"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 14 наурыздағы № 245 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 мамырдағы № 451 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5-5) тармақшасына сәйкес, жұмысқа орналастыруға мұқтаж қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2013 жылға қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының жалпы санының бір пайызы мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгіленсін.
      2. "Бұқар жырау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Н.Г. Алексеева) жұмысқа орналастыруына жәрдем жасасын.
      3. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Ш. Мамалинов