"Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 1007 қаулысы

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігінің 24.06.2016 № 835 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына сәйкес Шиелі ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Шиелі аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
      3. Қаулының орындалуын бақылау Шиелі ауданы әкімінің орынбасары Т.Жағыпбаровқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Аудан әкімі Қ. Сәрсенбаев

  Шиелі ауданы әкімдігінің
2015 жылғы "15" желтоқсандағы
№ 679 қаулысымен бекітілген

"Шиелі аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. "Шиелі аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі аудан аумағында ауыл шаруашылығы саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Шиелі аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып Шиелі ауданының әкімдігі табылады.
      3. "Шиелі ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Шиелі аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Шиелі аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Шиелі аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Шиелі аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен бұйрық түрінде актілер шығарады. 
      8. "Шиелі аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 120700, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі кенті, Т.Рұсқұлов көшесі №6 А
      10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Шиелі аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      "Шиелі аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс кестесі:
      дүйсенбі мен жұма аралығында аптасына 5 (бес) күн жұмыс істейді;
      жұмыс уақыты жергілікті уақыт бойынша сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін. Сағат: 13.00-ден 15.00-ге дейін үзіліс.
      сенбі және жексенбі күндері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мереке күндері жұмыс істемейді.
      11. Осы Ереже "Шиелі аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Шиелі аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру мемлекеттік бюджеттерінен жүзеге асырылады.
      13. "Шиелі аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен бөлімнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Шиелі аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне зағнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. "Шиелі аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы:
      Агроөнеркәсіптік кешені салаларының бәсекеге қабілеттілігін сапалы жаңа деңгейге жеткізу мен экономикалық өсуге жәрдемдесу мақсатында агроөнеркәсіптік кешені және ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы мемлекеттің аграрлық саясатын іске асыру.
      15. Міндеттері:
      1) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру;
      2) ауылдық аумақтарды дамыту, егіншілік, тұқым шаруашылығын реттеу;
      16. Функциялары: 
      1) агроөнеркәсiптiк кешен субъектілерiн Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңына және басқа да нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес мемлекеттiк қолдауды жүзеге асыру;
      2) агроөнеркәсiптiк кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік техникалық инспекцияны жүзеге асыру;
      3) ауылдық аумақтарды дамытудың мониторингін жүргізу;
      4) елді мекендерде ауыл шаруашылығы малын ұстау мен жаюдың ережелерiн әзiрлеу;
      5) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртiппен ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiруді жүргiзудi, мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды) салуды, күтіп-ұстау мен реконструкциялауды ұйымдастыру;
      6) агроөнеркәсіптiк кешен мен ауылдық аумақтар саласында жедел ақпарат жинауды жүргiзу және оны облыстық жергiлiктi атқарушы органына (әкiмдiгiне) беру;
       7) тиісті өңірде азық-түлік тауарлары қорларын есепке алуды жүргізу және облыстық жергiлiктi атқарушы органдарына (әкiмдiктерiне) есептілік ұсыну;
      8) ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін және тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарды Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген әлеуметтік қолдау шараларын қолдану жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
      9) "Агроөнеркәсіп кешеніндегі үздік кәсіп иесі" конкурсын өткізу;
      10)жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасында жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді.
      11) қолданыстағы заңнамаға сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асырады.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдар сұратуға және алуға; 
      құзыреті шегінде құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу;
      қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
      2) жеке және заңды тұлғалардың жолдаған өтініштерін қарауға, олардың орындалуын бақылауға, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен олар бойынша жауаптар беруге;
      жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыруға;
      заңды және негiзделген шешiмдер ќабылдауға;
      қабылданған шешiмдердiң орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге;
      қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де міндеттерді іске асыруға міндетті.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. "Шиелі аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшылықты "Шиелі аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
      19. "Шиелі аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. "Шиелі аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын қызметкерлері болады.
      21. "Шиелі аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттілігі:
      1) бөлім қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;
      2) бөлімді мемлекеттік органдар мен басқа ұйымдарда білдіреді;
      3) бөлім бұйрықтарына қол қояды;
      4) қолданыстағы заңнамаға сәйкес бөлім қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      5) қолданыстағы заңнамаға сәйкес бөлім қызметкерлерін марапаттайды және тәртіптік жазалау шараларын қабылдайды;
      6) бөлімдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшін дербес жауапты болады;
      7) гендерлік теңдік саясатын жүзеге асыру жұмыстарын ұйымдастырады;
      8) бөлімнің атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
      9) шарттар жасасады;
      10) сенімхаттар береді;
      11) өз қызметін ұйымдастыру және оның ішкі тәртібі мәселелері бойынша регламент қабылдайды;
      12) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау кестесін бекітеді;
      13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
      "Шиелі аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      22. Басшы өз қызметкерлерінің өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
      23. "Шиелі аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басшы басқарады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      24. "Шиелі аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      "Шиелі аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      25. "Шиелі аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.
      26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Шиелі аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату

      27. "Шиелі аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.