20.12.2012

"Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 қарашадағы № 1297 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.12.2015 № 1034 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 қарашадағы № 1297 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 1, 13-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларында:
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Жыртылған қабаттағы жалпы гумустың құрамы, жеңіл гидролизделетін азот, жылжымалы фосфор және ауыспалы калийдің орташа есептелген көрсеткіштері суарылмайтын жерде – жеті жылда бір рет және суармалы жерде – бес жылда бір рет айналыммен жүргізілетін топырақты агрохимиялық тексеру нәтижелері бойынша айқындалады және бірінші (базалық) турдағы агрохимиялық тексеруде белгіленген көрсеткіштермен салыстырылады.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           С. Ахметов


Дата вступления в силу:  20.12.2012
Дата изменения акта:  23.12.2015
Дата принятия акта:  20.12.2012
Информация об официальном опубликовании акта:  "Егемен Қазақстан" 16.02.2013ж., № 69 (28008); "Казахстанская правда" от 16.02.2013 г., № 59-60 (27333-27334); Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 4, 80-құжат
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  103000000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  69458
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  1637
Статус акта:  yts
Сфера правоотношений:  017001000000 / 011000000000
Форма акта:  ПОСТ / ИЗМ
Юридическая сила:  1000
Язык акта:  kaz