"Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар арасында еттің жекелеген түрлерін әкелуге тарифтік квоталардың 2012 жылға арналған көлемін бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 наурыздағы № 336 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу ту

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 тамыздағы № 1085 Қаулысы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.04.2015 № 213 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Еттiң жекелеген түрлерiн әкелуге арналған тарифтiк квоталар көлемiн бөлудiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 24 наурыздағы № 269 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 27, 320-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасына оларға қатысты тарифтiк квоталар енгiзiлген еттiң кейбiр түрлерiн әкелуге арналған тарифтiк квоталар көлемдерiн сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар арасында бөлу қағидасында:
      3-тармақта:
      6) тармақшадағы «түрі.» деген сөз «түрі;» деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
      «7) әкелу көлемi – ТМД-ға қатысушы мемлекеттерде шығарылған және одан әкелінетін тауарларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағына ішкі тұтыну үшін кедендік рәсімге орналастырылатын тауарлардың заттай мәндегі әкелінген саны.».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов