Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 532-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі туралы ережеде:
16-тармақта:
1. Орталық аппараттың функцияларында:
28) тармақша алынып тасталсын;
50) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«50) әділет органдары жүйесіндегі кадрларға деген қажеттілікті айқындау;»;
мынадай мазмұндағы 51), 52) тармақшалармен толықтырылсын:
«51) мемлекеттік органдарды құқықтық қамтамасыз ету тиімділігін бағалау;
52) мемлекеттік органдарды құқықтық қамтамасыз ету тиімділігін бағалау әдістемесін әзірлеу және бекіту, оны әдістемелік сүйемелдеу.».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С.Ахметов