«2012 – 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1428 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қарашадағы № 1357 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «2012 – 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1428 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
      «Нысаналы даму трансферттері» деген III-бөлімде:
      «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық» деген 7 функционалдық тобында:
      «Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі» деген 619 әкімшісі бойынша:
      «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне коммуналдық шаруашылықты дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттері» деген 012 бағдарламада:
      «Ақмола облысы» деген жолдағы «832490» деген сандар «742608» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Алматы облысы» деген жолдағы «1161499» деген сандар «1346928» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Атырау облысы» деген жолдағы «447762» деген сандар «352215» деген сандармен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               С. Ахметов