Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 12 маусымдағы № 430 қаулысы

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 206-бабына сәйкес республикалық бюджеттің тапшылығын қаржыландыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2015 жылы кемінде 500 (бес жүз) миллион АҚШ долларына балама мөлшерде мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар (мемлекеттік қазынашылық міндеттемелер) шығарылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі:
      1) елдің кредиттік рейтингін жаңарту, инвесторларды тарту мақсатында мемлекеттік бағалы қағаздар шығару нарығы мен әріптестерін айқындау жөнінде іс-шаралар ұйымдастыру мен өткізуді;
      2) осындай мәміле үшін белгіленген талаптарға сәйкес қажетті құжаттамалар дайындауды;
      3) мемлекеттік бағалы қағаздарды орналастырудан республикалық бюджетке қаражаттың түсуін қамтамасыз етуді;
      4) шығарылым әріптестеріне комиссиялық сыйақы түрінде көрсетілген қызметтердің ақысын төлеуді қамтамасыз етуді;
      5) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды жүзеге асырсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов