      434-17) геодезия және картография саласындағы жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық актілерді бекітеді;
      434-18) Қазақстан Республикасы Ұлттық картографиялық- геодезиялық қорының құжаттарын қалыптастыру, жинақтау, сақтау және пайдалану қағидаларын бекітеді;
      434-19) геодезиялық пункттерді қорғау, бұзу немесе қайта салу (орнын ауыстыру) туралы қағидаларды бекітеді;
      434-20) Мемлекеттік жер кадастрын жүргізу және жерді мониторингтеу тәртібін бекітеді;
      434-21) аумақтық сулар алып жатқан жер учаскелерін жасанды ғимараттар салу үшін беру қағидаларын бекітеді;
      434-22) жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскелеріне құқықтарды беру қағидаларын бекітеді;
      434-23) жерді мониторингтеуді жүргізу және оның деректерін пайдалану тәртібін бекітеді;»;
      17-тармақта:
      1) тармақша мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:
      «жер қатынастарын реттеу»;
      397) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «397) құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының орман заңнамасы, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану және ерекше күзетілетін табиғи аумақтар, жер заңнамасын, сондай-ақ геодезия және картография саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды;»;
      мынадай мазмұндағы 411-1), 411-2), 411-3), 411-4), 411-5), 411-6), 411-7), 411-8), 411-9), 411-10), 411-11), 411-12), 411-13), 411-14), 411-15), 411-16), 411-17), 411-18), 411-19), 411-20), 411-21), 411-22), 411-23), 411-24), 411-25), 411-26), 411-27), 411-28), 411-29), 411-30), 411-31), 411-32), 411-33), 411-34) тармақшалармен толықтырылсын:
      «411-1) орталық және жергiлiктi атқарушы органдармен жер қатынастарын реттеу мәселелерi бойынша өзара iс-қимыл жасасады;
      411-2) оның құзыретіне кіретін жер беру және алып қою, жерді бір санаттан екіншісіне ауыстыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын дайындайды;
      411-3) жерге мониторинг жүргiзудi ұйымдастырады;
      411-4) мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзудi және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жер баланстары деректерi негiзiнде Қазақстан Республикасының жер балансын жүргізуді ұйымдастырады;
      411-5) геодезиялық және картографиялық қызмет субъектiлерiнiң қызметiн үйлестiреді;
      411-6) Қазақстан Республикасының қауiпсiздiк мүдделерiн ескере отырып, геодезиялық және картографиялық жұмыстардың, аэроғарыштық түсiрулер деректерi мен материалдарын дайындау, есепке алу, сақтау, көбейту және пайдалану тәртiбiн регламенттейтiн нұсқаулықтардың, нормалар мен қағидалардың жобаларын әзірлейді;
      411-7) геодезиялық пункттердi бұзуға немесе қайта салуға (көшіруге) рұқсаттар береді;
      411-8) әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер арасындағы шекараның өзгерістерін, сондай-ақ жергiлiктi жердiң өзгерiстерiн және географиялық объектiлердiң атауларын көрсете отырып, кезекшi анықтамалық карта жүргiзеді;
      411-9) мемлекеттiк, арнайы және (немесе) салалық мақсаттағы геодезиялық және картографиялық жұмыстарды орындауды ұйымдастырады;
      411-10) Ұлттық картографиялық-геодезиялық қор қалыптастырады және жүргiзеді;
      411-11) геодезиялық және картографиялық қызмет субъектiлерiне жоспарланып отырған жұмыс учаскелерiндегi жергiлiктi жердiң геодезиялық және картографиялық тұрғыдан зерделенгендiгi туралы мәлiметтер береді;
      411-12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес геодезиялық өлшеу құралдарының бiрлiгi мен дәлдiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтi жүзеге асырады;
      411-13) мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзу мен жер мониторингтеудің дұрыстығын мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;
      411-14) пайдаланылмайтын не Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жерлердi анықтау және мемлекеттiк меншiкке қайтару мәселелерi жөніндегі облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;
      411-15) құзыреті шегінде анықталған жер заңнамасын, сондай-ақ геодезия және картография саласындағы заңнаманы бұзушылықтарды жою бойынша орындалуы мiндеттi нұсқамалар береді;
      411-16) Қазақстан Республикасы Жер кодексiнiң 148-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетiлген мәселелер бойынша сотқа талап-арыз дайындайды және ұсынады;
      411-17) геодезиялық және картографиялық қызметті мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      411-18) жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;
      411-19) құзыреті шегінде анықталған геодезиялық және картографиялық жұмыстарды ұйымдастыру мен орындау тәртiбiн бұзушылықтарды жою, сондай-ақ көрсетiлген жұмыстарды немесе аэроғарыштық түсiрілімдерді жүргiзу нәтижесiнде алынған геодезиялық және картографиялық материалдар мен деректердi шоғырландыру, есепке алу, сақтау, пайдалану және iске асыру жөніндегі талапты енгізеді;
      411-20) құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының геодезия және картография саласындағы заңнамасының бұзылу фактiлерi анықталған кезде геодезиялық және картографиялық жұмыстарды тоқтата тұрады;
      411-21) геодезиялық пункттердi есепке алуды жүргізеді және олардың сақталуын қамтамасыз етудi бақылайды;
      411-22) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк жер кадастрындағы жерді пайдаланушылар мен жер учаскелерi бойынша салық қызметi органдарына мәлiметтер береді;
      411-23) геодезиялық және картографиялық қызметтiң басталуы туралы хабарлама берген субъектiлер тiзiлiмiн жүргiзеді;
      411-24) жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалардың тізілімін қалыптастырады және рұқсаттар жүргізеді;
      411-25) аэротүсiрiлiм жұмыстарын жүргiзуге рұқсаттарды тiркейді, есепке алады және береді;
      411-26) метрологиялық бақылау мен геодезиялық және картографиялық жабдықтарға, аспаптар мен құрал-жабдықтарға бақылау жүргiзеді;
      411-27) суармалы егiстiктi суарылмайтын алқап түрлерiне ауыстыру жөнiндегi материалдарды келiседі;
      411-28) Қазақстан Республикасы Ұлттық картографиялық- геодезиялық қорының материалдары мен деректерiн қайтару мерзiмiн белгiлейді;
      411-29) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiмен өзара келісілген жұмыс жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасының қорғанысы мен ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесіндегі геодезиялық және картографиялық қызметті жүзеге асырады;
      411-30) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасының және жергiлiктi жерлерде әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер шекараларының дұрыс көрсетiлуiн және олардың картографиялық материалдарда көрсетiлуiн бақылайды;
      411-31) су объектiлерiнде және (немесе) су қорғау аймақтарында (су қорғау белдеулерін қоспағанда) жаңа объектілерді (ғимараттарды, құрылыстарды, олардың кешендерін және коммуникацияларды) жобалауды, салуды және орналастыруды, сондай-ақ олар алып жатқан жер учаскелері су қорғау аймақтарына және белдеулерге немесе өзге де ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызылғанға дейін тұрғызылған қолданыстағы объектілерді реконструкциялауды (кеңейтуді, жаңғыртуды, техникалық қайта жарақтандыруды, қайта бейіндеуді) келіседі;
      411-32) жер ресурстарын, орман және өзге де өсiмдiктер әлемi ресурстарын, жануарлар дүниесi ресурстарын пайдалану кезiнде қойылатын экологиялық талаптарды келiседі;
      411-33) жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық манызы бар қалалардың уәкілеттік органдары жер қатынастарын реттеу саласындағы қабылдаған шешімдерінің заңдылығын бақылайды;
      411-34) республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар жүргізетін топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстардың бағаларын бекітеді;»;
      «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың және ведомстволардың тізбесі» деген бөлімде:
      «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар» деген 1-тарау мынадай мазмұндағы 21, 22, 23-тармақтармен толықтырылсын:
      «21. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің «Ауыл шаруашылығы аэрофотогеодезиялық іздестіру мемлекеттік институты (АШАІМИ)» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      22. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің «Қазгеодезия» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      23. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің «Ұлттық картографиялық-геодезиялық қоры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.».
      3. «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысына:
      көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
      4-бөлімде:
      мына:
      «

4

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі, оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:

10728

                                                                »

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «

4

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:

10681

                                                                »;

      8-бөлімде:
      мына:
      «

8

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:

9517

                                                                »

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «

8

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:

9564

                                                                ».

      4. «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 59-60, 555-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ережеде:
      1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) өңірлік даму, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту, жеке кәсіпкерлікті дамыту және қолдау, өзін-өзі реттеу, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй қатынастары және коммуналдық шаруашылық, елді мекендердің шекарасы (шектері) шегінде сумен жабдықтау және су бұру, электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау және газбен жабдықтау салаларындағы мемлекеттік реттеу;»;
      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті;»;
      «Міндеттері» деген 15-тармақта:
      19)20) тармақшалар алып тасталсын;
      «Орталық аппараттың функциялары» деген 16-тармақта:
      209), 210-1), 210-2), 210-3), 211), 212), 213), 214), 215), 216), 217), 218), 219), 220) тармақшалар алып тасталсын;
      225) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «225) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй-коммуналдық саласы кадрларына қажеттілікті айқындау;»;
      306)307)308)309)311)312)313)314) тармақшалар алып тасталсын;
      «Ведомстволардың функциялары» деген 17-тармақта:
      32), 33), 34), 35), 36), 37), 38), 39), 40), 41), 42), 43), 44), 45), 47), 48), 49), 50), 52), 53), 54), 55), 56), 57), 58), 59), 60), 61), 61-1), 62), 63), 64), 65), 66), 67), 68), 69), 70), 71), 72), 266-37) тармақшалар алып тасталсын;
      «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі» деген бөлім осы өзгерістер мен толықтыруларға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің кейбір    
шешімдеріне енгізілетін
өзгерістер мен     
толықтыруларға     
қосымша        

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

      1. «Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны («Мемсараптама» РМК).
      2. «Республикалық мемлекеттік қала құрылысын жоспарлау және кадастр орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      3. «Қазақ Суарнажоба» акционерлік қоғамы.
      4. «Қазақ ғылыми-зерттеу және құрылыс пен сәулет жобалау институты» акционерлік қоғамы.
      5. «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» акционерлік қоғамы.
      6. «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту қоры» акционерлік қоғамы.


Дата вступления в силу:  18.05.2016
Дата изменения акта:  18.05.2016
Дата принятия акта:  18.05.2016
Информация об официальном опубликовании акта:  Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 31, 175-құжат. Басуға қол қойылған күні 19.06.2016 ж.
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  103000000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  102711
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  295
Статус акта:  new
Сфера правоотношений:  001006000000
Форма акта:  ПОСТ
Юридическая сила:  1000
Язык акта:  kaz