"Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2014 жылға арналған жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1547 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 439 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2014 жылға арналған жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1547 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2014 жылға арналған жоспарында:
      реттік нөмірі 1-жол алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 26-1-жолмен толықтырылсын:
      «

26-1

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қаржымині

сәуір

мамыр

маусым

А.М. Теңгебаев

                                                                   ».

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов