Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 24 сәуiрдегi № 387 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 22, 205-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi туралы ережеде:
16-тармақта:
орталық аппараттың функцияларында:
5) тармақша алынып тасталсын;
ведомстволардың функцияларында:
108) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«108) объектілерді концессияға беру, бюджеттік кредиттер ұсыну, концессиялық жобаларды, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін, мемлекеттің байланысты гранттары мен активтерін қоса қаржыландыру шарттары мен рәсімдерінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру, сондай-ақ оларды пайдаланудың Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкестігін бақылау;»;
164), 165) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«164) өз құзыреті шегінде республикалық меншікке жататын концессия объектілері бойынша концессия шарттарының мониторингін жүзеге асыру және мониторинг нәтижелерін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға жіберу;
165) концессия шарттарының негізінде құрылған объектілерді республикалық меншікке қабылдау;»;
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов