30.07.2012

"Автокөлік құралдарының қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 9 шiлдедегi № 675 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 30.01.2017 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Автокөлік құралдарының қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 9 шiлдедегi № 675 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 32, 334-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Автокөлік құралдарының қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар" техникалық регламентінде:

      9-тармақтың 3) тармақшасының он екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "экологиялық класс;";

      12-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Пайдалану мерзiмi 3 жылдан аз, Доңғалақты көлік құралдарына, доңғалақты көлік құралдарында орнатылуы және/немесе пайдаланылуы мүмкін жабдықтау заттары мен бөлшектерге арналған бірыңғай техникалық нұсқамаларды қабылдау туралы және осы нұсқамалардың негізінде берілетін ресми бекітулерді өзара мойындау шарттары туралы келісім (1958 жылғы Женева келiсiмi) шеңберiнде берiлген, үлгiнi мақұлдауды растайтын құжаты бар автокөлiк құралдары "Сәйкестiктi растау рәсiмдерi" техникалық регламентiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 4 ақпандағы № 90 қаулысымен белгiленген 9-схема бойынша сәйкестiктi растаудан өтедi.

      Пайдалану мерзiмi 3 жылдан аз, үлгiнi мақұлдау туралы құжаты жоқ, сондай-ақ пайдалану мерзімі 3 жылдан артық автокөлiк құралдары Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1372 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлiк құралдарының зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларына қойылатын талаптар туралы техникалық регламентке 4-қосымшаны (бұдан әрі – Техникалық регламентке 4-қосымша) ескере отырып, сәйкестiктi растауға рұқсат етiледi және "Пайдалану қауiпсiздiгiнiң көрсеткiштерi бойынша сынақтар өткiзiле отырып, "Сәйкестiктi растау рәсiмдерi" техникалық регламентiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 4 ақпандағы № 90 қаулысымен белгiленген 7-схема бойынша сәйкестiктi растаудан өтедi.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов



Дата вступления в силу:  30.07.2012
Дата изменения акта:  30.01.2017
Дата принятия акта:  30.07.2012
Информация об официальном опубликовании акта:  "Егемен Қазақстан" 2012.08.09. № 483-488 (27561); "Казахстанская правда" 09.08.2012 г., № 258-259 (27077-27078); Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 64, 902-құжат
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  103000000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  66828
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  1001
Статус акта:  yts
Сфера правоотношений:  009009000000 / 001008000000
Форма акта:  ИЗМ / ПОСТ
Юридическая сила:  1000
Язык акта:  kaz