02.07.2014

Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 14.07.2023 № 580 қаулысымен.

      "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасы белгіленсiн.

      2. "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар жіктемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 желтоқсандағы № 1310 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 48, 620-құжат) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2014 жылғы 2 шілдедегі
№ 756 қаулысына
қосымша

Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың
сыныптамасы

      1. Егер авария, табиғи зiлзала немесе апат салдарында төтенше жағдай аймағы объектi аумағының шегiнен шықпаса, бұл ретте мынадай салдардың бiрi туындаса немесе туындауы мүмкiн болса:

      1) 5-тен астам, бiрақ 10-нан көп емес адам қаза болса;

      2) 50-ден астам, бiрақ 100-ден көп емес адамның тiршiлiк әрекеті жағдайлары бұзылса;

      3) адамдардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргiзу объектiлерiне келтiрiлген материалдық залалдың мөлшерi бес мыңнан он бес мыңға дейiнгi айлық есептiк көрсеткiштi құраса, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдай объектiлiкке жатады.

      2. Егер авария, табиғи зiлзала немесе апат салдарында төтенше жағдай аймағы өндiрiстiк немесе әлеуметтiк мақсаттағы объектiнiң аумағы шегiнен шықса және облыстың екi ауданының шегiнен шықпаса, бұл ретте мынадай салдардың бiрi туындаса немесе туындауы мүмкiн болса:

      1) 10-нан астам, бiрақ 50-ден көп емес адам қаза болса;

      2) 100-ден астам, бiрақ 500-ден көп емес адамның тiршiлiк әрекеті жағдайлары бұзылса;

      3) адамдардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргiзу объектiлерiне келтiрiлген материалдық залалдың мөлшерi он бес мыңнан жүз мыңға дейiнгi айлық есептiк көрсеткiштi құраса, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдай жергiлiктiге жатады.

      3. Егер авария, табиғи зiлзала немесе апат салдарында төтенше жағдай аймағы бiр облыстың кемiнде үш ауданының аумағын қамтыса не төтенше жағдай Қазақстан Республикасының екi облысының аумағында болса, бұл ретте мынадай салдардың бiрi туындаса немесе туындауы мүмкiн болса:

      1) 50-ден астам, бiрақ 200-ден көп емес адам қаза болса;

      2) 500-ден астам, бiрақ 1500-ден көп емес адамның тiршiлiк әрекеті жағдайлары бұзылса;

      3) адамдардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргiзу объектiлерiне келтiрiлген материалдық залалдың мөлшерi жүз мыңнан екi жүз мыңға дейiнгi айлық есептiк көрсеткiштi құраса, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдай өңiрлiкке жатады.

      4. Егер авария, табиғи зiлзала немесе апат салдарында төтенше жағдай Қазақстан Республикасының үш және одан да көп облысының аумағында болса не шектес мемлекеттердiң аумағын қамтыса, бұл ретте мынадай салдардың бiрi туындаса немесе туындауы мүмкiн болса:

      1) 200-ден астам адам қаза болса;

      2) 1500-ден астам адамның тiршiлiк әрекеті жағдайлары бұзылса;

      3) адамдардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргiзу объектiлерiне келтiрiлген материалдық залалдың мөлшерi екi жүз мыңнан аса айлық есептiк көрсеткiштi құраса, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдай жаһандыққа жатады.


Дата вступления в силу:  02.07.2014
Дата изменения акта:  14.07.2023
Дата принятия акта:  02.07.2014
Информация об официальном опубликовании акта:  "Казахстанская правда" от 13.08.2014 г. № 156 (27777); "Егемен Қазақстан" 14.08.2014 ж. № 157 (28381); Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 45, 437-құжат. Басуға қол қойылған күні 25.08.2014 ж.
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  103000000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  81010
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  756
Статус акта:  yts
Сфера правоотношений:  031011000000 / 001008000000
Форма акта:  ПОСТ
Юридическая сила:  1000
Язык акта:  kaz