Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрінің 27.06.2014 № 240-Ө бұйрығымен.
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдеден Заңының 9-бабы 1-тармағының 12) және 36) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған ішкі және сыртқы рыноктарда сату үшін бекіре тұқымдас балықтардың уылдырығын таңбалау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің «Қазақстан Республикасында ішкі және сыртқы сауда үшін бекіре тұқымдас балықтар уылдырығын таңбалау Ережесін бекіту туралы» 2004 жылғы 31 тамыздағы № 462 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3202 болып тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2005 жылғы 13 қазанда № 125(749) ресми жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Н. Қаппаров
Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны қорғау министрінің
2013 жылғы 14 мамырдағы
№ 121-ө бұйрығымен
бекітілген
Ішкі және сыртқы рыноктарда сату үшін бекіре тұқымдас
балықтардың уылдырығын таңбалау қағидалары 1. Жалпы ережелер
1. Осы Ішкі және сыртқы рыноктарда сату үшін бекіре тұқымдас балықтардың уылдырығын таңбалау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 9-бабы 1-тармағының 12) және 36) тармақшаларына сәйкес әзірленді және белгіленген үлгідегі арнайы маркаларды енгізу арқылы ішкі және сыртқы рыноктарда сату үшін бекіре тұқымдас балықтардың уылдырығын таңбалаудың бірыңғай жүйесін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда мынадай анықтамалар пайдаланылады:
әкімшілік орган - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі;
сыйымдылық - уылдырықпен тікелей байланыстағы ыдыс;
көз коды - шартты балык көзіне сәйкес келетін әріп: W - жабайы, С - жасанды өсірілген;
маркалардың қозғалысы - Балық шаруашылығы комитетіне келіп түсуінен бастап өтініш берушіге беру сәтіне дейінгі кезеңдерді өзіне қамтитын маркалар қозғалысы;
СИТЕС (СІТЕS) - Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция.
топтаманың сәйкестендіру нөмірі - қайта өңдеу зауыттарында және орау кәсіпорындарында пайдаланылатын уылдырықты бақылау жүйесіне жататын нөмір;
тығыздалған уылдырық - бекіре балықтарының бір және одан көп түрлерінің ұрықталмаған жұмыртқаларынан (уылдырықтарынан) тұратын, неғұрлым жоғары сапалы уылдырықты қайта өңдеуден және өндіруден кейін қалған уылдырық;
уылдырық бекіре балықтарының қайта өңделген ұрықтанбаған жұмыртқалары (уылдырықтары);
3. Осы Қағидалардың қолданылуы бекіре балық түрлерінің сатумен айналысатын заңды жеке жеке тұлғаларға таралады.
Бекіре балық түрлерінің уылдырықтарын ішкі және сыртқы рыноктарда сату үшін таңбалау, оның дайындалуы мен бекіре балық түрлерінің уылдырықтарын ішкі рынокта сатуға арналған марканың берілуін қосады.
4. Осы Қағидалар бекіре балық түрлерінің уылдырығын сатумен айналысатын заңды және жеке тұлғаларға қолданылады.
5. Таңбалауды ішкі және сыртқы рыноктарда уылдырықты сатумен айналысатын заңды және жеке тұлғалар қамтамасыз етеді.
6. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тауар транзитінің кедендік режимінде орны ауыстырылатындарды қоспағанда, барлық уылдырық түрлері таңбалауға жатады.
7. Ішкі және сыртқы рыноктарда сатылатын бекіре балық түрлерінің уылдырықтарын таңбалау үшін мынадай маркалар қолданылады:
1) осы Қағиданың 1-қосымшасында берілген нысанға сәйкес, ішкі рынокта бекіре балык түрлерінің уылдырықтарын сатуға арналған марка (бұдан әрі - Ішкі рынокқа арналған марка);
2) осы Қағиданың 2-қосымшасында берілген нысанға сәйкес, сыртқы рынокта бекіре балық түрлерінің уылдырықтарын сатуға арналған марка (бұдан әрі - сыртқы рынокқа арналған марка).
2. Ішкі және сыртқы рыноктарда сату үшін бекіре тұқымдас
балықтардың уылдырығын таңбалау тәртібі
8. Ішкі рынокқа арналған марканың дайындалуы әкімшілік органмен қамтамасыз етіледі.
Сыртқы рынокқа арналған марканың дайындалуы Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Әкімшілік органның құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлерін, олардың бөліктері мен дериваттарын Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 31 мамырдағы № 705 қаулысына сәйкес, Әкімшілік органның құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлерін, олардың бөліктері мен дериваттарын Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге әкетуге берілген рұқсат қағазында көрсетілген көлемді таңбалауға қажет мөлшерге сәйкес бекіре балық түрлерінің уылдырығын сатумен айналысатын заңды және жеке тұлғалармен (бұдан әрі - уылдырықты сатумен айналысатын тұлғалар) қамтамасыз етіледі.
9. Маркаларды жабыстырғанда қолданылатын желім оның кеуіп, тауардан ажырамауын және марканы қайта пайдалануының болмауын қамтамасыз ету үшін жоғары және төмен температураларға, әртүрлі ылғалдылыққа төзімді болуы тиіс.
Марка сыйымдылыққа жабыстырылғанда оның көріну мүмкіндігі ескеріледі.
10. Ішкі рынокқа арналған маркаларды беруді әкімшілік орган жүзеге асырады.
Ішкі рынокқа арналған маркалардың құны дайындауды ескере отырып айқындалады.
11. Ішкі рынокқа арналған маркаларды алу үшін, әкімшілік органға осы Қағиданың 3-қосымшасында берілген нысанға сәйкес өтініш жолданады.
12. Ішкі рынокқа арналған марканы алу үшін өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) жеке басын куәландыратын құжатының көшірмесі (жеке тұлға үшін);
2) заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы анықтамасының көшірмесі;
3) заңды тұлғаны құрусыз кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыруға құқық беретін құжаттардың көшірмесі;
4) құрылтай құжатының көшірмесі (заңды тұлға үшін) (болған жағдайда);
5) егер өтінілген уылдырық:
отандық-табиғи (яғни жабайы) болса, өтінілген уылдырық алынған бекіре балық түрлерін заңды аулауды дәлелдейтін жануарлар дүниесін пайдалануға берілген рұқсат қағазын ұсыну қажет;
импорттық болса, әкімшілік органның Қазақстан Республикасы аумағына әкелуге берілген рұқсатының көшірмесін ұсыну қажет;
тәркіленген болса, тәркіленгені туралы сот қаулысын ұсыну қажет;
6) маркалар үшін төлемақы туралы төлем тапсырысының түпнұсқасы.
13. Әкімшілік орган өтінішті және оған қоса берілген құжаттарды 5 жұмыс күні ішінде қарайды, бұдан кейін маркалар беруді жүргізеді немесе дәлелді бас тарту жолдайды.
Ішкі рынокқа арналған маркаларды беруден мынадай жағдайларда бас тартылады:
1) өтінішті белгіленген нысан бойынша ұсынбау, сондай-ақ осы Қағидалардың 12-тармағында көзделген құжаттардың толық пакетін ұсынбау;
2) ұсынылған құжаттарда дұрыс емес мәліметтердің болуы.
14. Алынған маркалар әкімшілік органға қайтарудан басқа, қайта сатуға және беруге жатпайды.
15. Маркалар өтініш берушіге немесе өтініш берушінің сенімхаты бойынша басқа тұлғаға маркалар есебі журналына қол қоя отырып беріледі.
16. Маркаларды берген кезде әкімшілік органның уәкілетті тұлғасы екі данада жүкқұжат жазады. Жүкқұжаттың бір данасы алушыға беріледі.
Жүкқұжатта мынадай деректер көрсетіледі:
1) маркалардың түрі, нөмірі және саны;
2) маркаларды беру күні;
3) жеке тұлғаны куәландыратын деректер;
4) ішкі рынокқа арналған марканы алушының сенімді тұлғасының жеке басын куәландыратын деректері;
5) заңды тұлғаның атауы;
6) ішкі рынокқа арналған марканы алушының қолы.
17. Алушыларға маркаларды беру өтініште көрсетілген саны мен түрлеріне сәйкес жүргізіледі.
3. Қорытынды ереже
18. Ішкі рынокқа арналған марка қатаң есептілік құжаты болып табылады. Маркаларды беру туралы мәліметтер осы Қағиданың 4-қосымшасында берілген нысан бойынша нөмірленген, түптелген, әкімшілік органның мөрімен расталған ішкі рынокқа арналған маркалар есебі журналына жазылады.
Ішкі рынокқа арналған маркалар есебі журналы 5 жыл сақталады.
19. Әкімшілік орган ішкі рынокқа арналған маркалардың есебін жүргізу, сақтау, беру және есептілігі үшін жауапты лауазымды тұлғаны бұйрықпен тағайындайды.
20. Ішкі рынокқа арналған маркаларды алушылар жыл сайын есепті жылдан кейінгі 1 ақпанға дейін әкімшілік органға алынған маркаларды пайдалану туралы деректерді көрсете отырып, мынадай мәлімет ұсынады:
1) нөмірі және уылдырық түрі бойынша алынған ішкі рынокқа арналған маркалар саны;
2) пайдаланылған ішкі рынокқа арналған маркалар саны;
3) пайдаланылмаған ішкі рынокқа арналған маркалар саны және оларды пайдаланбау себептері.
21. Бүлінген ішкі рынокқа арналған маркалар әкімшілік органға қайтарылады.
Ішкі рынокқа арналған маркалардың қайтарылуы алушының ерікті нысанда жазылған қайтару туралы өтінішінің негізінде, қайтару себептерін көрсете отырып және олар алынған жүкқұжатты көрсеткен кезде жүргізіледі.
Алушы бүлінген маркаларды жеке параққа жабыстырады, ал олардың жеке бөлшектері біріктірулері тиіс.
22. Бүлінген маркалардың жойылуы құрамы әкімшілік органның үш лауазымды тұлғасынан кем емес комиссиясымен іске асырылады.
Бүлінген маркаларды жою актісінде, жойылған маркалардың түрлері, нөмірлері және саны көрсетіледі.
Комиссия қол қойған актілер әкімшілік органның мөрімен расталады.
Қазақстан Республикасында бекіре
балық түрлерінің уылдырығын ішкі
және сыртқы нарықтарда саудалау
үшін таңбалау қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Ішкі рынокқа арналған марка
Ішкі рынокқа арналған марканың сипаттамасы
1. Марканың өлшемі 100 х 19 мм.
2. Қазақстан Республикасында өндірілген уылдырыққа арналған маркасының негізгі реңі жасыл, импортталған уылдырық үшін - қызыл.
3. Марканың сол жағында:
металсыздандырғылған мыс жолағы, «уылдырық» микро мәтіні орналастырылған.
4. Марканың ортасында бекіре балығы бейнеленген.
5. Оң жағында:
нөмірлеу (ультракүлгін сәулеленумен), Қазақстан Республикасының мемлекеттік гербі, түс дифракцияларының өзгеру эффектісі бар «СIТЕS» сөзі жазылған голлограмма орналасқан. Голлограммада бейненің басқа бұрышында «KZ» сөзі оқылады.
Қазақстан Республикасында бекіре
балық түрлерінің уылдырығын ішкі
және сыртқы нарықтарда саудалау
үшін таңбалау қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Сыртқы рынокқа арналған марка
Сыртқы рынокқа арналған марканың сипаттамасы
1. Марканың өлшемі 100 х 19 мм.
2. Марканың негізгі реңі - көгілдір.
3. Марканың сол жағында;
металсыздандырылған мыс жолағы, «уылдырық» микро мәтіні орналастырылған.
4. Марканың ортасында бекіре балығы бейнеленген.
5. Оң жағында:
нөмірлеу (ультракүлгін сәулеленумен), Қазақстан Республикасының мемлекеттік гербі, түс дифракцияларының өзгеру эффектісі бар «CITES» сөзі жазылған голлограмма орналасқан. Голлограммада бейненің басқа бұрышында «KZ» сөзі оқылады.
*Ескертпе: Бекіре тұқымдас балықтарының бірдейлендіру кодын көрсеткен кезде келесі кесте қолданылады:
Түрлері |
Коды |
||
Сібір бекіресі |
Сибирский осетр |
Acipenser baerii |
BAE |
Орыс бекіресі |
Русский осетр |
Acipenser gueldenstaedtii |
GUE |
Пілмай |
Шип |
Acipenser nudiventris |
NUD |
Парсы бекіресі |
Персидский осетр |
Acipenser persicus |
PER |
Сүйрік |
Стерлядь |
Acipenser ruthenus |
RUT |
Шоқыр |
Севрюга |
Acipenser stellatus |
STE |
Қортпа |
Белуга |
Huso huso |
HUS |
Ескектұмсық |
Веслонос |
Polyodon spathula |
SPA |
Калуга |
Калуга |
Huso dauricus |
DAU |
Аралас түрлер |
Различные виды |
Mixed species |
MIX |
Қазақстан Республикасында бекіре
балық түрлерінің уылдырығын ішкі
және сыртқы нарықтарда саудалау
үшін таңбалау қағидаларына
3-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасындағы
Әкімшілік орган
_________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы,
_________________________________________
жеке тұлғаның (жеке кәcіпкердің),
_________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда),
_________________________________________
мекенжайы, телефоны)
Өтінім
Бекіре балық түрлерінің уылдырығын ішкі рынокта сатуға арналған маркаларды беруді сұраймын.
1 |
Мемлекеттік, орыс және латын тілдеріндегі атауымен уылдырық түрі |
|
2 |
Уылдырықтың шығу тегі (отандық, импортталған, тәркіленген), Қазақстан Республикасында жасанды өсірілген болса, әкімшілік органда тіркелгені туралы куәлігінің нөмірі мен мерзімін көрсету қажет |
|
3 |
Өтінім берушінің мемлекеттік және орыс тіліндегі заңды мекенжайы (жеке тұлға үшін - үй мекенжайы, паспорттық деректері), олардың телефондары |
|
4 |
Банкалар саны және уылдырықтың түрі мен салмағы |
20__ жылғы _________________ Мөр орны _________________________
(өтініш берушінің күні) (өтінім берушінің қолы және
тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда)
Қазақстан Республикасында бекіре
балық түрлерінің уылдырығын ішкі
және сыртқы нарықтарда саудалау
үшін таңбалау қағидаларына
4-қосымша
Нысан
Ішкі рынокқа арналған маркалар есебі журналы
№ |
Маркаларды алушы заңды тұлғаның атауы |
Алынған маркалар саны |
Жүкқұжат нөмірі |
Алушыға маркаларды беру күні |
Марканың түрі, сыйымдылық |
Алушының ЖСН |
Маркалар алушысы өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) |
Маркалар алушысы өкілінің құжаттарының деректері |