Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 55-56, 544-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Энергетика министрлiгі туралы ережеде:
1) 16-тармақта:
мынадай мазмұндағы 121-1), 121-2), 121-3), 121-4), 121-5), 121-6), 121-7), 121-8), 121-9), 121-10), 121-11), 121-12), 121-13), 121-14), 121-15), 121-16), 121-17), 121-18) және 121-19) тармақшалармен толықтырылсын:
«121-1) ядролық материалдарды және ядролық қондырғыларды физикалық қорғау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
121-2) иондандырушы сәулелену көздерін және сақтау пункттерін физикалық қорғау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
121-3) ядролық және радиациялық қондырғыларды пайдаланудан шығару қағидаларын әзірлейді;
121-4) Қазақстан Республикасының аумағында Атом энергиясы жөнiндегi халықаралық агенттiктің инспекцияларын ұйымдастыру тәртібін әзірлейді;
121-5) ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
121-6) ядролық материалдарды мемлекеттік есепке алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
121-7) иондандырушы сәулелену көздерін мемлекеттік есепке алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
121-8) радионуклидті көздермен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
121-9) ядролық және радиациялық аварияларға ден қоюдың ұлттық жоспарын әзірлейді;
121-10) ядролық материалдарды тасымалдау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
121-11) радиоактивті заттарды және радиоактивті қалдықтарды тасымалдау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
121-12) ядролық қондырғыларды және көму пункттерін орналастыру алаңын таңдау қағидаларын әзірлейді;
121-13) ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүргізу қағидаларын әзірлейді;
121-14) атом энергиясын пайдаланатын объектілерде жұмыс істейтін персоналдың біліктілігін арттыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
121-15) атом энергиясын пайдаланатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
121-16) Қазақстан Республикасының Үкіметіне халыққа және (немесе) қоршаған ортаға қауіпсіздік қаупі туындаған жағдайда ядролық қондырғыларды мерзімінен бұрын пайдаланудан шығару немесе көму пункттерін жабу туралы ұсыныс енгізеді;
121-17) көліктік қаптама комплектілерінің конструкцияларын бекіту тәртібін айқындайды;
121-18) радиоактивті қалдықтарды және пайдаланылған ядролық отынды жинауды, сақтауды және көмуді ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
121-19) атом энергиясын пайдалану объектілерінде жұмыс істейтін персоналдың біліктілік талаптарын бекітеді;»;
2) 17-тармақта:
47) тармақша алып тасталсын;
48) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«48) атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;»;
49) тармақша алып тасталсын;
53), 54) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«53) атом энергиясын пайдалану саласындағы экспорттық бақылауды жүзеге асырады;
54) ядролық материалдарды және иондандырушы сәулелену көздерін мемлекеттік есепке алуды жүргізеді;»;
мынадай мазмұндағы 54-1), 54-2), 54-3), 54-4), 54-5), 54-6), 54-7), 54-8), 54-9), 54-10) және 54-11) тармақшалармен толықтырылсын:
«54-1) ядролық материалдарды, иондандырушы сәулелену көздерін мемлекеттік есепке қою немесе мемлекеттік есептен шығару туралы шешім қабылдайды;
54-2) ядролық және арнайы ядролық емес материалдардың, иондандырушы сәулелену көздерінің жабдықтардың, қондырғылары, технологиялары, екіұдай (мақсаттағы) пайдаланылатын жабдық және оларды шығаруға байланысты жұмыстардың тиісті тауарлар мен технологиялардың, жұмыстар, көрсетілетін қызметтердің экспорты мен импортын экспорттық бақылау саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның лицензия беруін келіседі;
54-3) сарапшы ұйым ұсынған ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жататын есептеу әдістемесін келіседі;
54-4) көліктік қаптама комплектілерінің конструкцияларын бекітеді, сондай-ақ басқа елдердің уәкілетті органдары бекіткен, Қазақстан Республикасының аумағында оларға сертификаттар-рұқсаттар күшін қолданады;
54-5) ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік, ядролық қаруды таратпау режимін қамтамасыз ету және ядролық сынақтарды мониторингтеу бойынша зерттеулерді ұйымдастырады;
54-6) атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар үшін атом энергиясы пайдаланылатын объектінің Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасында белгіленген ядролық, радиациялық, ядролық физикалық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін растау әдістері мен тәсілдеріне қатысты әдістемелік ұсынымдар әзірлейді және бекітеді;
54-7) әртүрлі радиоизотоптар үшін шекті белсенділік шамасының мәнін белгілейді;
54-8) иондандырушы сәулелену көздерінің бар-жоғы, орын ауыстыруы және орналасқан жері туралы алынған ақпаратқа талдау мен салыстыруды жүзеге асырады және оны иондандырушы сәулелену көздерінің тізіліміне енгізеді;
54-9) атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттауды жүргізеді;
54-10) ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеуден өткізеді;
54-11) ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын аккредиттелген ұйымдардың тізілімін жүргізеді;».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов