"Қазақстан Республикасының Зияткерлік меншікті құқықтық күзету мен қорғау мәселелері жөніндегі мемлекетаралық кеңестегі өкілін және Қазақстан Республикасының Еуразия патенттік ұйымының Әкімшілік кеңесіндегі өкілетті өкілдерін тағайындау туралы" Қазақстан

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 шілдедегі № 988 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 ақпандағы № 48 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2015 № 1193 қаулысымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Қаулы 2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 51, 648-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға 24-қосымшада:
      «Республикалық мемлекеттік мекемелер» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 18-жолмен толықтырылсын:
      «18. Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы» мемлекеттік мекемесі.».
      2. Осы қаулы 2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов