"Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 989 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 қаулысына (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ, 2004 ж., № 41, 530-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі туралы ережеде:
      2-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;
      16-тармақта:
      орталық аппараттың функцияларында:
      мынадай мазмұндағы 51), 52), 53), 54), 55), 56), 57), 58), 59), 60), 61) тармақшалармен толықтырылсын:
      «51) сыртқы саясат пен халықаралық қатынастар саласындағы қолданбалы және іргелі сипаттағы талдамалық зерттеулер жүргізу;
      52) халықаралық жағдайдың мониторингі және экономика мен саясаттағы, ұлттық және халықаралық қауіпсіздік саласындағы әлемдік жаһандық трендтерді анықтау;
      53) мақсатты мемлекеттер мен өңірлердің мамандандырылған зерттеулерін жүргізу;
      54) сыртқы саяси үдерістерді модельдеу, дағдарыстық жағдайларды болжамдау және практикалық қарсы шаралар әзірлеу;
      55) негізгі шетелдік әріптестермен ғылыми және сараптамалық байланыстарды дамытуды қамтамасыз ету;
      56) Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының тұжырымдамасы бойынша талдау жүргізу және тиісті ұсыныстар әзірлеу;
      57) әлемдегі жағдайдың күн сайынғы мониторингі және дайджест дайындау;
      58) Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің жедел ақпаратын жалпылау;
      59) халықаралық күн тәртібіндегі неғұрлым өзекті проблемаларға түсіндірмелер дайындау;
      60) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерін әзірлеу және бекіту;
      61) мемлекеттік қызметтер көрсету;»;
      ведомстволардың функцияларында:
      1)2)3)4)5)6)7)8)9) тармакшалар алып тасталсын.
      2. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын қолданысқа енгізген күнінен бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының он алтыншы және он жетінші абзацтарын қоспағанда, осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов