"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" (жаңа редакцияда) Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінен кері қайтарып алу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 1 сәуірдегі № 314 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 5 наурыздағы № 209 қаулысымен енгізілген «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» (жаңа редакцияда) Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінен кері қайтарып алынсын.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов