29.10.2014

Жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруын және газды қаруды сақтауға және алып жүруге ішкі істер органдарының тиісті рұқсаты бар жеке тұлғалардың қаруды ерікті түрде өтеулі негізде тапсыру, сондай-ақ техникалық жағынан ақаусыз жә

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.12.2015 № 1190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ішкі істер органдары қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 2-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруын және газды қаруды сақтауға және алып жүруге ішкі істер органдарының тиісті рұқсаты бар жеке тұлғалардың қаруды ерікті түрде өтеулі негізде тапсыру, сондай-ақ техникалық жағынан ақаусыз және одан әрі пайдалануға жарамды ерікті түрде өтеулі негізде тапсырылған, жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар газды ұңғысыз атыс қаруын және қаруды құқық қорғау органдарына беру қағидалары бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.12.2015 № 1190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Осы қаулы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің       
2014 жылғы 29 қазандағы
№ 1145 қаулысымен 
бекітілген     

Жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруын және газды қаруды сақтауға және алып жүруге ішкі істер органдарының тиісті рұқсаты бар жеке тұлғалардың қаруды ерікті түрде өтеулі негізде тапсыру, сондай-ақ техникалық жағынан ақаусыз және одан әрі пайдалануға жарамды ерікті түрде өтеулі негізде тапсырылған, жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруын және газды қаруды құқық қорғау органдарына беру қағидалары

      Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.12.2015 № 1190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруын және газды қаруды сақтауға және алып жүруге ішкі істер органдарының тиісті рұқсаты бар жеке тұлғалардың қаруды ерікті түрде өтеулі негізде тапсыру, сондай-ақ техникалық жағынан ақаусыз және одан әрі пайдалануға жарамды ерікті түрде өтеулі негізде тапсырылған, жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруын және газды қаруды құқық қорғау органдарына беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ішкі істер органдарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруын және газды қаруды сақтауға және алып жүруге ішкі істер органдарының тиісті рұқсаты бар жеке тұлғалардың қаруды ерікті түрде өтеулі негізде тапсыру, сондай-ақ техникалық жағынан ақаусыз және одан әрі пайдалануға жарамды ерікті түрде өтеулі негізде тапсырылған, жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруын және газды қаруды құқық қорғау органдарына беру тәртібін айқындайды.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.12.2015 № 1190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруын, газды қаруды ерікті түрде өтеулі тапсыруға жұмсалатын шығыстарды қаржыландыру осы мақсаттар үшін көзделген республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
      3. Қару иесі Астана, Алматы қалаларының және облыстардың ішкі істер департаменттерінде, қалалық, аудандық ішкі істер органдарында азаматтық қару иесі ретінде есепте тұрса және қаруды сақтау мен алып жүруге рұқсаты болса, қару тіркелген болып есептеледі.
      4. Жеке тұлғалар ерікті түрде тапсыратын жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар тіркелген ұңғысыз атыс қаруын, газды қаруды қабылдау 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін жүзеге асырылады.

2. Жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс
қаруын, газды қаруды ерікті түрде өтеулі тапсыру тәртібі

      5. Өзіне заңды негізде және ішкі істер органдарында тіркелген жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруын, газды қаруды ерікті түрде өтеулі тапсыру үшін жеке тұлға не сенімхат бойынша оның өкілі қару тіркелген орны бойынша Астана, Алматы қалаларының және облыстардың Ішкі істер департаменттеріне, қалалық, аудандық ішкі істер органына жүгінеді және мынадай құжаттарды:
      1) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруын, газды қаруды ерікті түрде өтеулі тапсыру туралы өтінішті;
      2) қаруды сақтау және алып жүру құқығына берілген рұқсаттың түпнұсқасын;
      3) жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесін;
      4) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктер және (немесе) ұйымдарда ашылған банк есепшоты нөмірі туралы мәліметті;
      5) сенімхат - осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген тәртіппен өтінішті және қажетті құжаттарды өкіл тапсырған жағдайда ұсынады.
      Егер қару иесі қаруды тіркеу (қайта тіркеу) не оны есепке қою тәртібін бұзған жағдайда, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен әкімшілік айыппұлдың төленгені туралы түбіртек ұсынылады.
      6. Қару иесі қаруды тапсыра алмаған жағдайда (ұзақ іссапар, сырқаттану), іссапарға кеткенін растайтын тиісті құжаттар, медициналық мекеменің анықтамасы, қаруды ішкі істер органдарына тапсыру және ақшалай сыйақыны алу құқығына нотариатта бекітілген сенімхат болған кезде, қару өкіл арқылы тапсырылады.
      7. Ерікті түрде өтеулі тапсыру туралы өтініш ішкі істер органдарында берілген күні тіркеледі.
      8. Ерікті түрде сыйақы үшін тапсырылатын қаруды осы Қағидалардың 5-тармағында көзделген өтінішпен және құжаттармен бірге қару иесінің қатысуымен оның жай-күйі және көзге көрінетін ақаулары көрсетілетін қаруды қабылдау актісін толтыра отырып, ішкі істер органының кезекшісі қабылдайды. Акті екі данада толтырылады - біреуі ішкі істер органдарында қалады, екіншісі - қару иесіне беріледі.
      9. Жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруын, газды қаруды ерікті түрде өтеулі тапсыру туралы өтінішті қарау мерзімі - ол тіркелген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде.
      10. Өтініш, қоса берілетін құжаттар және қару бір жұмыс күні ішінде қарудың техникалық жай-күйін айқындау және жеке тұлғаларға тапсырылған қару үшін төлем белгілеу жөніндегі Астана, Алматы қалаларының және облыстардың ішкі істер департаменттерінің, қалалық, аудандық ішкі істер органдарының жанынан арнайы құрылған комиссияларға (бұдан әрі - комиссиялар) беріледі.
      11. Комиссиялардың құрамдары Астана, Алматы қалаларының және облыстардың Ішкі істер департаменттері бастықтарының бұйрықтарымен бекітіледі және тыл және қаржылық қамтамасыз ету, азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы бақылау жөніндегі бөлімшелердің, криминалдық полиция, өзіндік қауіпсіздік, жедел-криминалистикалық және ақпараттық-талдамалық қызметтердің қызметкерлерінен тұрады.
      12. Астана, Алматы қалаларының және облыстардың ішкі істер департаменттері, қалалық, аудандық ішкі істер органдары бастығының орынбасары комиссия төрағасы болып тағайындалады.
      13. Астана, Алматы қалаларының және облыстардың ішкі істер департаменттерінің, қалалық, аудандық ішкі істер органдарының азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы бақылау жөніндегі бөлімшенің қызметкері комиссия хатшысы болып тағайындалады, ол комиссияның отырысын ұйымдастырады.
      14. Жеке тұлғалар ерікті түрде сыйақы үшін тапсыратын қаруды Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Интеграцияланған деректер банкі (бұдан әрі - ҚР ІІМ ИДБ) «Криминалдық қару» және «Тіркелген қару» есептері бойынша ақпараттық-талдау орталығының қызметкері тексереді.
      Қаруды тексеру мерзімі - сұрату түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде.
      Егер тапсырылатын қару ҚР ІІМ ИДБ «Тіркелген қару» есебінде тұрмаса, ішкі істер органдары есепке қойылмау себептерін және ұсынылған қаруды сақтауға және алып жүруге рұқсаттың түпнұсқасын белгілеу үшін тексеріс жүргізеді.
      15. Тапсырылған қару жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз, газды қару атыс қаруы болып табылатыны, сондай-ақ қарудың жарақат салатын патронмен атуға жарамдылығы немесе жарамсыздығы туралы криминалист-маманның қорытындысын алу үшін Астана, Алматы қалаларының және облыстардың Ішкі істер департаменттерінің, қалалық, аудандық ішкі істер органдарының жедел-криминалистикалық бөлімшелеріне жіберіледі.
      Сараптаманы жүргізу мерзімі - қару келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде.
      16. Комиссия хатшысы жеке тұлғаның қаруды ерікті түрде тапсыру туралы өтініші негізінде мынадай құжаттардан:
      1) қаруды ерікті түрде өтеулі тапсыру туралы өтініштен;
      2) тапсырылған қару жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруы, газды қару болып табылатыны, сондай-ақ қарудың жарақат салатын патронмен атуға жарамдылығы немесе жарамсыздығы туралы криминалист-маманның қорытындысынан;
      3) ҚР ІІМ БДБ «Криминалдық қару» және «Тіркелген қару» есептері бойынша тексеру туралы материалдардан;
      4) қару иесінің қолы қойылған қаруды қабылдау актісінен;
      5) қаруды сақтауға және алып жүруге рұқсаттан;
      6) жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесінен;
      7) осы Қағидалардың 6-тармағының 5) тармақшасында көзделген жағдайда, айыппұлдың төленгені туралы түбіртектен;
      8) сенімхаттан тұратын «Қаруды ерікті түрде өтеулі тапсыру туралы істі» (бұдан әрі - іс) қалыптастырады.
      Ескертпе. Талап етілетін құжаттар 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін ұсынылмаған жағдайда, тапсырылған қару үшін ақшалай сыйақы төленбейді.
      17. Комиссия ұсынылған материалдарды қарайды, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ерікті түрде тапсырылған қарудың санатын, сондай-ақ осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ерікті түрде тапсырылған қару үшін сыйақылар мөлшерін айқындайды.
      Криминалист-маманның қорытындысы және қаруды қабылдау актісі тапсырылатын қарудың санатын айқындау үшін негіздер болып табылады.
      18. Қаруды тапсырған жеке тұлғаларға мынадай төлем белгіленеді:
      1) 1-санатқа жатқызылған қару үшін осы Қағидаларға 2-қосымшада көзделген құнының 90 %-ы есебінен жүргізіледі;
      2) 2-санатқа жатқызылған қару үшін осы Қағидаларға 2-қосымшада көзделген құнының 70 %-ы есебінен жүргізіледі;
      3) 3-санатқа жатқызылған қару үшін осы Қағидаларға 2-қосымшада көзделген құнының 50 %-ы есебінен жүргізіледі.
      19. Комиссия қарудың техникалық жай-күйін айқындау, тапсырылған қару үшін жеке тұлғаларға төлем белгілеу немесе ақшалай сыйақыны төлеуден бас тарту туралы осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада қорытынды шығарады, оны Астана, Алматы қалаларының және облыстардың Ішкі істер департаменттерінің, қалалық, аудандық ішкі істер органдарының бастығы бекітеді және елтаңбалық мөрмен бекітіледі.
      20. Төлемді белгілеу кезінде халықтың қаруды өтеулі тапсырғаны үшін шығындарды өтеу үшін ашылған бюджет шотынан аударуды Астана, Алматы қалаларының және облыстардың Ішкі істер департаменттерінің қаржы қызметтері жүзеге асырады.
      21. Комиссия хатшысы шешім шығарылғаннан кейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей, ақшалай қаражат төлеу үшін Ішкі істер департаменттерінің қаржылық қамтамасыз ету қызметтеріне мынадай құжаттарды:
      1) Астана, Алматы қалаларының және облыстардың ішкі істер департаменттерінің, қалалық, аудандық ішкі істер органдарының бастығы бекіткен, барлық комиссия мүшелері қол қойған тапсырылған қару үшін жеке тұлғаларға төлем белгілеу туралы қорытындыны;
      2) қаруды тапсырған адамның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
      3) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктерде және (немесе) ұйымдарда ашылған банк есепшоттарының нөмірі туралы мәліметтерді жібереді.
      22. Жеке тұлға төлем сомасын оның банк шотына ақшалай қаражатты аудару арқылы алады.
      23. Егер қару:
      1) криминалист-маманның қорытындысы негізінде жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруы, газды қару, оның ішінде қайта жасалған деп танылмаған;
      2) ҚР ІМ БДБ «Криминалдық қару» есебінде тұрған;
      3) ішкі істер органдарында тіркелген және ҚР ІІМ БДБ «Тіркелген қару» есебінде басқа жеке тұлғаның атында тұрған;
      4) 2015 жылғы 31 желтоқсаннан кейін ерікті түрде тапсырылған;
      5) жеке тұлғаның сыйақы төлеусіз ерікті түрде тапсыру туралы өтініші бойынша тапсырылған;
      6) ішкі істер органдарында қызметтік қару ретінде тіркелген;
      7) ішкі істер органдарында тіркелмеген жағдайларда, комиссия ақшалай қаражатты төлеуден бас тарту туралы қорытынды шығарады.
      24. Астана, Алматы қалаларының және облыстардың ішкі істер департаменттерінің, қалалық, аудандық ішкі істер органдарының комиссиялары 3-санатқа жатқызған ерікті түрде өтеулі тапсырылған қару уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жойылуға тиіс.
      25. Жеке тұлға осы Қағидаларға 3-қосымшада атауы көзделмеген, тіркелген қаруды ерікті түрде тапсырған кезде комиссия сыйақы мөлшерін көрсетілген қосымшамен бекітілген қарудың атауы бірдей модельдерінің орташа құны бойынша белгілейді.
      Осы Қағидаларға 3-қосымшада атауы жоқ қару тапсырылған жағдайда, комиссия оның құнын техникалық сипаттамалары осы Қағидаларға 3-қосымшада атауы көрсетілген қарумен ұқсас қарудың құны бойынша айқындайды.
      Ескерту. Қағидалар 25-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 04.09.2015 № 741 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

3. Техникалық жағынан ақаусыз және одан әрі пайдалануға
жарамды ерікті түрде өтеулі негізде тапсырылған, жарақат
салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруын
және газды қаруды құқық қорғау органдарына беру тәртібі

      Ескерту. Қағидалар 3-бөліммен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2015 № 1190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      26. Техникалық жағынан ақаусыз және одан әрі пайдалануға жарамды ерікті түрде өтеулі негізде тапсырылған 1-ші және 2-ші санаттағы қаруды беру үшін құқық қорғау органының басшысы Ішкі істер министрінің атына заттай тиесілік нормаларының және өтініш берілген калибрлер негізінде есептелген жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруына және газды қаруға жиынтық қажеттілікті көрсете отырып, жазбаша өтінішхат жолдайды.
      27. Құқық қорғау органының өтінішхатын қарау бір ай мерзімде жүзеге асырылады, оның нәтижелері бойынша Ішкі істер министрінің бұйрығы шығарылады.
      28. Ішкі істер министрінің бұйрығы негізінде қару өтінішхатпен жүгінген құқық қорғау органына ІІМ теңгеріміне қабылданбай одан әрі олардың теңгеріміне қою үшін беріледі.
      29. Қаруды беру осы Қағидалардың 19-тармағында көзделген комиссия қорытындысында айқындалған оның атауы, калибрі, нөмірі, шығарылған жылы, сондай-ақ санаты мен құны көрсетіліп, қабылдап алу-беру актісі бойынша жүзеге асырылады.
      Қабылдап алу-беру актісіне тапсырушы және қабылдаушы тараптардың уәкілетті лауазымды адамдары қол қояды, оны тиісті құқық қорғау органдарының басшылары бекітеді.
      30. Астана, Алматы қалаларының және облыстардың, көліктегі ішкі істер департаменттеріне, ІІМ білім беру ұйымдарына, мамандандырылған күзет қызметінің аумақтық басқармаларына, ІІМ-ге ведомстволық бағынысты басқа да ұйымдарға қаруды беру осы Қағидалардың 262728және 29-тармақтарында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
      31. Құқық қорғау органдары қажет етпеген қару уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімде жойылуға жатады.

Жарақат салатын патрондармен ату
мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруын,
газды қаруды сақтауға және алып 
жүруге ішкі істер органдарының  
тиісті рұқсаты бар жеке тұлғалардың
қаруды ерікті түрде өтеулі негізде
тапсыру қағидаларына     
1-қосымша            

Жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс
қаруын, газды қаруды ерікті түрде тапсыру туралы өтініш

_____________________________________________________________________
                 (ішкі істер органының толық атауы)
азамат ______________________________________________________________
(жеке тұлғаның толық тегі, аты, әкесінің аты, сәйкестендіру нөмірі)
Сізден _____________________________________________________________
         (тапсырылатын қарудың атауы, оның маркасы, калибрі, нөмірі)
сыйақы төлеп/төлемей (қажеттісінің асты сызылсын) қабылдауды сұраймын.
Қаруды алып жүруге және сақтауға ____________________________________
_____________________________________________________________________
                    (рұқсатты берген ішкі істер органы)
берген 201__ жылғы «___»______________ №______ рұқсатым бар.
Мекенжайы ___________________________________________________________
        (қару иесінің пошталық индексі, облыс, қала, аудан, елді
                  мекен, көше атауы, үйдің/ғимараттың нөмірі)

_________________               ______________________________
 (қолы)                          (тегі, аты, әкесінің аты)

Толтырылған күні: 2015 жылғы « »

Жарақат салатын патрондармен ату
мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруын,
газды қаруды сақтауға және алып 
жүруге ішкі істер органдарының  
тиісті рұқсаты бар жеке тұлғалардың
қаруды ерікті түрде өтеулі негізде
тапсыру қағидаларына     
2-қосымша            

Жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс
қаруының, газды қарудың санаттары

      1. 1-санаттағы жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруына, газды қаруға:
      1) пайдалануда болмаған және техникалық ақаулықтары жоқ қару;
      2) бұрын пайдалануда болған, бірақ көрінетін немесе жасырын ақаулықтары жоқ, тауарлық түрін жоймаған қару жатады.
      2. 2-санаттағы жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруына, газды қаруға пайдалануда болмаған не пайдаланылған, одан әрі пайдалануға кедергі келтірмейтін, оларды жоюды не тораптарын және тетіктерін ауыстыруға немесе қалпына келтіруге байланысты емес жөндеу арқылы жоюды талап етпейтін жекелеген техникалық ақаулықтары немесе тауарлық түрінің ақаулары бар қару жатады.
      3. 3-санаттағы жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруына, газды қаруға негізгі тораптарының, тетіктерінің, бөлшектерінің техникалық ақаулықтары болуы салдарынан одан әрі пайдалануға жарамсыз немесе пайдалануға қауіпті, оларды жөндеу, қалпына келтіру немесе ауыстыру техникалық немесе экономикалық себептер бойынша орынсыз болатын қару жатады.

Жарақат салатын патрондармен ату
мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруын,
газды қаруды сақтауға және алып 
жүруге ішкі істер органдарының  
тиісті рұқсаты бар жеке тұлғалардың
қаруды ерікті түрде өтеулі негізде
тапсыру қағидаларына     
3-қосымша            

Ерікті түрде тапсырылған қару үшін сыйақылар мөлшері

      Ескерту. 3-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 04.09.2015 № 741 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

P/c №

Қарудың атауы

Құны

1

2

3

1

Record mod Chief cal ME 380 GUM

53200 теңге

2

Reckmod Cobra

40500 теңге

3

Reckmod 60

41400 теңге

4

blow compact 9 mm PA black тапаншасы

52800 теңге

5

blow compact 9 mm PA fume тапаншасы

57600 теңге

6

blow compact 9 mm PA satin тапаншасы

57600 теңге

7

F92 9 mm PA black тапаншасы

57600 теңге

8

F92 9 mm PA fume тапаншасы

62400 теңге

9

F92 9 mm PA satin тапаншасы

62400 теңге

10

mini 9 mm PA black тапаншасы

38400 теңге

11

mini 9 mm PA fume тапаншасы

43200 теңге

12

mini 9 mm PA nikel тапаншасы

43200 теңге

13

ТП FIRAT MAGNUM black

57600 теңге

14

ТП FIRAT MAGNUM Chrome

63600 теңге

15

ТП FIRAT MAGNUM fume

63600 теңге

16

ТП FIRAT MAGNUM White

63600 теңге

17

ТП P 29 black

52800 теңге

18

ТП SPECIAL 99 black

52800 теңге

19

ТП SPECIAL 99 Chrome

57600 теңге

20

ТП SPECIAL 99 Fume

57600 теңге

21

ТП SPECIAL 99 White

57600 теңге

22

ТП VOLGA black

49200 теңге

23

ТП VOLGA Chrome

54000 теңге

24

ТП VOLGA Fume

54000 теңге

25

ТП VOLGA White

54000 теңге

26

WALTER-P22T

70000 теңге

27

MP-81

87465 теңге

28

MP-79-9 TM.

82950 теңге

29

MP-80-13T

88700 теңге

30

MP-78-9TM

102900 теңге

31

MP-355 RFK 9 mm P.A.

253890 теңге

32

TANFOGLIO FT

88000 теңге

33

STREAMER-1014

57200 теңге

34

ATAK ARMS Mod. Смерч-925

67600 теңге

35

T-96

62400 теңге

36

БЕРКУТ (9 mm P.A.)

95700 теңге

37

MAUSER HSC Мод. 90Т NICKEL (кал. 10х22Т) (7 зарядты) #1075608

70200 теңге

38

ШАРК (кал. 9mm P.A.) (6 зарядты)

57200 теңге

39

ZVI Mod. WASP DP04 711

112350 теңге

40

ZVI Mod. WASP DP04 703

111300 теңге

41

ZVI Mod. WASP DP04 706

126000 теңге

42

ROEHM Мод. 88Т BLACK (кал. 10х22Т) (7 зарядты) #1059974

44200 теңге

43

ROEHM Мод. 88Т NICKEL (кал. 10х22Т) (7 зарядты) #1075607

53300 теңге

44

ФАНТОМ (кал. 9mm P.A.) (17 зарядты)

72800 теңге

45

ФОРТ 12T, 12TM

105357 теңге

46

ФОРТ-17Т (кал: 9mm P.A.)

96428 теңге

47

ФОРТ 17T (кал. 45 rabber)

116071 теңге

48

ФОРТ 12TM (кал. 45 rubber)

111285 теңге

49

XOPXE

147800 теңге

50

RECORD Мод. BLACK MATT (кал.: 380 ME GUM) (6 зарядты) #2509.00.00.01

44300 теңге

51

STEYR Мод. M-Al (кал. 10х28Т) (15 зарядты) қосымша оқжарағы бар

219700 теңге

52

ZVI Мод. WASP DP04 703 (қара) (кал.: 9 мм Р.А.) (6 зарядты) (сабы қара пластиктен)

137800 теңге

53

«RECK Mod. 60» cal. 380 Me Gum s/n

45000 теңге

54

ChifeSpecialReck Mod-60

78000 теңге

55

STZ Мод. PPT BLACK (кал. 9mm P.A.) (14 зарядты)

78000 теңге

56

GRAND POWER Мод. Т10 (кал. 10*22, 15 зарядты) қосымша оқжарағы бар тапаншасы

105600 теңге

57

GRAND POWER Мод. T12 (кал. 10х28Т, 15 зарядты) қосымша оқжарағы бар тапаншасы

124690 теңге

58

GRAND POWER Мод. T910 тапаншасы (кал. 10*22Т, 15 зарядты) қосымша оқжарағы бар

123500 теңге

59

RAND POWER Мод. T910 тапаншасы (кал. 9мм Р.А. 15 зарядты) қосымша оқжарағы бар

99750 теңге

60

Shark (9мм Р.А) 6 зарядты тапаншасы

50600 теңге

61

газды FratelliTanfoglio FT 9мм PA S.A. тапаншасы кал. 9 мм

88000 теңге

62

Mofl.STREAMER-1014 Matte CHROME (9мм P.A.) (сабы қара пластиктен) тапаншасы

50600 теңге

63

ATAK ARMS MoaSTREAMER-1014 TITAN (9мм P.A.) тапаншасы

50600 теңге

64

ATAK ARMS Мод.Т-96 BLACK (.380ME GUM) 6 зарядты сабы қоңыр револьвері

55200 теңге

65

ATAK ARMS Мод.Т-96 BLACK (.380ME GUM) 6 зарядты сабы қара револьвері

69000 теңге

66

ATAK ARMS Мод.Т-96 CHROME (.380ME GUM) 6 зарядты сабы қоңыр револьвері

55200 теңге

67

ATAK ARMS Мод.Т-96 CHROME (.380ME GUM) 6 зарядты сабы қара револьвері

55200 теңге

68

ATAK ARMS Мод.Т-96 MATTE CHROME (.380ME GUM) сабы қоңыр револьвері

55200 теңге

69

ATAK ARMS Мод.Т-96 MATTE CHROME (.380ME GUM) револьвері (сабы қара пластиктен)

55200 теңге

70

ATAK ARMS Мод.Т-96 TITAN (.380ME GUM) револьвері 6 зарядты, қапталған қоңыр сапты

55200 теңге

71

ATAK ARMS Мод.Т-96 TITAN (.380ME GUM) 6 зарядты қара револьвері

55200 теңге


Ұңғысыз атыс қаруы


72

Ұңғысыз тапанша («OCA» кешені) Мод. ПБ-4-1, кал. 18x45

44200 теңге

73

Ұңғысыз тапанша («OCA» кешені) Мод. ПБ-4-1, кал. 18x45 (лазерлік нысана көрсетіші жоқ)

44200 теңге

74

Ұңғысыз тапанша («OCA» кешені) Мод. ПБ-4-ШЛ, кал. 18x45

46500 теңге

75

Ұңғысыз тапанша («ЭГИДА» кешені) Мод. ПБ-2NEW, кал. 18x45

46500 теңге

76

Ұңғысыз тапанша («ЭГИДА» кешені) Мод. ПБ-2, кал. 18x45

54600 теңге

77

Ұңғысыз тапанша «Стражник» Мод. MP-461, кал. 18x45

29520 теңге

78

Ұңғысыз тапанша «Лидер», кал. 10x32 (6 зарядты)

96900 теңге

79

«ROHM RG 88», 10х22Т

32100

80

«Форт-9Т», Рубер 9 мм

221250

81

«ФОРТ-10Т», 9 мм

180000

82

«ФОРТ-14Т», 9 мм

142143

83

«ФОРТ-18Т», 9 мм

126785

84

«ФОРТ-18Р», 9 мм

126785

85

«SHARK» Шарк-906, 9 мм Р.А.

57200

86

«ПМ-ГТ», 9 мм

99000

87

«ФОРТ-14ТМ», 9 мм Р.А

142142

88

«ФОРТ-14ТР», 9 мм

142142

89

«Blow mini» Black, 9 мм

38400

90

«Blow mini» Nikel, 9 мм

43200

91

«Blow mini» Fume, 9 мм

43200

92

«ALFA» 9120, 9 мм Р.А. Rubber 291921 револьвері

93350

93

«ALFA» 9130, 9 мм Р.А. Rubber 291922 револьвері

61400

94

«ALFA STANILESS» 9120, 9 мм Р.А..Rubber 191925 револьвері

104200

95

«ALFA STANILESS» 9130.3, 9 мм Р.А..Rubber 191926 револьвері

107970

96

«ALFA STANILESS» 9141.3, 9 мм Р.А..Rubber 191945 револьвері

114300

97

«ALFA STANILESS» 9120, 9 мм Р.А..Rubber 191920 револьвері

91000

98

«ALFA STANILESS» 9130, 9 мм Р.А..Rubber 191921 револьвері

98000

99

«ALFA STANILESS» 9141, 9 мм Р.А..Rubber 191922 револьвері

99600

100

«Mod. «Cief f Cal.380ME Gum»380 MЕ Gum револьвері

55200

101

ME 38 Compact, 9 мм

35000

102

Walther PPT 10х22 мм

69000

103

ROHM RG-59, 9 мм

32100

104

ROHM RG-89, 9 мм

32100

105

ZVI-WASP-R

139100

106

Carl-Walther РР, 10mm

70000

107

«ОСА» кешені, «ПБ-4»

44200

108

«ОСА» кешені, «ПБ-4М»

46500

109

EKOL FIRAT MAGNUM

52000

110

ПДТ-9Т «ЕСАУЛ»

124950

Жарақат салатын патрондармен ату
мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруын,
газды қаруды сақтауға және алып 
жүруге ішкі істер органдарының  
тиісті рұқсаты бар жеке тұлғалардың
қаруды ерікті түрде өтеулі негізде
тапсыру қағидаларына     
4-қосымша            

«БЕКІТЕМІН»    
Ішкі істер органының бастығы
________________________________
201 ____ жылғы « »        

Қарудың техникалық жай-күйін айқындау, тапсырылған қару үшін
жеке тұлғаларға төлем белгілеу немесе ақшалай сыйақыны
төлеуден бас тарту туралы
ҚОРЫТЫНДЫ

      Төраға: _______________________________________________________
      Комиссия мүшелері:_____________________________________________
      1) ____________________________________________________________
      2) ____________________________________________________________
      3) ____________________________________________________________
      4) _______________________________________ құрамындағы комиссия
___________________ тұратын жеке тұлға ______________________________
(үйінің мекенжайы)                                 (Т.А.Ә.)
Қаруды ______________________________________________________________
             (атауы, маркасы, калибрі, нөмірі, шығарылған жылы)
________________________________________ ерікті түрде тапсыруы туралы
материалдарды қарап, олардың техникалық жай-күйін тексеріп, мыналарды
БЕЛГІЛЕДІ:

Азамат тапсырған ____________________________________________________
                                        (Т.А.Ә.)

____________________________________________________ қаруға Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 20__ жылғы «___» _____ № ____ қаулысының күші
қолданылады, ол ____ санатқа жатады, оны тапсырғаны үшін қаруға
_______________________ мөлшерінде төлемді жүзеге асыру қажет.
Мынадай себептер бойынша
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
тапсырылған қаруға __________________________________________________
                   (атауы, маркасы, калибрі, нөмірі, шығарылған жылы)
_____________________________________________________________________
жоғарыда көрсетілген қаулының күші қолданылмайды
Төлеуге жататын жиыны: ______________________________________________
                                    (сомасы жазумен)
Комиссия төрағасы ___________________________________________________
Комиссия мүшелері ___________________________________________________
_____________________________________________________________________
                                    201___ жылғы «___» ______________

      Ескертпе: Қорытындының бірінші данасы ішкі істер
департаменттерінің қаржылық қамтамасыз ету қызметіне жіберіледі,
екінші данасы комиссияның хатшысында сақталатын іске тігіледі.


Дата вступления в силу:  29.10.2014
Дата изменения акта:  31.12.2015
Дата принятия акта:  29.10.2014
Информация об официальном опубликовании акта:  "Егемен Қазақстан" 13.11.2014 ж. № 222 (28445); "Казахстанская правда" от 13.11.2014 г. № 222 (27843); Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 66, 612-құжат. Басуға қол қойылған күні 05.12.2014 ж.
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  103000000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  84047
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  1145
Статус акта:  upd
Сфера правоотношений:  031008000000
Форма акта:  ПОСТ / ПРАВ
Юридическая сила:  1000
Язык акта:  kaz