Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің дәрілік заттардың (дәрілік препараттардың), медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың (медициналық бұйымдар) айналысы саласындағы ынтымақтастығы туралы келісімді бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 тамыздағы № 766 қаулысы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2015 N 1173 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасының Үкіметі жанынан Стратегиялық объектілер жөнінде комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 23 қарашадағы № 1125 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Стратегиялық объектілер жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

Әмірин
Ғұсман Кәрімұлы

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары (келісім бойынша)

Теңгебаев
Ардақ Мырзабайұлы

Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі

Әбенов
Мұрат Абдуламитұлы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі;

      көрсетілген құрамнан Саят Болатұлы Шаяхметов, Руслан Ерболатұлы Дәленов, Өсер Елеусізұлы Мизанбаев шығарылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов