Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Балық шаруашылығы су тоғандарында балық және басқа су жануарларын аулаудың 2012 жылға арналған лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қаңтардағы № 67 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 24, 335-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Балық шаруашылығы су тоғандарында балық және басқа су жануарларын аулаудың 2012 жылға арналған лимиттерін бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған балық шаруашылығы су тоғандарында балық және басқа су жануарларын аулаудың 2013 жылғы 15 ақпанға дейінгі лимиттері бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген балық шаруашылығы су тоғандарында балық және басқа су жануарларын аулаудың 2012 жылғы арналған лимиттерінде тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Балық шаруашылығы су тоғандарында балық және басқа су жануарларын аулаудың 2013 жылғы 15 ақпанға дейінгі лимиттері».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С.Ахметов.