Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 28.08.2013 № 06-7/120 бұйрығымен.
«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Құқық қорғау органдарындағы лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 21 ақпандағы № 02-01-02/32 (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6801 болып тіркелген, 2011 жылғы 16 сәуірдегі № 129-130 (26550-26551) «Казахстанская правда» газетінде жарияланған) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрығымен бекітілген Құқық қорғау органдарындағы лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарында:
7-тармағында:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) бірінші топшасы үшін ((комитет төрағасы – ТЖМ, ІІМ, ҚАЖК (C-SV-1), төраға – КБК (Қ-КБ-1), аппарат басшысы – ІІМ, ТЖМ (C-SV-1), ЭСЖКА (C-FP-1)):
білім – нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби;
жоғары арнайы немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімінің болуы лазым;
денсаулық жағдайына қарай құқық қорғау органдарында қызмет етуге жарамдылық;
осы топшадағы лауазымдары бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білім және дағды;
үміткер лауазымға орналасуға үміттенетін құқық қорғау органның (бұдан әрі – тиісті құқық қорғау орган) лауазымдарында жұмыс өтілінің он жылдан кем емес, оның ішінде бес жылдан кем емес аудан деңгейінде басшылық лауазымдарда жұмыс өтілінің бар болуы, не төрт жылдан кем емес облыс деңгейінде басшылық лауазымдарда жұмыс өтілінің бар болуы, не үш жылдан кем емес орталық деңгейінде басшылық лауазымдарда жұмыс өтілінің бар болуы, не он бір жылдан кем емес құқық қорғау қызметінде жұмыс өтілінің бар болуы, оның ішінде алты жылдан кем емес аудан деңгейінде басшылық лауазымдарда жұмыс өтілінің бар болуы, не бес жылдан кем емес облыс деңгейінде басшылық лауазымдарда жұмыс өтілінің бар болуы, не төрт жылдан кем емес орталық деңгейінде басшылық лауазымдарда жұмыс өтілінің бар болуы, не мемлекеттік органдарда жұмыс өтілінің он екі жылдан кем емес, оның ішінде алты жылдан кем емес басшылық лауазымдарда жұмыс өтілінің бар болуы, не осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес жұмыс өтілінің он үш жылдан кем емес, оның ішінде жеті жылдан кем емес басшылық лауазымдарда жұмыс өтілінің бар болуы;
Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының лауазымдары үшін (департамент бастығы, Бас прокурордың аса маңызды тапсырмалар жөніндегі аға көмекшісі – БП (C-GP-1)):
білім – нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби;
жоғары арнайы немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімінің болуы лазым;
денсаулық жағдайына қарай құқық қорғау органдарында қызмет етуге жарамдылық;
осы топшадағы лауазымдары бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білім және дағды;
тиісті құқық қорғау органның лауазымдарында қызмет өтілінің сегіз жылдан кем емес, оның ішінде орталық аппаратта басшылық лауазымдарда, облыстық органның басшысы орынбасары лауазымдарында, жиынтықтағы тиісті құқық қорғау органның аудан органындағы бірінші басшы лауазымында екі жылдан кем емес жұмыс өтілінің бар болуы, не мәні бірдей лауазымдарда немесе келесі төменгі санаттағы лауазымдарда бір жылдан кем емес жұмыс өтілінің бар болуы, не құқық қорғау органның лауазымдарында жұмыс өтілінің тоғыз жылдан кем емес, оның ішінде бес жылдан кем емес басшылық лауазымдарда жұмыс өтілінің бар болуы, не мемлекеттік қызметте он бір жылдан кем емес, оның ішінде бес жылдан кем емес басшылық лауазымдарда жұмыс өтілінің бар болуы, не осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес жұмыс өтілінің он үш жылдан кем емес, оның ішінде алты жылдан кем емес басшылық лауазымдарда жұмыс өтілінің бар болуы;»;
2) тармақша абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) екінші топшасы үшін (Комитет төрағасының орынбасары – ТЖМ, ІІМ, ҚАЖК (C-SV-2), төрағаның орынбасары – КБК (Қ-КБ-2), департамент бастығы (директоры) – ТЖМ, ІІМ (C-SV-2), ЭСЖКА (C-FP-2)):
білім – нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби;
жоғары арнайы немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімінің болуы лазым;
денсаулық жағдайына қарай құқық қорғау органдарында қызмет етуге жарамдылық;
осы топшадағы лауазымдары бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білім және дағды;
тиісті құқық қорғау органның лауазымдарында жұмыс өтілінің тоғыз жылдан кем емес, оның ішінде төрт жылдан кем емес аудан деңгейінде басшылық лауазымдарда жұмыс өтілінің бар болуы, не үш жылдан кем емес облыс деңгейінде басшылық лауазымдарда жұмыс өтілінің бар болуы, не екі жылдан кем емес орталық деңгейінде басшылық лауазымдарда жұмыс өтілінің бар болуы, не құқық қорғау қызметінде он жылдан кем емес, оның ішінде төрт жылдан кем емес аудан деңгейінде басшылық лауазымдарда жұмыс өтілінің бар болуы, не үш жылдан кем емес облыс деңгейінде басшылық лауазымдарда жұмыс өтілінің бар болуы, не екі жылдан кем емес орталық деңгейінде басшылық лауазымдарда жұмыс өтілінің бар болуы, не мемлекеттік органдарда жұмыс өтілінің он бір жылдан кем емес, оның ішінде бес жылдан кем емес басшылық лауазымдарда жұмыс өтілінің бар болуы, не осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес жұмыс өтілінің он екі жылдан кем емес, оның ішінде алты жылдан кем емес басшылық лауазымдарда жұмыс өтілінің бар болуы;
Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының лауазымдары үшін (БП департамент бастығының орынбасары, дербес басқарма бастығы – БП (C-GP-2)):
білім – нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби;
жоғары арнайы немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімінің болуы лазым;
денсаулық жағдайына қарай құқық қорғау органдарында қызмет етуге жарамдылық;
осы топшадағы лауазымдары бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білім және дағды;
тиісті құқық қорғау органның лауазымдарында қызмет өтілінің жеті жылдан кем емес, оның ішінде орталық аппаратта басшылық лауазымдарда, облыстық органның бірінші басшысы немесе оның орынбасары лауазымдарында, жиынтықтағы тиісті құқық қорғау органның аудан органындағы бірінші басшы лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілінің бар болуы, не мәні бірдей лауазымдарда немесе келесі төменгі санаттағы лауазымдарда бір жылдан кем емес жұмыс өтілінің бар болуы, не құқық қорғау органның лауазымдарында жұмыс өтілінің сегіз жылдан кем емес, оның ішінде төрт жылдан кем емес басшылық лауазымдарда жұмыс өтілінің бар болуы, не мемлекеттік қызметте он жылдан кем емес, оның ішінде бес жылдан кем емес басшылық лауазымдарда жұмыс өтілінің бар болуы, не осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес жұмыс өтілінің он екі жылдан кем емес, оның ішінде алты жылдан кем емес басшылық лауазымдарда жұмыс өтілінің бар болуы;»;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) үшінші топшасы үшін (департамент бастығының (директорының) орынбасары – ТЖМ, ІІМ (C-SV-3), ЭСЖКА (C-FP-3), департамент бастығының (директорының) бірінші орынбасары – ЭСЖКА (C-FP-3), басқарма бастығы – ТЖМ, ІІМ (C-SV-3), ЭСЖКА (C-FP-3), аппарат басшысының орынбасары – ЭСЖКА (C-FP-3)):
білім – нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби;
жоғары арнайы немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімінің болуы лазым;
денсаулық жағдайына қарай құқық қорғау органдарында қызмет етуге жарамдылық;
осы топшадағы лауазымдары бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білім және дағды;
тиісті құқық қорғау органның лауазымдарында жұмыс өтілінің сегіз жылдан кем емес, оның ішінде үш жылдан кем емес аудан деңгейінде басшылық лауазымдарда жұмыс өтілінің бар болуы, не екі жылдан кем емес облыс деңгейінде басшылық лауазымдарда жұмыс өтілінің бар болуы, не бір жылдан кем емес орталық деңгейінде басшылық лауазымдарда жұмыс өтілінің бар болуы, не құқық қорғау қызметінде тоғыз жылдан кем емес, оның ішінде төрт жылдан кем емес аудан деңгейінде басшылық лауазымдарда жұмыс өтілінің бар болуы, не үш жылдан кем емес облыс деңгейінде басшылық лауазымдарда жұмыс өтілінің бар болуы, не орталық деңгейінде басшылық лауазымдарда немесе келесі төменгі санаттағы лауазымдарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілінің бар болуы, не мемлекеттік органдарда жұмыс өтілінің он жылдан кем емес, оның ішінде төрт жылдан кем емес басшылық лауазымдарда жұмыс өтілінің бар болуы, не осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес жұмыс өтілінің он бір жылдан кем емес, оның ішінде бес жылдан кем емес басшылық лауазымдарда жұмыс өтілінің бар болуы;»;
8-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) бірінші топшасы үшін (облыс прокуроры – БП (C-OGP-1)):
білім – нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби;
жоғары арнайы немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімінің болуы лазым;
денсаулық жағдайына қарай құқық қорғау органдарында қызмет етуге жарамдылық;
осы топшадағы лауазымдары бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білім және дағды;
тиісті құқық қорғау органның лауазымдарында қызмет өтілінің он екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық аппаратта басшылық лауазымдарда, облыстық органның бірінші басшысының орынбасары лауазымдарында, жиынтықтағы тиісті құқық қорғау органның аудан органындағы бірінші басшы лауазымында екі жылдан кем емес жұмыс өтілінің бар болуы, не құқық қорғау қызметінде жұмыс өтілінің он төрт жылдан кем емес, оның ішінде бес жылдан кем емес басшылық лауазымдарда жұмыс өтілінің бар болуы, не он екі жылдан кем емес судья лауазымында жұмыс өтілінің бар болуы;»;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) екінші топшасы үшін (облыстық аумақтық орган басшысы – ІІМ, ТЖМ, ҚАЖК (C-SVO-1), департаменттің бастығы, кеденнің бастығы – КБК (Қ-ОКБ-1), аумақтық органның басшысы – ЭСЖКА (C-FPO-1)):
білім – нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби;
жоғары арнайы немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімінің болуы лазым;
денсаулық жағдайына қарай құқық қорғау органдарында қызмет етуге жарамдылық;
осы топшадағы лауазымдары бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білім және дағды;
тиісті құқық қорғау органның лауазымдарында жұмыс өтілінің тоғыз жылдан кем емес, оның ішінде үш жылдан кем емес аудан деңгейінде басшылық лауазымдарда жұмыс өтілінің бар болуы, не екі жылдан кем емес облыс деңгейінде басшылық лауазымдарда жұмыс өтілінің бар болуы, не бір жылдан кем емес орталық деңгейінде басшылық лауазымдарда жұмыс өтілінің бар болуы, не құқық қорғау қызметінде он жылдан кем емес, оның ішінде бес жылдан кем емес аудан деңгейінде басшылық лауазымдарда жұмыс өтілінің бар болуы, не төрт жылдан кем емес облыс деңгейінде басшылық лауазымдарда жұмыс өтілінің бар болуы, не үш жылдан кем емес орталық деңгейінде басшылық лауазымдарда жұмыс өтілінің бар болуы, не мемлекеттік органдарда жұмыс өтілінің он бір жылдан кем емес, оның ішінде алты жылдан кем емес басшылық лауазымдарда жұмыс өтілінің бар болуы.
Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының лауазымдары үшін (облыс прокурорының бірінші орынбасары, ҚСжАЕК облыстық орган бастығы – БП (C-OGP-2)):
білім – нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби;
жоғары арнайы немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімінің болуы лазым;
денсаулық жағдайына қарай құқық қорғау органдарында қызмет етуге жарамдылық;
осы топшадағы лауазымдары бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білім және дағды;
тиісті құқық қорғау органның лауазымдарында қызмет өтілінің тоғыз жылдан кем емес, оның ішінде орталық аппаратта басшылық лауазымдарда, облыстық органда, жиынтықтағы тиісті құқық қорғау органның аудан органындағы бірінші басшы лауазымында екі жылдан кем емес жұмыс өтілінің бар болуы, не мәні бірдей лауазымдарда немесе келесі төменгі санаттағы лауазымдарда бір жылдан кем емес жұмыс өтілінің бар болуы, не құқық қорғау органның лауазымдарында жұмыс өтілінің он бір жылдан кем емес, оның ішінде бес жылдан кем емес басшылық лауазымдарда жұмыс өтілінің бар болуы, не он жылдан кем емес судья лауазымында жұмыс өтілінің бар болуы, не мемлекеттік қызметте он екі жылдан кем емес, оның ішінде алты жылдан кем емес басшылық лауазымдарда жұмыс өтілінің бар болуы;»;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) үшінші топшасы үшін (облыстық аумақтық орган басшысының орынбасары – ІІМ, ТЖМ, ҚАЖК (C-SVO-2), департамент бастығының орынбасары, кеден бастығының орынбасары – КБК (Қ-ОКБ-2), мамандандырылған кеден мекемесінің бастығы – КБК (Қ-ОКБ-3), аумақтық орган басшысының орынбасары – ЭСЖКА (C-FPO-2)):
білім – нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби;
жоғары арнайы немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімінің болуы лазым;
денсаулық жағдайына қарай құқық қорғау органдарында қызмет етуге жарамдылық;
осы топшадағы лауазымдары бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білім және дағды;
тиісті құқық қорғау органның лауазымдарында жұмыс өтілінің сегіз жылдан кем емес, оның ішінде екі жылдан кем емес аудан деңгейінде басшылық лауазымдарда жұмыс өтілінің бар болуы, не бір жылдан кем емес облыс деңгейінде басшылық лауазымдарда жұмыс өтілінің бар болуы, не орталық деңгейінде басшылық лауазымдарда жұмыс өтілінің бар болуы, не құқық қорғау қызметінде тоғыз жылдан кем емес, оның ішінде төрт жылдан кем емес аудан деңгейінде басшылық лауазымдарда жұмыс өтілінің бар болуы, не үш жылдан кем емес облыс деңгейінде басшылық лауазымдарда жұмыс өтілінің бар болуы, не екі жылдан кем емес орталық деңгейінде басшылық лауазымдарда жұмыс өтілінің бар болуы, не мемлекеттік органдарда жұмыс өтілінің он жылдан кем емес, оның ішінде бес жылдан кем емес басшылық лауазымдарда жұмыс өтілінің бар болуы.
Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының лауазымдары үшін (облыс прокурорының орынбасары, ҚСжАЕК облыстық орган бастығының орынбасары – БП (C-OGP-3)):
білім – нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби;
жоғары арнайы немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімінің болуы лазым;
денсаулық жағдайына қарай құқық қорғау органдарында қызмет етуге жарамдылық;
осы топшадағы лауазымдары бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білім және дағды;
тиісті құқық қорғау органның лауазымдарында қызмет өтілінің сегіз жылдан кем емес, оның ішінде орталық аппаратта басшылық лауазымдарда, облыстық органда, жиынтықтағы тиісті құқық қорғау органның аудан органындағы бірінші басшы лауазымында екі жылдан кем емес жұмыс өтілінің бар болуы, не мәні бірдей лауазымдарда немесе келесі төменгі санаттағы лауазымдарда бір жылдан кем емес жұмыс өтілінің бар болуы, не құқық қорғау органның лауазымдарында жұмыс өтілінің он жылдан кем емес, оның ішінде төрт жылдан кем емес басшылық лауазымдарда жұмыс өтілінің бар болуы, не тоғыз жылдан кем емес судья лауазымында жұмыс өтілінің бар болуы, не мемлекеттік қызметте он бір жылдан кем емес, оның ішінде бес жылдан кем емес басшылық лауазымдарда жұмыс өтілінің бар болуы;».
2. Осы біліктілік талаптары бекітілгенге дейін тағайындалған тұлғаларды тиісті құқық қорғау органында ұқсас қызметке ауыстырған жағдайда, осы лауазымға тағайындау бұрын бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес жүргізіледі.
3. Мемлекеттік қызметті өткеру бөлімі (М.Ы. Өтешев) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуді және ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері
агенттігінің Төрағасы А. Байменов