21.08.2015

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2015 жылғы 21 тамыздағы
№ 656 қаулысына   
қосымша       

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. «Үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия тиімділігі сыныбын айқындау және қайта қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1117 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 68, 982-құжат).
      2. «Энергия аудитін және (немесе) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру сараптамасын жүзеге асыратын кадрларды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру, сондай-ақ энергия менеджменті жүйесін құру, енгізу және ұйымдастыру жөніндегі оқу орталықтары қызметінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 11 қыркүйектегі № 1179 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 70, 1016-құжат).
      3. «Үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың және олардың қоршау конструкцияларының бөлігі болып табылатын элементтерінің энергия тиімділігі жөніндегі талаптарды белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 11 қыркүйектегі № 1181 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 70, 1018-құжат).
      4. «Энергия тұтынудың нормативтерін бекіту және «Энергия тұтыну нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қаңтардағы № 50 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 қазандағы № 1346 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 75-76, 1104-құжат).


Дата вступления в силу:  21.08.2015
Дата изменения акта:  21.08.2015
Дата принятия акта:  21.08.2015
Информация об официальном опубликовании акта:  "Егемен Қазақстан" 03.08.2015 ж., № 167 (28645);,"Казахстанская правда" от 03.08.2015 г., № 167 (28043); Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 45, 353-құжат. Басуға қол қойылған күні 17.09.2015 ж.; ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі, 25.05.2016 ж.
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  103000000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  93125
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  656
Статус акта:  new
Сфера правоотношений:  008002000000 / 001008000000
Форма акта:  ПОСТ
Юридическая сила:  1000
Язык акта:  kaz