21.11.2015

Білім беру саласындағы лицензиарларды айқындау туралы

      "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.08.2022 № 581 қаулысымен.

      1. Мыналар:

      1) Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті кадрларды даярлау бағыттары және оқу нысандары бойынша жоғары білім, кадрларды даярлау бағыттары және оқу нысандары бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру үшін бiлiм беру саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беруді жүзеге асыру жөніндегі лицензиар;

      2)  Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті діни білім беру үшін бiлiм беру саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беруді жүзеге асыру жөніндегі лицензиар;

      3) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің аумақтық білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменттері бастауыш білім, негізгі орта білім, жалпы орта білім, біліктіліктер бойынша техникалық және кәсіптік білім, мамандықтар топтары бойынша әскери, арнаулы оқу орындары үшін, біліктіліктер бойынша орта білімнен кейінгі білім беру үшін бiлiм беру саласындағы қызметке лицензия беруді жүзеге асыру жөніндегі лицензиарлар;

      4) осы қаулыға қосымшаға сәйкес өтініш берушінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі бөлігінде білім беру қызметімен айналысуға лицензия беруді келісетін мемлекеттік органдар болып айқындалсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.08.2022 № 581 қаулысымен.

      2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:

      1) "Білім беру қызметін лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 28 ақпандағы № 195 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж, № 18, 311-құжат);

      2) "Білім және ғылым саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту және "Білім беру қызметін лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 28 ақпандағы № 195 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 мамырдағы № 549 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 36, 341-құжат).

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 21 қарашадағы
№ 934 қаулысына
қосымша

Өтініш берушінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі бөлігінде білім беру қызметімен айналысуға лицензия беруді келісетін мемлекеттік органдар

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.08.2022 № 581 қаулысымен.

Р/с №

Мемлекеттік орган

Лицензияланатын қызмет түрі

Лицензияланатын кіші қызмет түрі

Лицензиар

1

2

3

4

5

1

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті

білім беру қызметі

кадрлар даярлау бағыттары және оқу нысандары бойынша жоғары білім беру

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті

кадрлар даярлау бағыттары және оқу нысандары бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру

2

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті

білім беру қызметі

діни білім беру

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті

3

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері

білім беру қызметі

бастауыш білім беру

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің аумақтық білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменттері

негізгі орта білім беру

жалпы орта білім беру

біліктіліктер бойынша техникалық және кәсіптік білім беру, мамандықтар топтары бойынша – әскери, арнаулы оқу орындары үшін

біліктіліктер бойынша орта білімнен кейінгі білім беру, мамандықтар топтары бойынша – әскери, арнаулы оқу орындары үшін

     

Дата вступления в силу:  21.11.2015
Дата изменения акта:  19.08.2022
Дата принятия акта:  21.11.2015
Информация об официальном опубликовании акта:  "Егемен Қазақстан" 10.12.2015 ж., № 237 (28715); "Казахстанская правда" от 10.12.2015 г., № 237 (28113); Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 57-58, 468-құжат. Басуға қол қойылған күні 23.12.2015 ж.; ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі, 08.04.2016 ж.
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  103000000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  95640
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  934
Статус акта:  upd
Сфера правоотношений:  021000000000 / 005004002000 / 001008000000
Форма акта:  ПОСТ
Юридическая сила:  1000
Язык акта:  kaz