04.12.2013

Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыруын сертификаттау және сертификат беру қағидасын бекіту туралы" 2011 жылғы 9 маусымдағы № 646 және "Азаматтық авиация саласындағы мемлекеттік қызмет с

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 11.09.2015 № 774 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) «Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыруын сертификаттау және сертификат беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 маусымдағы № 646 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 41, 532-құжат.):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыруын сертификаттау және сертификат беру қағидасында:
      4-тармақтың 7) тармақшасы алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
      «5-1. Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыруын сертификаттау үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) айқындалатын тәртіппен және мөлшерде алым алынады. Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыруын сертификаттау көрсетілген алым мемлекеттік бюджетке төленгеннен кейін жүзеге асырылады.»;
      7-тармақ алынып тасталсын;
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Сертификат алуға сертификаттаудың жалпы мерзімі сертификаттау жүргізуге өтінім ұсынылған сәттен бастап күнтізбелік 30 күннен аспауы тиіс.»;
      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «11. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган ұсынылған құжаттарды қарайды және осы Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша күнтізбелік 10 (он) күннен аспайтын мерзімде шешім қабылдайды.»;
      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «24. Сертификат беруден бас тартқан жағдайда өтініш берушіге осы Қағиданың 8-тармағында көрсетілген сертификаттаудың жалпы мерзімінен аспайтын мерзімде бас тарту себебі көрсетіле отырып дәлелді жауап беріледі.»;
      көрсетілген Қағидада 2-қосымшада:
      1-тармақ алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 3-1 және 3-2-тармақтармен толықтырылсын:
      «3-1. Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыруын сертификаттау үшін алым сомасының бюджетке төленгенін растайтын құжат.
      3-2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 3 ақпандағы № 202 қаулысымен бекітілген «Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істеу құқығына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды.»;
      2) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 25.04.2014 № 400 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 25.04.2014 № 400 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Осы қаулының 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармағының 1) тармақшасының бесінші және он алтыншы абзацтарын және 1-тармағының 2) тармақшасының бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он сегізінші және он тоғызыншы абзацтарын қоспағанда, осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов


Дата вступления в силу:  04.12.2013
Дата изменения акта:  11.09.2015
Дата принятия акта:  04.12.2013
Информация об официальном опубликовании акта:  "Егемен Қазақстан" 26.12.2013 ж. № 282 (28221); "Казахстанская правда" от 26.12.2013 г. № 344 (27618); Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 70, 924-құжат
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  103000000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  75634
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  1308
Статус акта:  yts
Сфера правоотношений:  009004000000 / 005010000000 / 001011008000 / 001008000000 / 009009000000
Форма акта:  ПОСТ / ИЗМ / ДОП / ПРЕС
Юридическая сила:  1000
Язык акта:  kaz