Маңғыстау облысын дамыту перспективалары бойынша 2013 - 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 28 ақпандағы № 193 қаулысы

      Маңғыстау облысын әлеуметтік-экономикалық дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Маңғыстау облысын дамыту перспективалары бойынша 2013 - 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары және Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органдары Жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін және жартыжылдықтың қорытындылары бойынша 20 қаңтардан және 20 шілдеден кешіктірмей Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігіне олардың іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
      3. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі жартыжылдықтың қорытындылары бойынша 1 ақпаннан және 1 тамыздан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспардың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 28 ақпандағы 
№ 193 қаулысымен  
бекітілген      

Маңғыстау облысын дамыту перспективалары бойынша 2013 - 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары

Р/с №

Іс-шаралар атауы

Аяқталу нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзімі

Қаржыландыру көздері мен көлемі (мың теңге)*

1

2

3

4

5

6

1. Тыныс-тіршілікті қамтамасыз ететін және көлік инфрақұрылымын дамыту

Энергетика және сумен жабдықтауды дамыту

1

Маңғыстау облысының электр желілерін дамыту схемасы мен жоспарын әзірлеу (өңірдің даму перспективаларын негіздей отырып)

Облыстық мәслихат шешімі

Маңғыстау облысының әкімдігі

2013 жыл

Жергілікті бюджет

2

Маңғыстау облысының электр желілерін дамыту схемасы мен жоспары (өңірдің даму перспективаларын негіздей отырып) деректерінің негізінде жұмыс істеп тұрған генерацияланатын куаттарды реконструкциялау және/немесе жаңадан салу орындылығының ТЭН-ін әзірлеуді қаржыландыру мәселесін пысықтау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Маңғыстау облысынының әкімдігі, «Самұрық- Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша), «Қазатомөнер кәсіп» ҰАК» АҚ (келісім бойынша)

2013 жыл

Талап етілмейді

3

Мұнайлы ауданында «Күйіліс-Меловое» кен орнынан ЦУВС-1-ге дейін сутартқыш пен сорғы станциясын салу

Пайдалануға беру актісі

ӨДМ, ЭБЖМ, Маңғыстау облысының әкімдігі

2015-2018 жылдар

Республикалық бюджет
3 520 564,
оның ішінде:
2015 ж. - 960 440
2015 жылдан
кейін - 2 560 124

Көлік инфрақұрылымын дамыту

4

«Атырау-Ақтау» автомобиль жолының «Шетпе-Жетібай-Ақтау» учаскесін реконструкциялау үшін АДБ-ның екінші траншы бойынша қарыз туралы келісімді ратификациялау үшін Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізуді тездету

«Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы «Атырау-Ақтау» автомобиль жолының «Шетпе- Жетібай-Ақтау» учаскесін қаржыландыру жөніндегі келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізу

ККМ, Қаржымині, ӨДМ, ЭБЖМ, Маңғыстау облысының әкімдігі

2013 жылғы 2-тоқсан

Талап етілмейді

5

«Жетібай-Жаңаөзен», «Жаңаөзен-Түрікменстан шекарасы» және «Бейнеу-Ақжігіт» автомобиль жолдарын реконструкциялау мәселесін пысықтау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ККМ, Қаржымині, ӨДМ, ЭБЖМ, Маңғыстау облысының әкімдігі

2013 жылы

Талап етілмейді

6

Құрық портының жағалау инфрақұрылымының жоспарланған объектілеріне жаңа темір жол желісін салудың ТЭН-ін әзірлеу

ТЭН-ге мемлекеттік сараптама қорытындысы

«ҚТЖ» ҰК» АҚ (келісім бойынша)

2013 жыл

«ҚТЖ» ҰК» АҚ қаражаты

2. Мұнай-газ секторын және жағалау инфрақұрылымын дамыту

7

Өңірді кешенді дамытуға ықпал ететін өндірістердің шикізат базасын зерттеу және дайындау бойынша геологиялық-барлау жұмыстарын жүргізуге арналған шығыстарды ұлғайту мәселесін пысықтау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Маңғыстау облысының әкімдігі, ИЖТМ, «Самұрық-Қ азына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша), «ҚМГ» ҰК» АҚ (келісім бойынша)

2013 жылғы ақпан

Талап етілмейді

8

Қарақия ауданының Құрық кентіндегі кеме жасау/кеме жөндеу зауытын салу

Пайдалануға беру актісі

«ҚМГ» ҰК» АҚ (келісім бойынша)

2017 жыл

«ҚМГ» ҰК» АҚ қаражаты

9

Қарақия ауданының Құрық кентінде паром кешенін салу мәселесін пысықтау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ККМ, ӨДМ, ЭБЖМ, Маңғыстау облысының әкімдігі «ҚМГ» ҰК» АҚ (келісім бойынша)

2013 жыл

Талап етілмейді

10

Маңғыстау облысының жағалауы мен акваториясында ҚК ҚӘ-нің, ӘҚК-нің, ӘТК мен ҰҚК-нің полигондарын орналастыру үшін қажетті аудан көлемін және жарамды аумақтарды белгілеу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Қорғанысмині, ҰҚК (келісім бойынша), Маңғыстау облысының әкімдігі

2013 жылғы 1 жарты-жылдық

Талап етілмейді

11

Ақтау қаласында кеме жасау/кеме жөндеу зауытын салуға ТЭН әзірлеу

ТЭН-ге мемлекеттік сараптама қорытындысы

Қорғанысмині, «Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ (келісім бойынша)

2013-2015 жылдар

«Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ қаражаты

12

Каспий қайраңында экологиялық ден қою базасын құру бойынша тәсілдерді айқындау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ТЖМ, МГМ, Қоршағанортамині, «ҚМГ» ҰК» АҚ (келісім бойынша)

2013 жыл

Талап етілмейді

13

«Жеткізу арнасы. Түпқараған шығанағындағы теңіз табанын тереңдету» объектісін салу мәселесін пысықтау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Маңғыстау облысының әкімдігі, ККМ

2013 жыл

Талап етілмейді

14

«ТШО» ЖШС-мен бірлесіп, Маңғыстау облысының кәсіпорындарында металл конструкцияларын жасауға тапсырыстарды орналастыру мүмкіндігін қарау

Қазақстан Республикасы Үкіметіне ақпарат

МГМ, ИЖТМ, Маңғыстау облысының әкімдігі, «ҚМГ» ҰК» АҚ (келісім бойынша)

2014-2017 жылдар

Талап етілмейді

Теңіз порттарын дамыту

15

«Ақтау халықаралық теңіз сауда портын солтүстік бағытта кеңейту. Құрғақ жүк тиеу айлақтары және инфрақұрылым объектілері» жобасының ТЭН-ін әзірлеу

ТЭН-ге арналған мемлекеттік сараптама қорытындысы

«АХТСП» РМК

2013 жылғы 3-тоқсан

«АХТСП» РМК қаражаты

16

Көлік-логистикалық жүйесін дамыту стратегиясымен байластыруды есепке ала отырып, Ақтау қаласындағы теңіз портын одан әрі дамыту жөніндегі жұмысты жалғастыру

Қазақстан Республикасы Үкіметіне ақпарат

ККМ, «ҚТЖ» ҰК» АҚ (келісім бойынша)

2013 жыл

Талап етілмейді

17

Корғанысминінің, ҰҚК-нің, ТЖМ-нің кемелері мен катерлерін бірге орналастыру пунктінің объектілерін: Ақтау қаласында орналастыруға - ЖСҚ әзірлеу;

ЖСҚ-ға мемлекеттік сараптама қорытындысы

Қорғанысмині

2013 жыл

Талап етілмейді

Баутин кентінде орналастыруға -ТЭН әзірлеу;


ТЭН-ге мемлекеттік сараптама қорытындысы

ҰҚК (келісім бойынша)

2013 жыл

Талап етілмейді

Құрық кентінде орналастыруға - жер учаскесін бөлу;


Маңғыстау облысы әкімдігінің қаулысы

Маңғыстау облысының әкімдігі, ТЖМ

2013 жыл

Талап етілмейді

Фетисов және Қаражанбас елді мекендерінде орналастыруға - жер учаскесін бөлу


Маңғыстау облысы әкімдігінің қаулысы

Маңғыстау облысының әкімдігі, ҰҚК (келісім бойынша)

2014 жыл

Талап етілмейді

18.

ҚР Қорғанысминінің, ҰҚК-нің, ТЖМ-нің:
Ақтау қаласында - Қорғанысминінің;
Баутин кентінде - Фетисов және Қаражанбас елді мекендерінде ҰҚК-нің;
Құрық ауылында - ТЖМ-нің кемелері мен катерлерін бірге орналастыру пунктінің объектілерін салуға арналған инвестициялық ұсыныс енгізу

ЭБЖМ-нің инвестициялық ұсынысқа арналған қорытындысы

Қорғанысмині, ҰҚК (келісім бойынша), ТЖМ

2013-2015 жылдар

Талап етілмейді

19.

«Баутин кентіндегі ұсталған теңіз кемелеріне арналған айлақ (айып тұрағы)» жобасын іске асырудың орындылығы мәселесін пысықтау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Маңғыстау облысының әкімдігі ККМ

2013 жыл

Талап етілмейді

20

Құрамында мұнайы бар суды, мұнай және бұрғылау қалдықтарын тазалау жөніндегі құрылысты салудың орындылығы туралы мәселені пысықтау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Маңғыстау облысының әкімдігі, МГМ

2013 жыл

Талап етілмейді

3. Мұнай сервисі кластерін дамыту

Технологиялық полигон

21

Технологиялық полигон құру, жобаның ТЭН-і мен ЖСҚ-сын қаржыландыру тетігін пысықтау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИЖТМ, МГМ, Маңғыстау облысының әкімдігі, «NADLoC» АҚ (келісім бойынша)

2013 жыл

Талап етілмейді

22

Технологиялық полигонды орналастыруға аумақты дайындау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Маңғыстау облысының әкімдігі

2013 жыл

Талап етілмейді

23

Технологиялық полигонда сервистік мұнай компаниялары үшін кадрларды даярлауды және қайта даярлауды қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Маңғыстау облысының әкімдігі, БҒМ, Еңбекмині, МГМ, ИЖТМ

Жыл сайын, 2014 жылғы 3 тоқсаннан бастап

жер қойнауын пайдаланушылардың қаражаты

Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің базасындағы Инжиниринг орталығы

24

«Ш. Есенов атындағы КМТИУ» РМКК-ның базасында Инжиниринг орталығын салуға ЖСК әзірлеуді аяқтау

ЖСҚ-ға арналған мемлекеттік сараптама қорытындысы

Маңғыстау облысының әкімдігі

2013 жылғы наурыз

Талап етілмейді

25

«Ш. Есенов атындағы КМТИУ» РМКК-ның базасында Инжиниринг орталығын салуды қаржыландыру мәселесін пысықтау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Маңғыстау облысының әкімдігі, ИЖТМ, БҒМ, «Ш.Есенов атындағы КМТИУ» РМКК

2013 жыл

Талап етілмейді

4. Кендірлі халықаралық курорттық аймағын дамыту

26

Кендірлі курорттық аймағының инвестициялық тартымдылығын күшейту бойынша шаралар әзірлеу (салықтық жеңілдіктер, субсидиялар, қаржы құралдары, кепілдіктер және т.б.)

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Маңғыстау облысының әкімдігі, ИЖТМ, ЭБЖМ, ӨДМ

2013 жылғы 1 жарты-жылдық

Талап етілмейді

27

Кендірлі курорттық аймағын дамытудың Жүйелі жоспарына сәйкес Кендірлі курорттық аймағын салудың Бас жоспарына өзгерістер енгізу жөніндегі мәселені пысықтау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Маңғыстау облысының әкімдігі

2013 жыл

Талап етілмейді

28.

Кендірлі курорттық аймағында ұлттық компаниялар мен ірі кәсіпорындардың корпоративтік сауықтыру және мәдени ойын-сауық объектілерін дамыту жөніндегі мәселені пысықтау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Маңғыстау облысының әкімдігі

2013 жыл

Жеке инвестициялар


БАРЛЫҒЫ: республикалық бюджет




3 520 564, оның ішінде:





2013 ж.

-





2014 ж.

-





2015 ж.

960 440





2015 жылдан кейін

2 560 124

* -  республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен қаржыландырылатын іс-шаралар бойынша шығыстар көлемі тиісті жоспарды кезеңге арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді қалыптастыру (нақтылау) кезінде нақтыланатын болады

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ИЖТМ — Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі
БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
МГМ - Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрлігі
Қоршағанортамині - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
ККМ - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
Еңбекмині - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Қорғанысмині- Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі
ТЖМ -Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
ӨДМ - Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі
ҰҚК - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті
«ҚазМұнай Газ» ҰК» АҚ - «ҚазМұнай Газ» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ - «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы
«Самұрық-Казына» ҰӘҚ» АҚ - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ - «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамы
«Казақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ - «Казақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы
«NADLoC» АҚ - «Жергілікті қамтуды дамытудың ұлттық агенттігі» акционерлік қоғамы
«АХТСП» РМК - «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны
«Ш. Есенов ат. КМТИУ» РМКК - «Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті» республикалық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
«ТШО» ЖШС - «Теңізшевройл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
АДБ - Азия Даму Банкі
КК ӘТК - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әуе-теңіз күштері
ЖСҚ - жобалау-сметалық құжаттама
КӘ - құрлық әскері
ӘКК - әуе қорғаныс күштері
ТЭН - техникалық-экономикалық негіздеме
СЖОТ - сумен жабдықтаудың орталық торабы