2013 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін арттыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 желтоқсандағы № 1715 Қаулысы

      БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

      «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2013 жылғы 1 қаңтарға әлеуметтік төлемдерді алушылар болып табылатын адамдарға еңбек қабілетін жоғалту және асыраушысынан айрылу жағдайларына Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан тағайындалған әлеуметтік төлемдердің мөлшері 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап он алты пайызға арттырылсын.
      2. Осы қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           С. Ахметов