20.03.2015

"Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын немесе онымен келісім бойынша тағайындалатын лауазымды адамдар бойынша кадр мәселелерін шешу тетігін жетілдірудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 16 шілдедегі № 784 қа

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын немесе онымен келісім бойынша тағайындалатын лауазымды адамдар бойынша кадр мәселелерін шешу тетігін жетілдірудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 16 шілдедегі № 784 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын немесе онымен келісім бойынша тағайындалатын саяси мемлекеттік қызметшілер мен өзге де лауазымды тұлғалар лауазымдарының тізбесі осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын немесе онымен келісім бойынша тағайындалатын мемлекеттік саяси қызметшілер мен өзге де лауазымды адамдарды қызметке келісу, қызметке тағайындау және қызметтен босату тәртібі туралы ереже осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      3) көрсетілген қаулымен бекітілген Премьер-Министрдің ұсынысы (ұсынымы) немесе оның келісімі бойынша бірінші басшылары қызметке тағайындалатын немесе қызметтен босатылатын ұлттық холдингтердің, компаниялардың, даму институттарының, мемлекеттік жоғары оқу орындарының тізімі осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2015 жылғы 20 наурыздағы
№ 153 қаулысына   
1-қосымша      

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2002 жылғы 16 шілдедегі
№ 784 қаулысымен   
бекітілген     

Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын немесе онымен келісім бойынша тағайындалатын саяси мемлекеттік қызметшілер мен өзге де лауазымды тұлғалар лауазымдарының
ТІЗБЕСІ

Лауазымы

Кім тағайындайды

Кім ұсынады

Кіммен келісіледі
(ұсыным берген)

1

2

3

4

Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы

Үкімет

Премьер-Министр


Орталық атқарушы органдардың жауапты хатшылары

Президент

Әкімшілік басшысы

Премьер-Министрмен

Қорғаныс, Сыртқы істер, Ішкі істер, Әділет министрлерінің орынбасарларынан басқа, министрлердің орынбасарлары (вице-министрлер)

Үкімет

министрлер

Президентпен немесе оның тапсырмасы бойынша Әкімшілік Басшысымен

Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының орынбасарлары

Премьер-Министр

Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы


Премьер-Министр Кеңсесі құрылымдық бөлімшелерінің басшылары

Премьер-Министр

Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы


Премьер-Министр Кеңсесінің құрылымдық бөлімшелері басшыларының орынбасарлары, бас инспекторлар, Премьер-Министрдің кеңесшілері мен көмекшілері

Премьер-Министр

Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы


Премьер-Министрдің штаттан тыс кеңесшілері

Премьер-Министр

Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы


Ішкі істер және Сыртқы істер министрліктерін қоспағанда, министрліктер комитеттерінің төрағалары

министрлер


Премьер-Министрмен немесе оның тапсырмасы бойынша Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысымен, Әкімшілік Басшысымен

Ішкі істер және Сыртқы істер министрліктерін қоспағанда, орталық атқарушы органдар комитеттері төрағаларының орынбасарлары

жауапты хатшылар**

комитеттер төрағалары

Премьер-Министрмен немесе оның тапсырмасы бойынша Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысымен

Құқық қорғау қызметіне жетекшілік ететін орынбасарын қоспағанда, Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасарлары

Министр

комитет төрағасы

Премьер-Министрмен немесе оның тапсырмасы бойынша Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысымен, Әкімшілік Басшысымен

Мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік хабтың Басқарушы комитетінің төрағасы

Үкімет

БҰҰДБ тұрақты өкілі


Ядролық зерттеулер біріккен институтына мүше-мемлекеттердің өкілетті өкілдер комитетіндегі (Дубна қаласы) Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілетті өкілі

Үкімет

Энергетика министрі


Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын мемлекеттік жоғары оқу орындарының бірінші басшылары*

Президент

министрлер

Премьер-Министрмен, Әкімшілік Басшысымен

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы*

Үкімет


Президентпен

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы

Үкімет


Президентпен немесе оның тапсырмасы бойынша Әкімшілік Басшысымен

«Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі», «ҚазАгро» ұлттық басқару холдингі» акционерлік қоғамдарының басқарма төрағалары*

тиісті холдингтердің директорлар кеңестері

Премьер-Министр

Әкімшілік Басшысымен

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамына кіретін жекелеген ұлттық даму институттарының және ұлттық компанияларының басқарма төрағалары*

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының басқармасы

Премьер-Министр

Әкімшілік Басшысымен

«Бәйтерек» ұлттық басқару холдингі», «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі», «ҚазАгро» ұлттық басқару холдингі» акционерлік қоғамдарына кіретін жекелеген ұлттық компаниялардың басқарма төрағалары

директорлар кеңестері

Холдингтердің басқарма төрағаларымен

Премьер-Министрмен немесе оның тапсырмасы бойынша Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысымен

Холдингтердің құрамына кірмейтін жекелеген ұлттық компаниялардың басқарма төрағалары

директорлар кеңестері

Премьер-Министр


«Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы, «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы ұлттық компаниясы», «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы», «Astana» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы», «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы», «Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы», «Есіл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы», «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы», «Павлодар» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы», «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы», «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы», «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы», «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы», «Орал» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамдарының басқарма төрағалары

директорлар кеңестері

Облыстар, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

Премьер-Министрмен немесе оның тапсырмасы бойынша Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысымен

Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы сауда өкілі

Үкімет

Ұлттық экономика министрі

Президентпен

Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы сауда өкілінің орынбасарлары

Үкімет

Ұлттық экономика министрі

Президентпен

Қазақстан Республикасы Ұлттық мұражайының директоры

Президент

Мәдениет және спорт министрі

Премьер-Министрмен, Әкімшілік Басшысымен

«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басшысы

Президент

Мәдениет және спорт министрі

Премьер-Министрмен, Әкімшілік Басшысымен

      Ескертпе:
      * Бірінші басшылары Премьер-Министрдің ұсынысы (ұсынымы) бойынша немесе оның келісімі бойынша қызметке тағайындалатын немесе қызметтен босатылатын ұлттық холдингтердің, компаниялардың, даму институттарының, мемлекеттік жоғары оқу орындарының осы қаулымен бекітілген тізімге сәйкес осы кадрлар «Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің немесе оның тапсырмасы бойынша оның Әкімшілігі Басшысының міндетті түрде келісімінен өтеді.
      * «Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органының жауапты хатшысының мәртебесі мен өкілеттіктері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 27 шілдедегі № 372 Жарлығына сәйкес жауапты хатшы еңбек қатынастары мәселесі заңнамалық актілерге сәйкес жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, ведомстволар басшылары тағайындау үшін ұсынған ведомстволар басшыларының орынбасарларын тағайындайды.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2015 жылғы 20 наурыздағы
№ 153 қаулысына   
2-қосымша      

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2002 жылғы 16 шілдедегі
№ 784 қаулысымен   
бекітілген     

Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын немесе онымен келісім бойынша тағайындалатын мемлекеттік саяси қызметшілер мен өзге де лауазымды адамдарды қызметке келісу, қызметке тағайындау және қызметтен босату тәртібі туралы ереже

      1. Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын немесе онымен келісім бойынша тағайындалатын мемлекеттік саяси қызметшілер мен өзге де лауазымды адамдарды қызметке тағайындау немесе қызметтен босату туралы ұсыныстарды тиісті мемлекеттік органның басшысы, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің мемлекеттік қызметшілерін Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы ұсынылып отырған тағайындау немесе босату себептері мен дәлелдерін көрсете отырып, жазбаша нысанда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің (бұдан әрі - Премьер-Министр) қарауына енгізеді.
      Мемлекеттік және өзге де лауазымға тағайындау және/немесе тағайындауды келісу үшін ұсынысқа:
      1) қағаз және электронды тасымалдағышта мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша түрлі-түсті суретімен қызметтік тізім;
      2) кандидаттың өтініші;
      3) жеке куәлік көшірмесі;
      4) кадрлар есебі жөніндегі жеке парақ;
      5) өмірбаян;
      6) білімі, берілген ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтар туралы дипломдардың көшірмелері;
      7) мөлшері 3x4 см 4 фотосурет;
      8) кандидаттың лауазымға орналасуы үшін арнайы тексеруден өткені туралы анықтама;
      9) мемлекеттік қызметшінің мүлкін сенімді басқару шартының нотариалды куәландырылған көшірмесі (қажет болған кезде);
      10) мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті органның «А» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметінің кадр резервіне қою туралы бұйрығынан үзінді («А» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметінің лауазымдарына тағайындаған кезде) қоса берілуі тиіс.
      «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне жататын лауазымға ротациялау шеңберінде тағайындауды келісу ресіміне қажетті құжаттар тізбесі Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне ротация жүргізу ережесінде айқындалады.
      Мемлекеттік және өзге де лауазымнан босату және/немесе босатуды келісу үшін:
      1) босатудың нақты себептері мен дәлелдері көрсетілген ұсыныс;
      2) қағаз және электронды тасымалдағышта мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша түрлі-түсті суретімен қызметтік тізім;
      3) өтініш (лауазымнан өз еркімен босатылған жағдайда) ұсынылуы тиіс.
      Почта арқылы келіп түсетін пакеттерде «Кадрлар» деген мөртаңба қойылып, пакет міндетті түрде нөмірленеді. Премьер-Министр Кеңсесінің Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі пакетті Премьер-Министр Кеңсесі Басшылығының Хатшылығына (бұдан әрі - Басшылық Хатшылығы) ашпай береді.
      Басшылық Хатшылығына келіп түскен құжаттар тіркелген және зерделенген соң алдын-ала келісу үшін Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысына (бұдан әрі - Кеңсе Басшысы) беріледі, ол өз кезегінде тағайындауға немесе босатуға кандидаттар туралы Премьер-Министрге жеке баяндайды. Осы ереженің талаптарына сәйкес келмеген жағдайда құжаттар тиісті мемлекеттік органның басшысына қайтарылуы мүмкін. Мұндай құжаттарды қабылдау бөлмелерінің мамандары немесе көмекшілері арқылы беруге рұқсат етілмейді.
      2. Тағайындауға не атқарып отырған қызметінен босатуға ұсынылатын кадрларды Премьер-Министрдің немесе Кеңсе Басшысының тапсырмасы бойынша Премьер-Министрдің тиісті орынбасарлары мен Премьер-Министр Кеңсесінің бөлімдері алдын ала зерделеуі мүмкін. Ұсынылған материалдарды талдау барысында қызметке тағайындалатын немесе қызметтен босатылатын лауазымды тұлғаның іскерлік және жеке қабілеттерін оны Премьер-Министр Кеңсесіне әңгімелесуге шақыру арқылы зерделенеді, қосымша құжаттар сұратылуы мүмкін.
      3. Премьер-Министрдің келісімін алғаннан кейін Басшылық Хатшылығы кадрларды тағайындауға немесе босатуға Кеңсе Басшысына берілетін қаулы дайындайды. Кеңсе Басшысы оларды Премьер-Министрге қол қоюға енгізеді.
      4. Үкіметтің келісімі бойынша тағайындалатын кадрлар бойынша келісу нәтижесі ұсынысқа қарар түрінде ресімделеді және тиісті орталық атқарушы органға беріледі.
      5. «Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Президентімен немесе оның тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі (бұдан әрі — Президент Әкімшілігі) Басшысымен келісім бойынша тағайындалуы немесе босатылуы тиіс мемлекеттік қызметшілер жөніндегі тиісті орталық атқарушы органның басшысы қол қойған және Басшылық Хатшылығына енгізілген ұсыныстар Кеңсе Басшысында және Премьер-Министрде алдын ала келісілгеннен кейін тағайындауға немесе қызметтен босатуға келісім беру туралы ұсыныс хатпен Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөліміне беріледі. Ол Президент Әкімшілігінде келісуді ұйымдастырады, содан кейін Басшылық Хатшылығына ұсынылып отырған не босатылатын кандидатура жөнінде жауапты хабарлайды.
      Келісу рәсімі аяқталған соң қызметке тағайындау не қызметтен босату туралы дайындалған құжаттарды Кеңсе Басшысы Премьер-Министрге қол қоюға енгізеді.
      6. Жоспарлы ротация шеңберінде мемлекеттік әкімшілік қызметтің «А» корпусына жатқызылған лауазымға тағайындау Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне ротация жүргізу ережелерінде көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2015 жылғы 20 наурыздағы
№ 153 қаулысына   
3-қосымша      

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2002 жылғы 16 шілдедегі
№ 784 қаулысымен   
бекітілген     

Премьер-Министрдің ұсынысы (ұсынымы) немесе оның келісімі бойынша бірінші басшылары қызметке тағайындалатын немесе қызметтен босатылатын ұлттық холдингтердің, компаниялардың, даму институттарының, мемлекеттік жоғары оқу орындарының
ТІЗІМІ

1.

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ

2.

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ

3.

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ

4.

«Қазақтелеком» АҚ

5.

«Қазпочта» АҚ

6.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ

7.

«KEGOC» АҚ

8.

«Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ

9.

«Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы» АҚ

10.

«Эйр Астана» АҚ

11.

«Самұрық-Энерго» АҚ

12.

«Бәйтерек» ұлттық басқару холдингі» АҚ

13.

«Қазақстан даму банкі» АҚ

14.

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ

15.

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ

16.

«Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ

17.

«Стрессті активтер қоры» АҚ

18.

«Қазақстан ипотекалық компаниясы» Ипотекалық ұйымы» АҚ

19.

«Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ

20.

«Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» АҚ

21.

«Kazsatnet» ҰК» АҚ

22.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ

23.

«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ

24.

«Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» АҚ

25.

«КазАгроФинанс» АҚ

26.

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ

27.

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ

28.

«Казгеология» ұлттық геологиялық барлау компаниясы» АҚ

29.

«Кәсіпқор» холдингі» АҚ

30.

«Kaznex Invest» экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігі» АҚ

31.

«Қазақ ақпарат агенттігі» ҰК» АҚ

32.

«СК-Фармация» ЖШС

33.

«Қазтелерадио» АҚ

34.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

35.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

36.

Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті

37.

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

38.

Қазақ ұлттық аграрлық университеті

39.

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы

40.

Қазақ ұлттық өнер университеті

41.

Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы

42.

С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
АҚ - акционерлік қоғам
ҰК - ұлттық компания
ЖШС - жауапкершілігі шектеулі серіктестік


Дата вступления в силу:  20.03.2015
Дата изменения акта:  27.12.2023
Дата принятия акта:  20.03.2015
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  103000000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  88208
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  153
Статус акта:  yts
Сфера правоотношений:  002004001000 / 001005000000 / 001008000000
Форма акта:  ИЗМ / ПОСТ
Юридическая сила:  1000
Язык акта:  kaz