25.12.2013

"Автокөлік құралдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 9 шілдедегі № 675 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 30.01.2017 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Автокөлік құралдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылы 9 шілдедегі № 675 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., 32, 334-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Автокөлік құралдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентінде:

      1-тармақтың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "мемлекеттік қорғаныс тапсырысы шеңберінде сатып алынатын автокөлік құралдары;";

      2-тармақ мынадай абзацтармен толықтырылсын:

      "күндізгі жүріс шамы – алға бағытталған және күндізгі уақытта қозғалу кезінде көлік құралының көрінуін арттыру үшін пайдаланылатын шам;

      иммобилайзер (иммобилизатор) – көлік құралын оның меншікті қозғалтқышының тартқышы есебінен пайдаланудың алдын алуға (санкцияланбаған пайдаланудың алдын алуға) арналған құрылғы;

      ISOFIX бекіту жүйесі – екі қатты корпустық бекіткішпен, балаларға арналған ұстаушы жүйедегі екі тиісті қатты бекіткіш элементпен және балаларға арналған ұстаушы жүйенің бұрыштық жылжу еркіндігін шектейтін айлабұйыммен жабдықталған, балаларға арналған ұстаушы жүйелерді көлік құралдарымен жалғастыру жүйесі;

      жаңа автокөлік құралдары – 3 жылдан аспаған және бұрын Қазақстан Республикасының не басқа мемлекеттердің аумағында пайдалануда болмаған автокөлік құралдары;

      қауіпсіздік жастығы – механикалық көлік құралдарында қауіпсіздік белбеуіне және ұстап қалушы жүйелерге қосымша орнатылатын құрылғы, ол көлік құралына әсер ететін қатты соққы жағдайында нәтижесінде қандай да бір дене бөлігі немесе бөліктері салонның элементтерімен жанасқанда көлік құралының жүргізушісі немесе жолаушы ұшырайтын соққы күшін газ сығындысы арқылы шектеуге арналған тиісті созылмалы құрамдауышты автоматты түрде ашады;

      пайдалану – көлік құралының тіршілік циклінің сатысы, онда оның мемлекеттік тіркелген сәтінен бастап кәдеге жаратуға дейін мақсаты бойынша пайдаланылуы жүзеге асырылады;";

      11-тармақ мынадай редакцияда жариялансын:

      "11. Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлік құралдарында пайдаланылған газды бейтараптандыру жүйесі болуы тиіс және олар сәйкестікті растауға жатады.

      Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын МІ санатындағы жаңа автокөлік құралдарында тежегішті бұғаттауға қарсы жүйе, фронтальді қауіпсіздік жастығы, ISOFIX бекіту жүйелері, күндізгі жүріс шамдары және иммобилайзер (иммоболизатор) болған кезде сәйкестікті растауға жол беріледі.

      Автокөлік құралдарының сәйкестігін растауды сәйкестікті растау жөніндегі орган сәйкестік сертификаттарын беру арқылы жүзеге асырады.

      Кеден одағына қатысушы елдерде шығарылған автокөлік құралдары үшін осы тармақтың екінші бөлігіне көзделген талап 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

С. Ахметов



Дата вступления в силу:  25.12.2013
Дата изменения акта:  30.01.2017
Дата принятия акта:  25.12.2013
Информация об официальном опубликовании акта:  "Егемен Қазақстан" 26.12.2013 ж. № 282 (28221); "Казахстанская правда" от 26.12.2013 г. № 344 (27618); Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 74, 970-құжат
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  103000000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  76137
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  1396
Статус акта:  yts
Сфера правоотношений:  009005000000 / 009009000000 / 001008000000
Форма акта:  ДОП / ИЗМ / ПОСТ
Юридическая сила:  1000
Язык акта:  kaz