"Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 17 ақпандағы № 98 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
      13-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

      «

13.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:

1754

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер, оның ішінде:

1057

Қазақ республикалық лепрозорийі

212

ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі республикалық орталық

59

Республикалық жіті бақыланатын мамандандырылған үлгідегі психиатриялық аурухана

750

Республикалық арнайы медициналық қамтамасыз ету орталығы

36

                                                                   »;

      15-бөлімде:
      «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:» деген жолдағы «1154» деген сандар «1153» деген сандармен ауыстырылсын;
      22-бөлімде:
      «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік), оның аумақтық органдарын ескере отырып» деген жолдағы «208» деген сандар «206» деген сандармен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 27-бөліммен толықтырылсын:

      «

27.

Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:

6447


Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер, оның ішінде:

1906


Атырау обаға қарсы күрес станциясы

313


Арал теңізі обаға қарсы күрес станциясы

201


Ақтөбе обаға қарсы күрес станциясы

194


Орал обаға қарсы күрес станциясы

322


Талдықорған обаға қарсы күрес станциясы

287


Маңғыстау обаға қарсы күрес станциясы

125


Шымкент обаға қарсы күрес станциясы

136


Қызылорда обаға қарсы күрес станциясы

216


Жамбыл обаға қарсы күрес станциясы

112

                                                                   ».

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов