Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 14 қыркүйектегі № 1200 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы әдiлет органдары қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерiнiң қызметкерлерiне арналған жүктеме нормативтерiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 қазандағы № 1053 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов