Басым жобалар бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квоталар белгілеу және басым жобаларды іске асыру үшін шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат берудің шарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 296 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес басым жобалар бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға квоталар белгіленсін.

      2. Қоса беріліп отырған:

      1) "Рельс-арқалық зауытын салу" басым жобасын (өтініш беруші – "Ақтөбе рельс-арқалық зауыты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі) іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттары;

      2) "Инновациялық технология бойынша өңделген шойын ала отырып темір кенін өндіру және қайта өңдеу" басым жобасын (өтініш беруші – "Bapy Mining" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі) іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттары;

      3) "Цемент зауытын салу" басым жобасын (өтініш беруші – "Көкше-Цемент" өндірістік бірлестігі" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі) іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттары;

      4) "Рудный қаласында цемент зауытын салу" басым жобасын (өтініш беруші – "Рудный цемент зауыты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі) іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттары;

      5) "Цемент зауытын жаңғырту" басым жобасын (өтініш беруші – "Шымкентцемент" акционерлік қоғамы) іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттары;

      6) "Темір жолға арналған доңғалақтар өндірісі бойынша кешен салу" басым жобасын (өтініш беруші – "Проммашкомплект" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі) іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттары;

      7) "Инновациялық технологияларды пайдалана отырып, жоғары көмiртектi феррохром өндiрiсiн ұлғайту" басым жобасын (өтініш беруші – "Қазхром" трансұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы) іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттары бекітілсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 25 сәуірдегі
№ 296 қаулысына
қосымша

Басым жобалар бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квоталар

Р/с №

Жобаның атауы

Өтініш беруші

Іске асыру орны

Іске асыру мерзімі

Квота, адам

Жыл

Барлығы

1

2

3

4

5

6

7

1.

Рельс-арқалық зауытын салу

"Ақтөбе рельс-арқалық зауыты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы

2012 – 2015 ж.ж.

2015

35

2.

Инновациялық технология бойынша өңделген шойын ала отырып темір кенін өндіру және қайта өңдеу

"Bapy Mining" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi

Алматы облысы, Текелі қаласы

2013 – 2015 ж.ж.

2015

61

3.

Цемент зауытын салу

"Көкше-Цемент" өндірістік бірлестігі" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Ақмола облысы, Еңбекшілдер ауданы, Заозерное ауылы

2005 – 2015 ж.ж.

2015

239

4.

Рудный қаласында цемент зауытын салу

"Рудный цемент зауыты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қостанай облысы, Рудный қаласы

2010 – 2015 ж.ж.

2015

250

5.

Цемент зауытын жаңғырту

"Шымкентцемент" акционерлік қоғамы

Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы

2014 – 2016 ж.ж.

2015

300

2016

300

6.

Темір жолға арналған доңғалақтар өндірісі бойынша кешен салу

"Проммашкомплект" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Павлодар облысы, Екібастұз қаласы

2014 – 2016 ж.ж.

2015

40

2016

40

7.

Инновациялық технологияларды пайдалана отырып, жоғары көмiртектi феррохром өндiрiсiн ұлғайту

"Қазхром" трансұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы

Ақтөбе облысы, Хромтау қаласы

2012 – 2019 ж.ж.

2015

60

2016

60

2017

60

2018

60

2019

60

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 25 сәуірдегі
№ 296 қаулысымен
бекітілген

"Рельс-арқалық зауытын салу" басым жобасын
(өтініш беруші – "Ақтөбе рельс-арқалық зауыты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі) іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттары

      1. Аумағында басым жоба іске асырылатын әкімшілік-аумақтық бірліктің уәкiлеттi органына жұмыс берушi не ол уәкiлеттiк берген тұлға ұсынатын шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған өтінішке қоса берілетін құжаттарда мыналар қамтылуға тиіс:

      1) тегi, аты, әкесiнiң аты (оның iшiнде латын әрiптерiмен), туған күнi, азаматтығы, паспортының (жеке басын куәландыратын құжаттың) нөмiрi, берiлген күнi және оны берген орган, тұрақты тұратын елi, шыққан елi, бiлiмi, еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекiтетiн Қазақстан Республикасында қолданылатын басшылар, мамандар және басқа да қызметшiлер лауазымдарының бiлiктiлiк анықтамалығына, ұйымдардың басшылары, мамандары мен басқа да қызметшiлерi лауазымдарының үлгiлiк бiлiктiлiк сипаттамаларына, жұмысшылардың жұмыстары мен кәсiптерiнiң бiрыңғай тарифтiк-бiлiктiлiк анықтамалығына, жұмысшылар кәсiптерiнiң тарифтiк-бiлiктiлiк сипаттамаларына және 01-99 "Кәсiптер сыныптауышы" Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сыныптауышына сәйкес мамандығының, бiлiктiлiгiнiң (лауазымының) атаулары көрсетiле отырып, тартылатын шетелдiк қызметкерлер туралы мәлiметтер;

      2) Қазақстан Республикасының күшiне енген халықаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен заңдастырылған бiлiмi туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған аудармалары (егер құжат мемлекеттiк немесе орыс тiлiнде толтырылған болса, көшiрмелерi);

      3) оның бұрын iстеген жұмыс берушiсiнiң ресми бланкiсiндегі қызметкердiң еңбек қызметi туралы жазбаша растауы немесе Қазақстан Республикасында танылатын өзге де растаушы құжаттар қоса берiлген, қызметкердiң еңбек қызметi туралы ақпарат (тиiстi кәсiп бойынша жұмыс өтілі жөнiнде бiлiктiлiк талаптары болған кезде);

      4) басым жобаны іске асыруға қатысуы туралы куәландыратын шарттан нотариалды расталған үзiндi не салыстырып тексеру үшін түпнұсқаны ұсынумен көшірмесі (мердiгерлік және қосалқы мердiгерлік ұйымдар үшін).

      2. Шетелдік қызметкерлердің келуі "Халықтың көші-қоны туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабында көзделген шарттар сақталған кезде жүзеге асырылады.

      3. Үшінші және төртінші санаттар бойынша рұқсаттар алынған шетелдік қызметкерлерді басқа әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердің аумағында орналасқан кәсіпорындарға, ұйымдарға іссапарға жіберуге болмайды.

      4. Шетелдік жұмыс күшін тартудың осы шарттармен реттелмеген өзге де талаптары "Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу қағидаларын және Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің қағидалары мен шарттарын бекіту және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 45 қаулысымен бекітілген Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру қағидаларында және шарттарында регламенттеледі.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 25 сәуірдегі
№ 296 қаулысымен
бекітілген

"Инновациялық технология бойынша өңделген шойын ала отырып темір кенін өндіру және қайта өңдеу" басым жобасын(өтініш беруші – "Bapy Mining" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі) іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттары

      1. Аумағында басым жоба іске асырылатын әкімшілік-аумақтық бірліктің уәкiлеттi органына жұмыс берушi не ол уәкiлеттiк берген тұлға ұсынатын шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған өтінішке қоса берілетін құжаттарда мыналар қамтылуға тиіс:

      1) тегi, аты, әкесiнiң аты (оның iшiнде латын әрiптерiмен), туған күнi, азаматтығы, паспортының (жеке басын куәландыратын құжаттың) нөмiрi, берiлген күнi және оны берген орган, тұрақты тұратын елi, шыққан елi, бiлiмi, еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекiтетiн Қазақстан Республикасында қолданылатын басшылар, мамандар және басқа да қызметшiлер лауазымдарының бiлiктiлiк анықтамалығына, ұйымдардың басшылары, мамандары мен басқа да қызметшiлерi лауазымдарының үлгiлiк бiлiктiлiк сипаттамаларына, жұмысшылардың жұмыстары мен кәсiптерiнiң бiрыңғай тарифтiк-бiлiктiлiк анықтамалығына, жұмысшылар кәсiптерiнiң тарифтiк-бiлiктiлiк сипаттамаларына және 01-99 "Кәсiптер сыныптауышы" Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сыныптауышына сәйкес мамандығының, бiлiктiлiгiнiң (лауазымының) атаулары көрсетiле отырып, тартылатын шетелдiк қызметкерлер туралы мәлiметтер;

      2) Қазақстан Республикасының күшiне енген халықаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен заңдастырылған бiлiмi туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған аудармалары (егер құжат мемлекеттiк немесе орыс тiлiнде толтырылған болса, көшiрмелерi);

      3) оның бұрын iстеген жұмыс берушiсiнiң ресми бланкiсiндегі қызметкердiң еңбек қызметi туралы жазбаша растауы немесе Қазақстан Республикасында танылатын өзге де растаушы құжаттар қоса берiлген, қызметкердiң еңбек қызметi туралы ақпарат (тиiстi кәсiп бойынша жұмыс өтілі жөнiнде бiлiктiлiк талаптары болған кезде);

      4) басым жобаны іске асыруға қатысуы туралы куәландыратын шарттан нотариалды расталған үзiндi не салыстырып тексеру үшін түпнұсқаны ұсынумен көшірмесі (мердiгерлік және қосалқы мердiгерлік ұйымдар үшін).

      2. Уәкілетті органның жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беруі мынадай қатынастар сақталған кезде жүзеге асырылады:

      1) "Инновациялық технология бойынша өңделген шойын ала отырып темір кенін өндіру және қайта өңдеу" басым жобасын іске асыру үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының саны "Bapy Mining" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі, бас мердігерлік және олардың қосалқы мердігерлік ұйымдарындағы екінші санатқа жатқызылатын қызметкерлердің тізімдік санының 70 %-ынан кем болмауы тиіс;

      2) "Инновациялық технология бойынша өңделген шойын ала отырып темір кенін өндіру және қайта өңдеу" басым жобасын іске асыру үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының саны "Bapy Mining" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі, бас мердігерлік және олардың қосалқы мердігерлік ұйымдарындағы үшінші, төртінші санатқа жатқызылатын қызметкерлердің тізімдік санының 50 %-ынан кем болмауы тиіс.

      3. Шетелдік қызметкерлердің келуі "Халықтың көші-қоны туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабында көзделген шарттар сақталған кезде жүзеге асырылады.

      4. Үшінші және төртінші санаттар бойынша рұқсаттар алынған шетелдік қызметкерлерді басқа әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердің аумағында орналасқан кәсіпорындарға, ұйымдарға іссапарға жіберуге болмайды.

      5. Шетелдік жұмыс күшін тартудың осы шарттармен реттелмеген өзге де талаптары "Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу қағидаларын және Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің қағидалары мен шарттарын бекіту және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 45 қаулысымен бекітілген Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру қағидаларында және шарттарында регламенттеледі.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 25 сәуірдегі
№ 296 қаулысымен
бекітілген

"Цемент зауытын салу" басым жобасын (өтініш беруші – "Көкше-Цемент" өндірістік бірлестігі" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі) іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттары

      1. Аумағында басым жоба іске асырылатын әкімшілік-аумақтық бірліктің уәкiлеттi органына жұмыс берушi не ол уәкiлеттiк берген тұлға ұсынатын шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған өтінішке қоса берілетін құжаттарда мыналар қамтылуға тиіс:

      1) тегi, аты, әкесiнiң аты (оның iшiнде латын әрiптерiмен), туған күнi, азаматтығы, паспортының (жеке басын куәландыратын құжаттың) нөмiрi, берiлген күнi және оны берген орган, тұрақты тұратын елi, шыққан елi, бiлiмi, еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекiтетiн Қазақстан Республикасында қолданылатын басшылар, мамандар және басқа да қызметшiлер лауазымдарының бiлiктiлiк анықтамалығына, ұйымдардың басшылары, мамандары мен басқа да қызметшiлерi лауазымдарының үлгiлiк бiлiктiлiк сипаттамаларына, жұмысшылардың жұмыстары мен кәсiптерiнiң бiрыңғай тарифтiк-бiлiктiлiк анықтамалығына, жұмысшылар кәсiптерiнiң тарифтiк-бiлiктiлiк сипаттамаларына және 01-99 "Кәсiптер сыныптауышы" Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сыныптауышына сәйкес мамандығының, бiлiктiлiгiнiң (лауазымының) атаулары көрсетiле отырып, тартылатын шетелдiк қызметкерлер туралы мәлiметтер;

      2) Қазақстан Республикасының күшiне енген халықаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен заңдастырылған бiлiмi туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған аудармалары (егер құжат мемлекеттiк немесе орыс тiлiнде толтырылған болса, көшiрмелерi);

      3) оның бұрын iстеген жұмыс берушiсiнiң ресми бланкiсiндегі қызметкердiң еңбек қызметi туралы жазбаша растауы немесе Қазақстан Республикасында танылатын өзге де растаушы құжаттар қоса берiлген, қызметкердiң еңбек қызметi туралы ақпарат (тиiстi кәсiп бойынша жұмыс өтілі жөнiнде бiлiктiлiк талаптары болған кезде);

      4) басым жобаны іске асыруға қатысуы туралы куәландыратын шарттан нотариалды расталған үзiндi не салыстырып тексеру үшін түпнұсқаны ұсынумен көшірмесі (мердiгерлік және қосалқы мердiгерлік ұйымдар үшін).

      2. Уәкілетті органның жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беруі мынадай қатынасы сақталған кезде жүзеге асырылады:

      1) "Цемент зауытын салу" басым жобасын іске асыру үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының саны "Көкше-Цемент" өндірістік бірлестігі" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі, бас мердігерлік және олардың қосалқы мердігерлік ұйымдарындағы үшінші, төртінші санатқа жатқызылатын қызметкерлердің тізімдік санының 60 %-ынан кем болмауы тиіс.

      3. Шетелдік қызметкерлердің келуі "Халықтың көші-қоны туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабында көзделген шарттар сақталған кезде жүзеге асырылады.

      4. Үшінші және төртінші санаттар бойынша рұқсаттар алынған шетелдік қызметкерлерді басқа әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердің аумағында орналасқан кәсіпорындарға, ұйымдарға іссапарға жіберуге болмайды.

      5. Шетелдік жұмыс күшін тартудың осы шарттармен реттелмеген өзге де талаптары "Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу қағидаларын және Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің қағидалары мен шарттарын бекіту және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 45 қаулысымен бекітілген Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру қағидаларында және шарттарында регламенттеледі.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 25 сәуірдегі
№ 296 қаулысымен
бекітілген

"Рудный қаласында цемент зауытын салу" басым жобасын
(өтініш беруші – "Рудный цемент зауыты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі) іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттары

      1. Аумағында басым жоба іске асырылатын әкімшілік-аумақтық бірліктің уәкiлеттi органына жұмыс берушi не ол уәкiлеттiк берген тұлға ұсынатын шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған өтінішке қоса берілетін құжаттарда мыналар қамтылуға тиіс:

      1) тегi, аты, әкесiнiң аты (оның iшiнде латын әрiптерiмен), туған күнi, азаматтығы, паспортының (жеке басын куәландыратын құжаттың) нөмiрi, берiлген күнi және оны берген орган, тұрақты тұратын елi, шыққан елi, бiлiмi, еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекiтетiн Қазақстан Республикасында қолданылатын басшылар, мамандар және басқа да қызметшiлер лауазымдарының бiлiктiлiк анықтамалығына, ұйымдардың басшылары, мамандары мен басқа да қызметшiлерi лауазымдарының үлгiлiк бiлiктiлiк сипаттамаларына, жұмысшылардың жұмыстары мен кәсiптерiнiң бiрыңғай тарифтiк-бiлiктiлiк анықтамалығына, жұмысшылар кәсiптерiнiң тарифтiк-бiлiктiлiк сипаттамаларына және 01-99 "Кәсiптер сыныптауышы" Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сыныптауышына сәйкес мамандығының, бiлiктiлiгiнiң (лауазымының) атаулары көрсетiле отырып, тартылатын шетелдiк қызметкерлер туралы мәлiметтер;

      2) Қазақстан Республикасының күшiне енген халықаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен заңдастырылған бiлiмi туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған аудармалары (егер құжат мемлекеттiк немесе орыс тiлiнде толтырылған болса, көшiрмелерi);

      3) оның бұрын iстеген жұмыс берушiсiнiң ресми бланкiсiндегі қызметкердiң еңбек қызметi туралы жазбаша растауы немесе Қазақстан Республикасында танылатын өзге де растаушы құжаттар қоса берiлген, қызметкердiң еңбек қызметi туралы ақпарат (тиiстi кәсiп бойынша жұмыс өтілі жөнiнде бiлiктiлiк талаптары болған кезде);

      4) басым жобаны іске асыруға қатысуы туралы куәландыратын шарттан нотариалды расталған үзiндi не салыстырып тексеру үшін түпнұсқаны ұсынумен көшірмесі (мердiгерлік және қосалқы мердiгерлік ұйымдар үшін).

      2. Уәкілетті органның жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беруі мынадай қатынасы сақталған кезде жүзеге асырылады:

      1) "Рудный қаласында цемент зауытын салу" басым жобасын іске асыру үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының саны "Рудный цемент зауыты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі, бас мердігерлік және олардың қосалқы мердігерлік ұйымдарындағы үшінші, төртінші санатқа жатқызылатын қызметкерлердің тізімдік санының 55 %-ынан кем болмауы тиіс.

      3. Шетелдік қызметкерлердің келуі "Халықтың көші-қоны туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабында көзделген шарттар сақталған кезде жүзеге асырылады.

      4. Үшінші және төртінші санаттар бойынша рұқсаттар алынған шетелдік қызметкерлерді басқа әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердің аумағында орналасқан кәсіпорындарға, ұйымдарға іссапарға жіберуге болмайды.

      5. Шетелдік жұмыс күшін тартудың осы шарттармен реттелмеген өзге де талаптары "Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу қағидаларын және Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің қағидалары мен шарттарын бекіту және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 45 қаулысымен бекітілген Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру қағидаларында және шарттарында регламенттеледі.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 25 сәуірдегі
№ 296 қаулысымен
бекітілген

"Цемент зауытын жаңғырту" басым жобасын
(өтініш беруші – "Шымкентцемент" акционерлік қоғамы) іске асыру
үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттары

      1. Аумағында басым жоба іске асырылатын әкімшілік-аумақтық бірліктің уәкiлеттi органына жұмыс берушi не ол уәкiлеттiк берген тұлға ұсынатын шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған өтінішке қоса берілетін құжаттарда мыналар қамтылуға тиіс:

      1) тегi, аты, әкесiнiң аты (оның iшiнде латын әрiптерiмен), туған күнi, азаматтығы, паспортының (жеке басын куәландыратын құжаттың) нөмiрi, берiлген күнi және оны берген орган, тұрақты тұратын елi, шыққан елi, бiлiмi, еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекiтетiн Қазақстан Республикасында қолданылатын басшылар, мамандар және басқа да қызметшiлер лауазымдарының бiлiктiлiк анықтамалығына, ұйымдардың басшылары, мамандары мен басқа да қызметшiлерi лауазымдарының үлгiлiк бiлiктiлiк сипаттамаларына, жұмысшылардың жұмыстары мен кәсiптерiнiң бiрыңғай тарифтiк-бiлiктiлiк анықтамалығына, жұмысшылар кәсiптерiнiң тарифтiк-бiлiктiлiк сипаттамаларына және 01-99 "Кәсiптер сыныптауышы" Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сыныптауышына сәйкес мамандығының, бiлiктiлiгiнiң (лауазымының) атаулары көрсетiле отырып, тартылатын шетелдiк қызметкерлер туралы мәлiметтер;

      2) Қазақстан Республикасының күшiне енген халықаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен заңдастырылған бiлiмi туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған аудармалары (егер құжат мемлекеттiк немесе орыс тiлiнде толтырылған болса, көшiрмелерi);

      3) оның бұрын iстеген жұмыс берушiсiнiң ресми бланкiсiндегі қызметкердiң еңбек қызметi туралы жазбаша растауы немесе Қазақстан Республикасында танылатын өзге де растаушы құжаттар қоса берiлген, қызметкердiң еңбек қызметi туралы ақпарат (тиiстi кәсiп бойынша жұмыс өтілі жөнiнде бiлiктiлiк талаптары болған кезде);

      4) басым жобаны іске асыруға қатысуы туралы куәландыратын шарттан нотариалды расталған үзiндi не салыстырып тексеру үшін түпнұсқаны ұсынумен көшірмесі (мердiгерлік және қосалқы мердiгерлік ұйымдар үшін).

      2. Шетелдік қызметкерлердің келуі "Халықтың көші-қоны туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабында көзделген шарттар сақталған кезде жүзеге асырылады.

      3. Үшінші және төртінші санаттар бойынша рұқсаттар алынған шетелдік қызметкерлерді басқа әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердің аумағында орналасқан кәсіпорындарға, ұйымдарға іссапарға жіберуге болмайды.

      4. Шетелдік жұмыс күшін тартудың осы шарттармен реттелмеген өзге де талаптары "Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу қағидаларын және Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің қағидалары мен шарттарын бекіту және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 45 қаулысымен бекітілген Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру қағидаларында және шарттарында регламенттеледі.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 25 сәуірдегі
№ 296 қаулысымен
бекітілген

"Темір жолға арналған доңғалақтар өндірісі бойынша кешен салу" басым жобасын (өтініш беруші – "Проммашкомплект" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі) іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттары

      1. Аумағында басым жоба іске асырылатын әкімшілік-аумақтық бірліктің уәкiлеттi органына жұмыс берушi не ол уәкiлеттiк берген тұлға ұсынатын шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған өтінішке қоса берілетін құжаттарда мыналар қамтылуға тиіс:

      1) тегi, аты, әкесiнiң аты (оның iшiнде латын әрiптерiмен), туған күнi, азаматтығы, паспортының (жеке басын куәландыратын құжаттың) нөмiрi, берiлген күнi және оны берген орган, тұрақты тұратын елi, шыққан елi, бiлiмi, еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекiтетiн Қазақстан Республикасында қолданылатын басшылар, мамандар және басқа да қызметшiлер лауазымдарының бiлiктiлiк анықтамалығына, ұйымдардың басшылары, мамандары мен басқа да қызметшiлерi лауазымдарының үлгiлiк бiлiктiлiк сипаттамаларына, жұмысшылардың жұмыстары мен кәсiптерiнiң бiрыңғай тарифтiк-бiлiктiлiк анықтамалығына, жұмысшылар кәсiптерiнiң тарифтiк-бiлiктiлiк сипаттамаларына және 01-99 "Кәсiптер сыныптауышы" Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сыныптауышына сәйкес мамандығының, бiлiктiлiгiнiң (лауазымының) атаулары көрсетiле отырып, тартылатын шетелдiк қызметкерлер туралы мәлiметтер;

      2) Қазақстан Республикасының күшiне енген халықаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен заңдастырылған бiлiмi туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған аудармалары (егер құжат мемлекеттiк немесе орыс тiлiнде толтырылған болса, көшiрмелерi);

      3) оның бұрын iстеген жұмыс берушiсiнiң ресми бланкiсiндегі қызметкердiң еңбек қызметi туралы жазбаша растауы немесе Қазақстан Республикасында танылатын өзге де растаушы құжаттар қоса берiлген, қызметкердiң еңбек қызметi туралы ақпарат (тиiстi кәсiп бойынша жұмыс өтілі жөнiнде бiлiктiлiк талаптары болған кезде);

      4) басым жобаны іске асыруға қатысуы туралы куәландыратын шарттан нотариалды расталған үзiндi не салыстырып тексеру үшін түпнұсқаны ұсынумен көшірмесі (мердiгерлік және қосалқы мердiгерлік ұйымдар үшін).

      2. Уәкілетті органның жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беруі мынадай қатынастар сақталған кезде жүзеге асырылады:

      1) "Темір жолға арналған доңғалақтар өндірісі бойынша кешен салу" басым жобасын іске асыру үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының саны "Проммашкомплект" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі, бас мердігерлік және олардың қосалқы мердігерлік ұйымдарындағы бірінші, екінші санатқа жатқызылатын қызметкерлердің тізімдік санының 70 %-ынан кем болмауы тиіс;

      2) "Темір жолға арналған доңғалақтар өндірісі бойынша кешен салу" басым жобасын іске асыру үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының саны "Проммашкомплект" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі, бас мердігерлік және олардың қосалқы мердігерлік ұйымдарындағы үшінші санатқа жатқызылатын қызметкерлердің тізімдік санының 55 %-ынан кем болмауы тиіс.

      3. Шетелдік қызметкерлердің келуі "Халықтың көші-қоны туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабында көзделген шарттар сақталған кезде жүзеге асырылады.

      4. Үшінші және төртінші санаттар бойынша рұқсаттар алынған шетелдік қызметкерлерді басқа әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердің аумағында орналасқан кәсіпорындарға, ұйымдарға іссапарға жіберуге болмайды.

      5. Шетелдік жұмыс күшін тартудың осы шарттармен реттелмеген өзге де талаптары "Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу қағидаларын және Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің қағидалары мен шарттарын бекіту және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 45 қаулысымен бекітілген Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру қағидаларында және шарттарында регламенттеледі.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 25 сәуірдегі
№ 296 қаулысымен
бекітілген

"Инновациялық технологияларды пайдалана отырып, жоғары көмiртектi феррохром өндiрiсiн ұлғайту" басым жобасын (өтініш беруші – "Қазхром" трансұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы) іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттары

      1. Аумағында басым жоба іске асырылатын әкімшілік-аумақтық бірліктің уәкiлеттi органына жұмыс берушi не ол уәкiлеттiк берген тұлға ұсынатын шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған өтінішке қоса берілетін құжаттарда мыналар қамтылуға тиіс:

      1) тегi, аты, әкесiнiң аты (оның iшiнде латын әрiптерiмен), туған күнi, азаматтығы, паспортының (жеке басын куәландыратын құжаттың) нөмiрi, берiлген күнi және оны берген орган, тұрақты тұратын елi, шыққан елi, бiлiмi, еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекiтетiн Қазақстан Республикасында қолданылатын басшылар, мамандар және басқа да қызметшiлер лауазымдарының бiлiктiлiк анықтамалығына, ұйымдардың басшылары, мамандары мен басқа да қызметшiлерi лауазымдарының үлгiлiк бiлiктiлiк сипаттамаларына, жұмысшылардың жұмыстары мен кәсiптерiнiң бiрыңғай тарифтiк-бiлiктiлiк анықтамалығына, жұмысшылар кәсiптерiнiң тарифтiк-бiлiктiлiк сипаттамаларына және 01-99 "Кәсiптер сыныптауышы" Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сыныптауышына сәйкес мамандығының, бiлiктiлiгiнiң (лауазымының) атаулары көрсетiле отырып, тартылатын шетелдiк қызметкерлер туралы мәлiметтер;

      2) Қазақстан Республикасының күшiне енген халықаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен заңдастырылған бiлiмi туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған аудармалары (егер құжат мемлекеттiк немесе орыс тiлiнде толтырылған болса, көшiрмелерi);

      3) оның бұрын iстеген жұмыс берушiсiнiң ресми бланкiсiндегі қызметкердiң еңбек қызметi туралы жазбаша растауы немесе Қазақстан Республикасында танылатын өзге де растаушы құжаттар қоса берiлген, қызметкердiң еңбек қызметi туралы ақпарат (тиiстi кәсiп бойынша жұмыс өтілі жөнiнде бiлiктiлiк талаптары болған кезде);

      4) басым жобаны іске асыруға қатысуы туралы куәландыратын шарттан нотариалды расталған үзiндi не салыстырып тексеру үшін түпнұсқаны ұсынумен көшірмесі (мердiгерлік және қосалқы мердiгерлік ұйымдар үшін).

      2. Шетелдік қызметкерлердің келуі "Халықтың көші-қоны туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабында көзделген шарттар сақталған кезде жүзеге асырылады.

      3. Үшінші және төртінші санаттар бойынша рұқсаттар алынған шетелдік қызметкерлерді басқа әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердің аумағында орналасқан кәсіпорындарға, ұйымдарға іссапарға жіберуге болмайды.

      4. Шетелдік жұмыс күшін тартудың осы шарттармен реттелмеген өзге де талаптары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 27 маусымдағы № 559 бұйрығымен бекітілген Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарында (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 29 тамызда № 14170 болып тіркелген) регламенттеледі.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 04.06.2018 № 315 қаулысымен.