"Конкурстан тыс рәсімдерді 2012 – 2014 жылдарға бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 318 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 қазандағы № 1259 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Конкурстан тыс рәсімдерді 2012 2014 жылдарға бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 318 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға қосымша:
      мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын:
      «10. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі:
      мәдениет саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер.».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           С. Ахметов