Ішкі нарықта сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізудің шекті бағасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 желтоқсандағы № 1422 қаулысы

      «Газ және газбен жабдықтау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының iшкi нарығында сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткiзудiң 2014 жылғы 1 қаңтардан 31 наурызға дейiнгi кезеңге арналған шектi бағасы қосылған құн салығын есепке алмағанда, тоннасына 33 653,63 теңге (отыз үш мың алты жүз елу үш теңге алпыс үш тиын) мөлшерiнде бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов