"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 қарашадағы № 1216 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 25, 311-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ережеде:
      12-тармақта:
      3)40) тармақшалар алынып тасталсын;
      88) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «88) Қазақстан Республикасындағы есірткі ахуалының жай-күйін және даму үрдісін талдауды жүзеге асырады;»;
      мынадай мазмұндағы 88-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі өңірлік комиссиялардың қызметін үйлестіреді;»;
      89) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «89) мемлекеттiк органдармен бiрлесiп, есiрткi құралдарының, психотроптық заттардын, прекурсорлардың айналымын және олардың заңсыз айналымына әрі терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл саласындағы мемлекеттiк саясатты әзiрлеуге және iске асыруға қатысады;»;
      154) тармақша алынып тасталсын;
      19-1-тармақтың 13) тармақшасы алынып тасталсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов