Экономикалық интеграция мәселелеріне тартылған мемлекеттік органдар қызметін институционалдық күшейту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
«Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі, оның аумақтық органдарын ескере отырып» деген реттік нөмірі 4-жолда:
«348» деген сандар «353» деген сандармен ауыстырылсын;
«Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі, оның ведомстволарын қоса алғанда, оның ішінде:» деген реттік нөмірі 5-жолда:
«1202» деген сандар «1216» деген сандармен ауыстырылсын;
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:» деген реттік нөмірі 6-жолда:
«6322» деген сандар «6327» деген сандармен ауыстырылсын;
«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, оның аумақтық органдарын және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерін ескере отырып, оның ішінде:» деген реттік нөмірі 7-жолда:
«905» деген сандар «910» деген сандармен ауыстырылсын;
«Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі, оның аумақтық органдарын және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерін ескере отырып, оның ішінде:» деген реттік нөмірі 8-жолда:
«1175» деген сандар «1180» деген сандармен ауыстырылсын;
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:» деген реттік нөмірі 9-жолда:
«18487» деген сандар «18492» деген сандармен ауыстырылсын;
«Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:» деген реттік нөмірі 10-жолда:
«545» деген сандар «563» деген сандармен ауыстырылсын;
«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:» деген реттік нөмірі 11-жолда:
«4205» деген сандар «4220» деген сандармен ауыстырылсын;
«Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:» деген реттік нөмірі 14-жолда:
«152» деген сандар «157» деген сандармен ауыстырылсын;
«Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:» деген реттік нөмірі 15-жолда:
«1149» деген сандар «1154» деген сандармен ауыстырылсын;
«Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік), оның аумақтық органдарын ескере отырып» деген реттік нөмірі 22-жолда:
«203» деген сандар «208» деген сандармен ауыстырылсын.
2. Орталық мемлекеттік органдар осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов