Мемлекеттік ресурстарға 2013 жылғы егіннің астығын сатып алу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 349 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мемлекеттiк ресурстарға 2013 жылғы егiннiң астығын сатып алуды жүзеге асыруға арналған бюджет қаражатының сомасы 5281093000 (бес миллиард екі жүз сексен бір миллион тоқсан үш мың) теңге мөлшерiнде белгіленсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.12.2013 № 1407 қаулысымен.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А.С. Мамытбековке жүктелсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов