РҚАО-ның ескертпесі!
Осы Қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «2013 – 2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 қарашадағы № 1520 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
3-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«3. 2013 жылға арналған республикалық бюджетте Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберіндегі іс-шараларды іске асыруға көзделген қаражаттан 78 038 553 мың теңге мөлшеріндегі сома:»;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) мынадай әкімшілер бойынша 1 000 000 мың теңге сомасында республикалық әлеуметтік-мәдени объектілерге жөндеу жүргізуге аудару үшін:
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне 527 268 мың теңге;
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне 278 450 мың теңге;
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне 194 282 мың теңге;».
2. Осы қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов