Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы операторды айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 наурыздағы № 281 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 17 шілдедегі № 600 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 17.07.2023 № 600 қаулысымен.

      "Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы" 2013 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 14) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қаржы орталығы" акционерлік қоғамы Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы оператор болып айқындалсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

С. Ахметов