31.08.2012

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Ұлттық аккредиттеу орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы

      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 130-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Ұлттық аккредиттеу орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны қайта құру жолымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – кәсіпорын) болып қайта ұйымдастырылсын.

      2. Мыналар:

      1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Кәсіпорынға қатысты тиісті саланың уәкілетті органы;

      2) кәсіпорын қызметінің негізгі мәні - жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін.

      3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорынның жарғысын бекітуге ұсынуды;

      2) кәсіпорынның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 31 тамыздағы
№ 1110 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.08.2022 № 581 қаулысымен.

      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.

      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.09.2013 № 983 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      5. "Мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 336 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 28, 350-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау" мемлекеттік қызмет стандартында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мемлекеттік қызметті Астана қ., Жеңіс д., 16\1, (4-қабат, сол қанат) мекенжайы бойынша орналасқан Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы (бұдан әрі – орталық) көрсетеді. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (бұдан әрі – комитет) уәкілетті орган болып табылады. Комитеттің мекенжайы: Астана қаласы, сол жақ жағалау, Орынбор көшесі, 8-үй, Министрліктер үйі, 11-ші кіреберіс.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі туралы толық ақпарат комитеттің ресми сайтында (www.educontrol.kz.) және орталықтың сайтында (www.nac.edu.kz) орналасқан, телефондар: 8 (7172) 74-24-29, 74-23-49, 73-17-43, 73-17-44, 73-17-50.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Мемлекеттік қызмет ақылы түрде көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетілгені үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен бағалар прейскурантына сәйкес ақы алынады, онда жүргізілетін рәсімнің — білім туралы құжаттарды бірден танудан бастап, штаттан тыс сарапшыларды тарта отырып, құжаттардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкестігін сараптауды қамтитын нострификациялау (баламалылық) рәсіміне дейін - күрделілік деңгейі көрсетілген. Ақы төлеу - қолма-қол ақшасыз жүргізіледі.

      Банктік деректемелер:

      ҚР БҒМ "БПжАҰО" РМК

      СТН 620200256368

      БСН 050640004360

      ЖСК KZ117998ВТВ0000002884

      "Цеснабанк" АҚ астаналық филиалы

      BCK TSES KZ KA

      Кбе 16

      Түбіртек нысаны ақы төлеу жүргізілетін банктің қалауы бойынша белгіленеді. Жеделдетіп қызмет көрсету көзделмеген.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Қажетті құжаттардың тізбесі, құжаттар мен өтініштердің үлгілері, жұмыс уақытының кестесі бар ақпараттық стенд бар. Физикалық мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін ғимаратта орталықтың кеңсесіне апаратын лифт пен пандус көзделген.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Белгіленген нысан бойынша толтырылған өтініштің бланкісі 11-тармақта көрсетілген құжаттар тізбесінің барлығымен бірге мына мекенжайда орналасқан орталыққа тапсырылады: Астана қ., Жеңіс д., 16\1, (4-қабат, сол жақ қанат).";

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Қабылданған шағым комитеттің кеңсесінде тіркеледі және заңнамада белгіленген мерзімде қаралады.

      Комитет төрағасының және орталық басшысының байланыс телефондары осы стандарттың 3-қосымшасына сәйкес ресми ақпарат көздерінде және орталық ғимаратындағы арнайы стенділерде көрсетіледі. Шағымды қараудың барысы мен нәтижесі туралы ақпаратты әкімшілік және талдамалық жұмыс басқармасының бастығы мен бас сарапшысынан, сондай-ақ орталықтың басқарма бастығынан білуге болады.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау" мемлекеттік қызмет стандартына 3-қосымшада:

      білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау жөніндегі басшының және жауапты орындаушылардың байланыс деректерінде:

      реттік нөмірі 4 және 5-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

4

Қазақстан Республикасы Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығының директоры

Астана қ. Жеңіс даңғылы, 16\1 (4-қабат, сол жақ қанат)

(8-7172) 73-17-40

5

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығының басқарма бастығы

Астана қ. Жеңіс даңғылы, 16\1 (4-қабат, сол жақ қанат)

(8-7172) 73-17-44


      ".


Дата вступления в силу:  31.08.2012
Дата изменения акта:  19.08.2022
Дата принятия акта:  31.08.2012
Информация об официальном опубликовании акта:  "Егемен Қазақстан" 2012.10.03., № 642-647 (27719); "Казахстанская правда" от 03.10.2012 г., № 336-337 (27155-27156); Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 67, 975-құжат
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  103000000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  67360
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  1110
Статус акта:  upd
Сфера правоотношений:  021001000000 / 001011000000
Форма акта:  ПОСТ
Юридическая сила:  1000
Язык акта:  kaz