20.12.2013

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін (бұдан әрі – өзгерістер).

      2. Осы қаулы 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін өзгерістердің 1-тармағының бесінші, алтыншы және жетінші абзацтарын, 2-тармағын, 3-тармағының тоғызыншы, оныншы, он бірінші және он екінші абзацтарын, 4-тармағын, 5-тармағының тоғызыншы, оныншы, он бесінші, он алтыншы, жиырма үшінші, жиырма төртінші, жиырма бесінші, жиырма сегізінші, жиырма тоғызыншы, отызыншы, қырық екінші, қырық үшінші, елу сегізінші және елу тоғызыншы абзацтарын, 6-тармағының алтыншы, жетінші, он төртінші, он бесінші және он алтыншы абзацтарын, 7-тармағын, 8-тармағының жетінші және сегізінші абзацтарын, 9-тармағының алтыншы абзацын, 10-тармағын, 11-тармағының жетінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші абзацтарын, 12-тармағының бесінші және алтыншы абзацтарын, 13 және 14-тармақтарын, 15-тармағының төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші абзацтарын, 16 және 17-тармақтарын, 18-тармағының жетінші және сегізінші абзацтарын, 19-тармағының жетінші және сегізінші абзацтарын, 20-тармағын, 21-тармағының үшінші, төртінші және сегізінші абзацтарын, 22-тармағын, 23-тармағының жетінші, сегізінші және тоғызыншы абзацтарын, 24-тармағының төртінші және бесінші абзацтарын, 25-тармағының төртінші және бесінші абзацтарын, 26-тармағының төртінші және бесінші абзацтарын, 27-тармағын, 28-тармағының алтыншы және жетінші абзацтарын, 29-тармағының жетінші және сегізінші абзацтарын, 30-тармағының жетінші және сегізінші абзацтарын, 31-тармағының алтыншы, жетінші, сегізінші және тоғызыншы абзацтарын, 32 және 33-тармақтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

С. Ахметов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 1363 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.09.2015 № 745 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.09.2015 № 745 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. "Жер учаскелерін меншікке өтеусіз беру үшін халықаралық қатысуы бар ғылыми орталықтарды айқындау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 2 қарашадағы № 1042 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 41, 447-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Жер учаскелерін меншікке өтеусіз беру үшін халықаралық қатысуы бар ғылыми орталықтарды айқындау ережесiнде:

      6-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) акционері (тең құрылтайшы) ретінде шетелдік ұйым қатысатын, онда қазақстандық тарапта акциялардың бақылау пакеті (үлестің көбі) сақтала отырып, оның акцияларының пакеті (қатысу үлесі) акционерлік қоғамның (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің) жарғылық капиталының кемінде 25 %-ын құрауы тиіс, жарғылық капиталы кемінде 50000 айлық есептік көрсеткіш акционерлік қоғамның не жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлға;";

      7-тармақта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) орталықтың құрылтай құжаттарының нотариалды расталған көшірмелері және оны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың нотариалды расталған көшірмелері.

      Ескертпе: *"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметi тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;";

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) салық төлеушінің Қазақстан Республикасы бойынша салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары бойынша берешегінің жоқ (бар) екені туралы тиісті салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасы;";

      12-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) орталықта салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің болуы негіз болып табылады.";

      14 және 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Жер учаскесін меншікке беру туралы шешімді Қазақстан Республикасының Жер кодексінде белгіленген олардың құзыреті шегінде республикалық маңызы бар қаланың және астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері жер учаскелері меншікке өтеусіз негізде берілетін орталықтарды айқындау туралы уәкілетті органның шешімі болған кезде ғана қабылдайды.

      15. Республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімінің жер учаскесін меншікке беру туралы шешімін алған орталықтар көрсетілген шешімді алған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде осы туралы уәкілетті органды жазбаша хабардар етеді.".

      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.12.2015 № 1108 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      5. Күші жойылды - ҚР Yкiметiнiң 28.12.2015 № 1086 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 22, 205-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ережеде:

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің миссиясы: бюджеттің атқарылуы, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік, бюджеттік есепке алу және республикалық бюджеттің және өз құзыреті шегінде жергілікті бюджеттердің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының атқарылуы жөніндегі бюджеттік есептілік саласында, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу саласында, республикалық мүлікті басқару саласында басшылық ету және салааралық үйлестіру, сондай-ақ банкроттау (банктерді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларын қоспағанда), заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау саласында мемлекеттік реттеу, сондай-ақ салық саясатын және кеден ісі саласындағы саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу.";

      15-тармақта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстау мен аударудың және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды есептеу мен төлеудің толықтығы мен уақтылығын қамтамасыз ету;";

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) кеден ісі, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу, бюджеттік кредит беру, республикалық мүлікті басқару, үкіметтік және мемлекет кепілдік берген борышты және мемлекет алдындағы борышты басқару, мемлекеттік сатып алу, ішкі қаржылық бақылауды жүзеге асыру, банкроттау рәсімдерінің жүргізілуін бақылауды (банктер мен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларын қоспағанда) жүзеге асыру саласындағы мемлекеттік реттеу;";

      16-тармақта:

      орталық аппараттың функцияларында:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) бюджеттің атқарылуы, бухгалтерлік және бюджеттік есепке алу, қаржылық және бюджеттік есептілік, аудиторлық қызмет, мемлекеттің қаржы активтерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорында шоғырландырылатын материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге мүлікті жинақтау саласында, республикалық мүлікті басқару, үкіметтік және мемлекет кепілдік берген борышты және мемлекет алдындағы борышты басқару, мемлекеттік сатып алу саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру, сондай-ақ банкроттау (банктерді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларын қоспағанда) саласында мемлекеттік реттеу;";

      ведомстволарының функцияларында:

      72) тармақшаның бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "салық міндеттемесінің, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстау және аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеу бойынша міндеттердің орындалуын есепке алу;".

      7. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.06.2020 № 375 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      8. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.09.2020 № 603 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      9. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.04.2015 № 173 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      10. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.06.2016 № 370 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      11. "Республикалық мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 маусымдағы № 700 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 43, 563-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидасында:

      6-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) теңгерім ұстаушылардың жазбаша келісімінің негізінде жүзеге асырылатын, алаңы бір жүз шаршы метрге дейінгі үй-жайларды, ғимараттар мен құрылыстарды, қалдық құны бір жүз елу еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын жабдықты бергенде;";

      7-тармақтың 3) тармақшасының үшінші, төртінші, бесінші және алтыншы абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "салыстыру үшін міндетті түрде түпнұсқасын ұсына отырып, құрылтай құжаттарының (құрылтай шарты және жарғы) көшірмелері не көрсетілген құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;

      салық берешегінің, өтінім беру күнінің алдындағы соңғы үш айдан астам міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ (бар) екені туралы анықтаманың түпнұсқасы;

      жеке тұлғалар үшін – салыстыру үшін міндетті түрде түпнұсқасын ұсына отырып, жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі не аталған құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;

      дара кәсіпкер үшін – салыстыру үшін міндетті түрде түпнұсқасын ұсына отырып, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің, жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмелері не аталған құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері, салық берешегінің, өтінім беру күнінің алдындағы соңғы үш айдан астам міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ (бар) екені туралы анықтаманың түпнұсқасы.";

      27-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі ұзартылған жағдайларды қоспағанда, осы салық органының мөрі бар, бірінші басшы немесе қол қою құқығы бар адам қол қойған тендерлік өтінімдер бар конверттерді ашу күнінің алдында кемінде үш ай бұрын салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екені туралы анықтаманың түпнұсқасы;";

      көрсетілген Қағидаға 1-қосымшада:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Біз (мен)

      _____________________________________________________________________

      ___________________________________________________________ сомасында

      (сомасы теңгемен, оның ішінде жазумен жазып көрсетіледі)

      тендерге қатысу үшін ақпараттық хабарламада көрсетілген Қазақстан

      Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру

      комитетінің (бұдан әрі – Комитет) депозиттік шотына:

      _____________________________________________________________________

      (ЖСК, БСК, БСН, төлем мақсатының коды, Кбе, мекеменің коды)

      кепілдік жарна енгіздік (енгіздім).";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Төлем деректемелері:

      _____________________________________________________________________

      (бенефициар-банктің деректемелері: банктің атауы, БСН, ЖСК, БСК)

      _____________________________________________________________________

      (алушының деректемелері: атауы, БСН, ЖСК, Кбе, ағымдағы шоты) ".

      12. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 27.07.2015 № 592 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      13. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.08.2015 № 624 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      14. Күші жойылды - ҚР Yкiметiнiң 28.08.2015 № 685 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      15. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.07.2014 № 762 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      16. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 01.09.2015 № 727 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      17. Күші жойылды - ҚР Yкiметiнiң 28.12.2015 № 1086 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      18. "Индустриялық-инновациялық қызмет субьектілеріне берілетін қарыздар бойынша кепілдік міндеттемелерді және кепілдемелерді ұсыну шарттары мен тетіктерін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 маусымдағы № 744 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 55, 751-құжат):

      индустриялық-инновациялық қызмет субьектілеріне берілетін қарыздар бойынша кепілдік міндеттемелерді және кепілдемелерді ұсыну шарттары мен тетіктерінде:

      2-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) жеке тұлға үшін – жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, дара кәсіпкер ретінде тіркеу туралы құжаттың көшірмесі, заңды тұлға үшін – мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың көшірмесі.

      Ескертпе: *"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметi тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;";

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша қарыздардың болмауы туралы салық органының анықтамасы;".

      19. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 16.06.2022 № 401 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      20. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.08.2015 № 621 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      21. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.02.2016 № 73 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      22. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.08.2015 № 621 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      23. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.02.2016 № 44 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      24. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 25.12.2015 № 1063 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      25. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 25.12.2015 № 1063 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      26. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 25.12.2015 № 1063 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      27. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2014.10.30 № 1154 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік оң күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      28. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 28.06.2021 № 439 қаулысымен.

      29. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2014.10.30 № 1154 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік оң күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      30. "Жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау бойынша қызметтер көрсету үшiн субсидияланатын авиамаршруттарға арналған конкурс өткізу және субсидияланатын авиамаршруттарға куәліктер беру қағидаларын бекіту туралы және "Авиамаршруттарды субсидиялау қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1511 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 қаңтардағы № 69 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 13, 241-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтілімдерін тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету үшін субсидияланатын авиамаршруттарға арналған конкурс өткізу және субсидияланатын авиамаршруттарға куәліктер беру қағидаларында:

      18-тармақта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың көшірмесі.

      Ескертпе: *"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметi тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;";

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі кейінге қалдырған жағдайларды қоспағанда, конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу күнінің алдындағы үш айдан астам мерзімге салық берешегінің және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешегінің жоқ (бар) екені туралы тиісті салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасы. Егер анықтамада берешек көрсетілген жағдайда, осы берешектің пайда болу мерзімдерін растайтын құжаттар қоса берілуі қажет;";

      көрсетілген Қағидаларға 1-қосымшаның 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы

      куәлік* немесе анықтама _____________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (нөмірі, кім және қашан берген)

      Ескертпе: *"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметi тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.".

      31. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.04.2014 № 420 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      32. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 25.12.2015 № 1063 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      33. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 25.12.2015 № 1063 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 1363 қаулысына
1-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Yкiметiнiң 28.08.2015 № 685 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 1363 қаулысына
2-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Yкiметiнiң 28.08.2015 № 685 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).


Дата вступления в силу:  20.12.2013
Дата изменения акта:  16.06.2022
Дата принятия акта:  20.12.2013
Информация об официальном опубликовании акта:  "Егемен Қазақстан" 09.01.2014 ж. № 4 (28228); "Казахстанская правда" от 09.01.2014 г. № 4 (27625); Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 72, 951-құжат
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  103000000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  76089
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  1363
Статус акта:  upd
Сфера правоотношений:  001008000000
Форма акта:  ИЗМ / ПОСТ
Юридическая сила:  1000
Язык акта:  kaz