"Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 380 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 989 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 380 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 40, 521-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру қағидаларында:
      4-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген аурулар тізбесіне сәйкес денсаулық жағдайына байланысты ата-ана құқықтарын жүзеге асыра алмайтын адамдарды;»;
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Органның балаларды асырап алуға беруге рұқсат беруі үшін қызмет тәртібі мен құрамын Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы айқындайтын комиссияның (бұдан әрі – комиссия) қорытындысы негіз болып табылады.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К.Мәсімов