Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің «Ақтөбе обаға қарсы күрес станциясы» мемлекеттік мекемесі оған Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің «Шалқар обаға қарсы күрес станциясы» мемлекеттік мекемесін қосу жолымен заңнамада белгіленген тәртіппен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1125 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 42, 534-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
«Мемлекеттік мекемелер» деген бөлімдегі реттік нөмірі 10-жол алынып тасталсын;
2) «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
13-бөлімнің 3-бағанында:
«Ақтөбе обаға қарсы күрес станциясы» деген жолда «103» деген сандар «194» деген сандармен ауыстырылсын;
«Орал обаға қарсы күрес станциясы» деген жолда «320» деген сандар «322» деген сандармен ауыстырылсын;
«Шымкент обаға қарсы күрес станциясы» деген жолда «134» деген сандар «136» деген сандармен ауыстырылсын;
«Шалқар обаға қарсы күрес станциясы 95» деген жол алынып тасталсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны іске асыру жөніндегі қажетті шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов