31.12.2013

"Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысына өзг

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2015 № 1193 қаулысымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

      БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 51, 648-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      5-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) ұйымдардың басшыларына олардың жұмыс нәтижелері бойынша сыйлықақы беру, лауазымдық жалақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу, сондай-ақ қаржыландыру жоспары бойынша тиісті мемлекеттік мекемені ұстауға көзделген қаражатты үнемдеу есебінен немесе мемлекеттік басқару органы қазыналық кәсіпорын үшін бекіткен даму жоспары бойынша қаражатты үнемдеу есебінен мемлекеттік басқару органы белгілеген тәртіппен материалдық көмек көрсету;»;
      6-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) кредиторлық берешек болмаған кезде қаржыландыру жоспары бойынша тиісті мемлекеттік мекемені ұстауға көзделген қаражатты үнемдеу есебінен немесе кредиторлық берешегі болмаған кезде мемлекеттік басқару органы қазыналық кәсіпорын үшін бекіткен даму жоспары бойынша қаражатты үнемдеу есебінен салалық келісімде, ұжымдық шартта және (немесе) жұмыс берушінің актісінде белгіленген тәртіппен қызметкерлердің лауазымдық жалақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу, сыйлықақы беру және материалдық көмек көрсету құқығы берілсін.»;
      көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
      «G-14» санатында:
      «мұрағатшы» деген сөз «архивариус» деген сөзбен ауыстырылсын;
      көрсетілген қаулыға 7-қосымшада:
      реттік нөмірі 1-жол мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:

      «

9)

Халықты жұмыспен қамту орталықтарының қызметкерлеріне жұмыстағы ауыртпалықтар мен қиындықтары үшін


ЛЖ-дан 50 %


                                                                   »;

      көрсетілген қаулыға 14-қосымшада:
      реттік нөмірі 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      «

3

Қарулы Күштерде, басқа әскерлерде және әскери құралымдарда, арнаулы мемлекеттік, құқық қорғау органдарында, мемлекеттік өртке қарсы қызмет жүйесіндегі жұмысы үшін жұмысшыларға мынадай еңбек сiңiрген жылдары үшiн:
3 жылдан астам
5 жылдан астам
10 жылдан астам
15 жылдан астам
20 жылдан астам

Қарулы Күштердегi, басқа әскерлердегі және әскери құралымдардағы, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы, мемлекеттiк өртке қарсы қызметiндегi жұмысы үшiн үстемеақы

ЛЖ-дан 10 %
ЛЖ-дан 15 %
ЛЖ-дан 20 %
ЛЖ-дан 30 %
ЛЖ-дан 40 %

Еңбек сіңірген жылдары үшін үстемеақыны белгілеудің тәртібі мен шарттарын уәкілетті орталық орган белгілейді

                                                                   »;

      көрсетілген қаулыға 28-қосымшада:
      бірінші бөлікте:
      1) тармақшаның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) даму жоспары бойынша үнемделген қаражаттың жалпы көлемінің 30 % асырмай жыл ішінде, ал желтоқсанда - бір жылда үнемделген қаражаттың толық көлемінде:»;
      2) тармақшаның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) даму жоспары бойынша үнемделген қаражаттың толық көлемінде:»;
      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Шығыстардың қалған түрлері бойынша даму жоспары бойынша үнемделген қаражатты сыйлықақы беруге, материалдық көмек көрсетуге және үстемеақылар белгілеуге жол берілмейді.».
      2. Осы қаулы 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов


Дата вступления в силу:  31.12.2013
Дата изменения акта:  31.12.2015
Дата принятия акта:  31.12.2013
Информация об официальном опубликовании акта:  Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 82, 1062-құжат
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  103000000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  76737
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  1553
Статус акта:  yts
Сфера правоотношений:  002010000000 / 001008000000
Форма акта:  ПОСТ / ИЗМ / ДОП / ПРЕС
Юридическая сила:  1000
Язык акта:  kaz