"2014 - 2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 желтоқсандағы № 1329 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 571 қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «2014 – 2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 желтоқсандағы № 1329 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
      «Мемлекеттік тапсырмалардың 2014 жылға арналған тізбесі» деген 24-қосымша:
      реттік нөмірі 94-жолмен толықтырылсын:
      «

94

Қазақстан Республикасында 2020 жылға дейін көрсетілетін қызметтер саласын дамыту бойынша зерттеу

Қазақстан Республикасында көрсетілетін қызметтер саласын дамыту бойынша егжей-тегжейлі іс-қимылдар стратегиясын және оны 2020 жылға дейін іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу

Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі

«Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ

001 «Экономика және сауда саясатын, мемлекеттік жоспарлау мен басқару жүйесін қалыптастыру және дамыту жөніндегі қызметтер»

350 000

                                                              ».

      2. Осы қаулы 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов