"Қазақстан Республикасынан халықаралық ұйымдарға жұмысқа жіберілген, бұрын дипломатиялық қызмет персоналы лауазымында болған лауазымды адамдарды тиісті шет мемлекеттегі Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің персоналына теңестіру туралы" Қазақст

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 18 сәуірдегі № 375 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 16 ақпандағы № 60 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 620 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 49, 675-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларында:
      16-тармақ мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
      «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі (бұдан әрі - Шекара қызметі) тиісті физикалық және моральдық-психологиялық даярлығы бар, білімі жалпы ортадан төмен емес, басым тәртіппен іріктелген әскерге шақырылушылармен жасақталады.»;
      6-тараумен толықтырылсын (құпия).
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов