25.10.2012

Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.06.2015 № 457 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының ҮкіметіҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметті жүзеге асыру үшін біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 30.11.2013 N 1297 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2014.12.09 № 1288 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
      2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 25 қазандағы
№ 1362 қаулысына
қосымша       

Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың
айналымына байланысты қызметті жүзеге асыру үшін
біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын
құжаттардың тізбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 30.11.2013 N 1297 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Р/с

Біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:

Құжаттар

Ескерпе

1

2

3

4

Барлық кіші қызмет түрлері үшін

1

Заңды тұлғаның мәртебесі

Заңды тұлғаны тіркеу туралы куәліктің көшірмесі

«Е-лицензиялау» МДҚ-ны пайдалана отырып тексеріледі

2

Санитариялық- эпидемиологиялық талаптарға сай келетін, жұмыс істейтін персоналды орналастыруға арналған қызметтік үй-жайлар

Санитариялық эпидемиологиялық қадағалау органдарының қорытындысы

«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 42-бабында белгіленген тәртіппен лицензиар-орган алады

3

Өздерінің қызметтік міндеттеріне байланысты есірткі құралдарымен, психотроптық заттармен және прекурсорлармен жұмыс істеуге рұқсат ресімдеген қызметкерлер

Өтініш беруші белгіленген нысанда жасаған қызметкерлерінің тізімі, онда мыналар көрсетіледі:
1) ішкі істер органдарының қызметкерлерді тексергені туралы белгісі;
2) наркологиялық және жүйке аурулары диспансерлерініңқызметкерлер арасында нашақорлық, уытқұмарлық, созылмалы маскүнемдік ауруларымен ауыратындардың жоқ екені туралы белгісі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 қарашадағы № 1693 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында есiрткi құралдары психотроптық заттар және прекурсорлар айналымын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру ережесінің № 3 нысаны 

4

Есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды сақтауға арналған үй-жайлардың күзетілуі

Жеке күзет ұйымдарының есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды сақтауға арналған үй-жайларды күзету шарты


Есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды әзірлеу, өндіру, қайта өңдеу, тасымалдау, жөнелту, сатып алу, сақтау, бөлу, сату, пайдалану, жою үшін

5

Техникалық нығайту талаптарына сәйкес келетін есірткі құралдары мен психотроптық заттарды сақтауға арналған арнайы жабдықталған үй-жайлар


Техникалық нығайту талаптарына сәйкестік облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдарының келісім хатымен расталады

6

Есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды әзірлеу, өндіру, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, бөлу, сату, пайдалану, тасымалдау, жөнелту, жою үшін өндірістік қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына жауап беретін тиісті өндірістік-техникалық база

Прекурсорлардың айналымына байланысты қызметті жүзеге асыру кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның қорытындысы

«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 42-бабында сәйкес тәртіппен лицензиар-орган алады

Құрамында есірткі құралдары мен психотроптық заттар бар өсімдіктер мен шөптерді өсіру, жинау, дайындау үшін

7

Құрамында есірткі құралдары мен психотроптық заттар бар өсімдіктер мен шөптерді өсіру, жинау, дайындауға арналған тиісті өндірістік-техникалық база

Бекітілген техникалық нығайту талаптарына сәйкестігі

Техникалық нығайту талаптарына сәйкестігі заңды тұлғаның қызметті жүзеге асыратын орны бойынша аумақтық бөлімшелерінің келісім-хатымен расталады

Денсаулық сақтау жүйесінде есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды өндіру, тасымалдау, сатып алу, сақтау, бөлу, сату, пайдалану, жою үшін

8

Есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды өндіру, тасымалдау, сатып алу, сақтау, бөлу, сату, пайдалану, жоюға байланысты денсаулық сақтау жүйесіндегі қызметті жүзеге асыру кезінде

1, 2, 3, 4, 5, 6-тармақтар бойынша құжаттар ұсынылады


Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 25 қазандағы
№ 1362 қаулысына
1-қосымша     

Өтініш берушінің Қазақстан Республикасы заңнамасының
талаптарына сәйкестігі бөлігінде есірткі құралдарының,
психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына
байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия берілуіне
келісім беруші мемлекеттік органдар

      Ескерту. 1-қосымша алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2014.12.09 № 1288 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 25 қазандағы
№ 1362 қаулысына
2-қосымша     

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір
шешімдерінің тізбесі

      1. «Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 тамыздағы № 735 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 32, 348-құжат).
      2. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 қазандағы № 1541 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 6-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 41, 403-құжат).
      3. «Есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың айналымына байланысты қызметті лицензиялау ережесін және қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 тамыздағы № 735 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 қарашадағы № 1362 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 3, 61-құжат).


Дата вступления в силу:  25.10.2012
Дата изменения акта:  18.06.2015
Дата принятия акта:  25.10.2012
Информация об официальном опубликовании акта:  "Егемен Қазақстан" 2012.12.12., № 818-823 (27894); "Казахстанская правда" от 12.12.2012 г., № 431-432 (27250-27251); Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 75-76, 1115-құжат
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  103000000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  68252
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  1362
Статус акта:  yts
Сфера правоотношений:  031015000000 / 005004002000
Форма акта:  ПОСТ
Юридическая сила:  1000
Язык акта:  kaz