Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы" 2008

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 маусымдағы № 630 қаулысы

      «Тарифтердің және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу, оларды сатқан кезде алыпсатарлық мәмілелерді болдырмау жөнінде ұзақ мерзімді шаралар кешенін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2012 жылғы 29 ақпандағы № 46-ө өкіміне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) Қазақстан Республикасының Үкіметіне жартыжылдықтың қорытындысы бойынша жылына екі рет, есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-күніне дейін Шаралар кешенінің іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.»;
      көрсетілген өкіммен бекітілген Тарифтердің және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу, оларды сатқан кезде алыпсатарлық мәмілелерді болдырмау жөнінде ұзақ мерзімді шаралар кешенінде:
      реттік нөмірлері 12, 12-2, 13, 17, 18, 19-жолдардың 5-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жартыжылдықтың қорытындысы бойынша, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне дейін»;
      реттік нөмірлері 15, 17-жолдардың 3-бағанындағы «ЭДСМ» деген аббревиатура «ЭБЖМ» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
      аббревиатуралардың толық жазылуы:
      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      «ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі».

      Премьер-Министр                            С. Ахметов