Ішкі нарықта сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізудің шекті бағасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 желтоқсандағы № 1695 Қаулысы

      «Газ және газбен жабдықтау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкімет ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Қазақстан Республикасының ішкі нарығында сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізудің 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 наурызды қоса алғандағы кезеңге арналған шекті бағасы қосылған құн салығын есепке алмай, тоннасына 33 009,47 теңге (отыз үш мың тоғыз теңге, қырық жеті тиын) мөлшерінде белгіленсін.
      Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он бес күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           С.АХМЕТОВ.